жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Б.Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі: А.К.Жилкайдарова
Мектеп: «Ақтанберді атындағы орта мектеп – бақша» КММ
Мерзiмі: 31.01.2018ж
Мұғалiм: Жуматаева Анар Аманжоловна
Сынып: 7 «А» Оқушылар саны: 11
Тақырып: «Отбасылық құндылықтар»
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:қайырымдылық,жанашырлық
|
Сабақ мақсаты: отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде ұғындыру; - қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту; - оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу; |
Ресурстар:(оқулық, Мұғалімге арналған әдістемелік құрал\ Ж.Ж.Әкімбаева, Е.Б.Бақаш, С.С.Нүркеенова, Р.М.Мұратханова Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО- 2017ж |
|
Сабақ барысы:
Тәртіп болса, талап болады, онда өзіңде тыныштық болады, тыныштық болса тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз.... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Немат Келімбетов «Ұлыма хат» әңгімесін оқып, мазмұндау, сұраққа жауап беру. Немат Келімбетов (1937-2010) – турколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Әңгіме бойынша сұрақтар:
|
|
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарыңа, туған-туысқандарыңа деген сүйіспеншілікпен байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев 1.Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? 2.Дәйексөзді дәптерге жазу |
|
|
Мұғалім сыйы Бақытты отбасы туралы өсиет әңгіме. Бір шағын қалада көрші екі отбасы өмір сүреді. Бір отбасында үнемі ұрыс болады, ал екінші отбасында барлығы тату-тәтті өмір сүреді. Мазасыз әйел көрші үйдің бақытына қызғана қарайды. Өзінің күйеуіне былай дейді: -Барып көрші үйді бақылап кел, неге оларда үнемі барлығы жақсы болады екен. Күйеуі көрші үйге келіп,кіреді және бір жерге жасырынып қалады,сонан соң бақылап отырады. Ал үйдің әйелі бір көңілді әнді айтып жүреді де, үйді тазалайды. Осы сәтте бір қымбат құмыраны сүртіп түрған. Кенеттен біреу телефон соғады, әйел құмыраны үстелдің шетіне қойып кетеді. Оның күйеуі бөлмегі кіріп бір затты іздейді, сол кезде жаңағы құмыраға сүйкеніп, абайсызда құлатып жібереді. Құмыра құлап, сынады. Көрші: «Міне қазір ұрыс басталады» -деп ойлайды. Әйелі оны көріп, күйеуіне былай дайді: -Кешір қымбаттым. Мен кінәлімін. Мен оны үстелдің үстіне дұрыс қоймадым. -Не дегенің, жаным? Мен өзім кінәлімін.Асығып, байқамай қалдым. Жарайды.Еш нәрсе болған жоқ,бұл болмашы нәрсе. ... Көршінің жүрегі ауырып кетеді. Үйіне ашуланып келеді. Әйелі оған: -Не болды сонша жоғалып,көрдің бе? -Иә! -Қалай екен? Бақытың сыры неде? Олар бізден несімен ерекшеленеді? -Олардың отбасында барлығы кінәлі. Ал біздің отбасында әр кезде барлығымыз «менікі дұрыс» деп шығамыз?
|
Отбасылық өмір әліппесі Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал Алматы 2014 «Бөбек» ҰҒПББСО |
|
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. 1топ. Ұлы педагог Василий Сухомлинскийдің кеңестерімен таныса отырып, «Отбасы жылуына менің үлесім» тақырыбында өз ата- ана алдындағы парыздары туралы эссе жазу 2топ. Суретті аяқтау және қорғау 3топ. Сахналық қойылым «Сүйіспеншілік» |
|
Жанұям Сөзі және әні : А Мұхаметқаливтікі Ой ойлатқан талай -талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, ол да біздің парыз. Өз үйіміз бір отан бір береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұямен бірге. Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім, Шарашап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт- береке сірә, Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. |
|
Марат Қананбайдың «Қала мен қыз бала» повесінен «Айгүлдің әңгімесі» атты үзіндісін оқып, мазмұндау және сұраққа жауап беру. |
|
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңе үлкен рахмет! Кері байланыс жасау. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген