400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазушының өөмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

134 лицей











Shape2

Сыныптан тыс іс-шара







Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың туғанына

100 жыл












Пән мұғалімі: Мухамеджанов Д.О.








2024-2025 оқу жылы

Алматы қаласы

Алмалы ауданы

Күні:26.09.2023ж

Сыныбы: 10 «Ж»

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыра түсу.

Дамытушылық. Әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды халқын, ақынды, тілді құрметтеуге, рухани құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ (бекіту сабағы)
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ойландыру, сұрақ - жауап, өздік, топтық жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география, информатика пәні
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, презентация, видео т.б.

Сабақтың барысы


І. Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.

1 –топ «Балалық шаққа саяхат» 2-топ «Қайдасың, Гауһар» 3-топ «Менің атым-Қожа»
Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда өзгеше өтпек. (Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады)

Ендеше, балалар назарымызды мына бір бейнероликке аударайық. (Бердібек Соқпақбаев туралы)

ІІ. Негізгі бөлім.

Бердібек Соқпақбаев (1924-1991)

1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. 
Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Ендеше балалар, сендерге тапсырма: 1-топ Б.Соқпақбаев кім? Отбасы туралы 2-топ білімі мен қызметі 3-топ шығармашылығы мен марапаттары туралы презентация жасайсыңдар. Жасалған жұмыстарыңызды қорғайсыздар. Сіздерге 5 минут беріледі. Іске сәт!

Жарайсыңдар балалар! Енді «Менің атым Қожа» фильмінен қысқаша қойылымды тамашалаңыздар.

Балалар келесі тапсырмамыз «Мынау кім?» деп аталады. Сендерге сұрақтар қойылады. Сол сұраққа жауап беру арқылы кім екенін табамыз.

  1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш кім? (Жантас)

  2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз деген кім? (Қожа)

  3. Біз екеуміз таныс шығармыз деген кім? (С.Майқанова)

  4. Мен тамаша жер таптым. Балығы деген мынандай деп айтқан кім? (Сұлтан)

  5. Қожа соншалықты бұзақы емес, тыныш жүрейін десе де кейде байқамай қалады деген кім? (Жанар)

  6. Тыныш, тыныш, тынышталыңдар! Ооой шулайсыңдар ғой сендерде деген кім? (зоология пәні мұғалімі Оспанов)

«Теріп алу» стратегиясы тақтамен (дәптермен) жұмыс.

Алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымзиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне білетін, жағымсыз.

Қосымша тапсырма (Тақтамен жұмыс)


Қожаның жағымды жақтары


Қожаның жағымсыз жақтары

Өз ісіне есеп бере алады

Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талпынады

Өз-өзін тәрбиелейді

Үлкенді сыйлайды

Тәртіпсіз

Аңқау

Өтірікші

Сотқар


ІІІ. Қорытынды бөлім

Ән: «Асау өмір арнасында» балалар хормен орындайды

Оқушылар міне сабағымызда өз мәресіне жетті. Сонымен, Бердібек Соқпақбаев туралы толық ақпарат білдіңдер.

Үй тапсырмасы: Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмімен Еркін Рақышевтің «Менің де атым Қожа» фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.04.2025
175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі