Сабақтың
тақырыбы:
«Бояулар
сыр шертеді»
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға
бейнелеу өнерінің қыр – сырын ұғындырып,
саралау, оқушыларды шапшаңдыққа үйрету.
Дүниетанымын, эстетикалық талғамын
кеңейту. Топпен жұмыс жасау, сурет салу
дағдысын, логикалық ойлау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Өнерді құрметтеуге,
сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу,
топтарды ортаға шақыру.
Топқа
бөлу
Суреттер арқылы балаларды 3 топқа бөлу.
І
топ –
Натюрморт
ІІ
топ –
Портрет
ІІІ
топ –
Пейзаж
Енді
сайыстың бағдарламасымен танысып алайық
Сайыс
7 айналымнан тұрады
І.
Білімділер сайысы
(Сұрақ – жауап)
ІІ.
Өлең шумақтарына сурет салу
(Қыс, Күз, Жаз)
ІІІ.
««Кім шапшаң, кім жылдам?»»
(Сайыскерлер сурет қиындыларын құрастырып
шығады 1 минут)
ІV.
«Айырмашылығын тап»
(2 суреттегі айырмашылықты табу)
V.
Суретті аяқта
(Әр топқа сурет беріледі, аяқталмаған
суретті аяқтап, бояп көрсетулері керек,
2 минут)
VІ.
Жұмбақтардың шешуін бейнеле
(Жұмбақтарды шешіп, жауабын қағазға
бейнелейді)
VІІ.
«Адасқан әріптер» ойыны
(Сөздерден түс аттарын шығару.)
Қазақтың
әйгілі кескіндемешісі, график-суретші,
қазақ бейнелеу өнерінің негізін
салушылардың бірі Ә.Қастеев шығармашылығы
туралы видеоролик көрсету.
І.Білімділер
сайысы.
Сұрақ
– жауап
І
топтың сұрақтары:
1.Бейнелеу
өнерінің қандай түрлері бар? (живопись,
графика, мүсін, сәулет өнері және
сәндік-қолданбалы өнер.)
2.Пейзаж
деген не ? (Табиғат көрінісін бейнелеу
өнері)
3.Қандай
суретшілерді білесіңдер? Ә.Кастеев,
Ақжан Абдалиева,Максим Ведерников,Лиза
Рэй т.б
4.Кескіндеме
деген не?(Кескіндеме
, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу
өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың
бетіне бояу арқылы салынатын көркем
шығарма)
5.Палитра
деген не, неше мағынасы бар?
(тік
бұрышты немесе
доға пішіндегі, суретшінің сол қолының
бас бармағына киетін тесігі бар жұқа
тақташа. Ағаштан, фарфордан, темірден
жасалады.)
ІІ
топтың сұрақтары :
1.Бейнелеу
өнерінің жанрларын ата?
2.Натюрморт
деген не? (қозғалмайтын, жансыз заттарды
бейнелеу)
3.Қандай
суретшілерді білесіңдер? ? Ә.Кастеев,
Ақжан Абдалиева,Максим Ведерников,Лиза
Рэй т.б
4.Графика
деген не, түрлерін ата?
(Графика - бейнелеу өнерінің бір түрі
(сурет салу, жазу мен сызу)
5.Суда
еритін,мөлдір бояуларды ата?
(Акварель,гуашь)
ІІІ
топтың сұрақтары:
1.Жылы
түстерді ата( қызыл,қызғылт,сары)
2.Негізгі
түстерді ата( қызыл,сары,көк)
3.Адамның
бет-бейнесін,мінез-құлқын,кейде көңіл
күйінінің көрінісін бейнелеу( портрет)
4.Суретшінің
өзін бейнелеген туындысы қалай
аталады?(автопортрет)
5.Қазақстандық
қандай суретшілерді білесің?
ІІ.
Өлең шумақтарына сурет салу.
(Қыс, Күз, Жаз)
І
топқа: Сұр
бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз
болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін
тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,
бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп,
бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар
күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы
шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан
айрылған ағаш, қурай.
ІІ
топқа:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай
сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса,
ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау
мен тасты арқыраған.
Көңілің суын
ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді
қашырады.
Өксіген оттай жанып
жануарлар
Өзеннен рақат тауып
басылады.
ІІІ
топқа:
Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр
мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы
ақ қырау түсі суық,
Басқан жері
сықырлап келіп қалды.
Дем
алысы - үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң
- қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін
киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып
ажарланды.
ІІІ.
«Кім шапшаң, кім жылдам?»
(Сайыскерлер
сурет қиындыларын құрастырып, қандай
түстер қолданылғанын айтып шығады)
І
топқа
натюрморт
ІІ
топқа
пейзаж
ІІІ
топқа
портрет
ІV.
«Айырмашылығын тап» ойыны. Бұл
кезеңде берілген 2 суреттің айырмашылықтарын
табу керек.
І
топқа
ІІ
топқа
ІІІ
топқа
V.Суретті
аяқта.
Әр топқа 1 суреттен беріледі, аяқталмаған
суретті аяқтап, бояп көрсетулері керек.
І
топқа
ІІ
топқа
ІІІ
топқа
VІ.
Жұмбақтардың шешуін бейнеле
(Жұмбақтарды шешіп, жауабын қағазға
бейнелейді)
І
топқа:
1.
Қыста шешінеді,
Жазда
киінеді. (Ағаш)
2.Әр
желінің асты толған көк қоян,
Жаз
болғанда көк қоянды жеп қоям. (Қияр)
ІІ
топқа
1.
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп
қорқып тұрады. (Қоян)
2.
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды
бір тағат. Бұл
не сонда?… (сағат)
ІІІ
топқа:
1.
Сырты
жасыл қатты
Іші
қызыл тәтті. (қарбыз)
2.Ұшады
қанатсыз,
Зырлайды
аяқсыз. (Зымыран)
VІІ.
«Адасқан әріптер» ойыны
(Сөздерден түс аттарын шығару.)
І
топқа: АРЫС, ЗЫЛҚЫ, ҒЫРСАШ, ҚАППА,
ҚЫРОҢ.
ІІ
топқа: ЛЫЖАС, ҰРС, ТЫҒЫЛҚЗ, ГІЛКҮН,
ПЕККӨБЕҢК.
ІІІ
топқа: КӨЛКІШ, ШЫЛҚА, ДІРГІЛКӨ, ҰРС,
ТЫҒЫЛҚЗ.
Қорытынды
Сөзді
әділқазылар алқасы алып, жеңімпаздарды
құттықтайды.
Алматы
қаласы.Әуезов ауданы. № 119 мектеп-лицей
Сайыс сабақ .
4-сыныптар
арасында
Көркем
еңбек пәнінен өткен ашық сабақ Қанатбаева
Бибигул Кайржановна