400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бояулар ойыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ



Пән: Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: «Бояулар» ойыны

Сабақтың мақсаты

1.Бояулар ойыны арқылы өз беттерімен ұйымдасып қимыл-қозғалыс жасауға үйрету.

2.Шапшандылықпен икемділіктерін арттыру

3.Оқушылардың спорттық ойындарға қызықтыра,ой-қабілеттерін дамыту.

Өткізілетін орны: спорт зал

Керекті құралдар:Сқырық,секундамер,ағаштан істелінген бір ойыншық ат.

Бөлімдер

Сабақ барысы

Уақыты

Әдістемелік

нұсқаулар

Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, кезекші мәлімет беру, түгелдеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру, сабаққа зейін аудару.

Жүру, жүгіру жаттығулары.

1. Баяу жүру.

2. Аяқ ұшымен жүру.

3. Өкшемен жүру.

4. Жеңіл жүгіріс.

5. Оң жақ,сол жақ бүйірімен жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулар.

-Қол белде аяқ иықпен тең

-Қол белде аяқ орнында

-қол алда

-қол алда аяқты бүкпейміз

-аяқты тік ұстап, қолды жоғары көтер.




10 мин











5 мин

Оқушылардың арнайы киімдеріне, тазалығына,сабаққа даярлығына назар аудару.

Ара қашықтықты сақтауын қадағалау.

Жаттығуларды бір қалыпты орындауларын қадағалау.





Негізгі бөлім

Негізгі бөлім

«Бояулар» ойының ойнау .Оқушылар өз араларынан санамақ арқылы бір ойын бастаушы (сатушы),бір(суретші) сайлайды.Қалғандары бытырап жүріп,әрқайсысы ешкімге естіртпей бір бояудың түсін таңдайды.Содан кейін сатушыға келіп,құлағына оны сыбырлап айтады.Әр ойыншы өзі таңдаған бояу тусін айтып болған соң,сатушы оларды жарты шеңбер жасап сапқа тұрғызады да,суретшіге «Біз дайынбыз!»-дейді.

Суретші атқа немесе ұшаққа мініп келіп, сатушыға былай дейді:Өзінің атын айтып,мен атақты суретшімін дейді.Ат арытып Астанадан келіп едім.Маған жасыл немесі басқа түсті бояуынды сатшы!-дейді.

Оған сатушы:«Қош келдіңіз»Менде жасыл бояу бар,оның құны 15теңге дейдіде,алақанын созады.Суретші оның алақанын өз алақанымен 15 рет соғады.

Сол кезде «жасыл бояу» саптан жүгіріп шығып,алдын ала белгіленген сызыққа қарай жүгіре жөнеледі.Егер ұстап алса өзімен бірге алып кетеді.Ал егер сызылған сызыққа дейін ұстап алалмаса бояу өз орнына келіп тұрады.Осылай ойын жалғаса береді.

Эстафета ойыны





20 мин



Қауіпсіздік ережесін бақылау.

Ойнағанда ойын ережесін сақтауын қадағалау.











Ережеге сай ойнау.

Қорытынды бөлім

1. Сапқа тұрғызу.

2. Организмді қалпына келтіретін

жаттығулар жасау.

3. Сабақты бағалау.

4. Үйге тапсырма беру.

5. Сабақты қорытындылау.

6. Қоштасу.

5 мин



Спорт киімдерін ұмытпау, қателіктерін көрсету.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
1040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі