400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бүгін бізде Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесінің бағдарламасы. кіші топ балаларына өте қызықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Балдырған» бөбекжай- бақшасы











«Бүгін бізде Жаңа жыл!»





Тәрбиеші: С.Курманова











Сарқан қаласы 2019 жыл



Бекітемін:_____________________________

бөбекжай-бақша меңгерушісі:Г.Иргебекова



Тақырыбы: «Бүгін бізде Жаңа жыл!»


Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; бірлескен көңілді ойындар ойнату барысында достық қарым - қатынас ояту. Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін нығайту. Ән айту, би билеу арқылы көңілдерін көтеру. Сыйлықтар беру арқылы балалардың мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру.


Өтілетін орны: Музыка залы


Өтілетін күні, уақыты: 23.12.2019 жыл, сағат 10.30


Орындалатын ән: «Шырша жыры» , «Біздің шырша»


Орындалатын билер: «Ұлпақарлар», «Қонжықтар»


Кейіпкерлер: Аю, Аязата, Ақшақар, Ұлпақар.























Музыка залы тақырыпқа сай безендірілген. Ортада әдемі шырша тұрады.

Әуенмен ортаға балалар кіреді.


Ұлпақар: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар!

Балалар, бүгін бізде қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Ұлпақар: Дұрыс айтасыңдар, ал Жаңа жыл мерекесін тойлатуға орманға барғыларың келе ме?

Балалар: Иә

Ұлпақар: Балалар, орманға бару үшін не істеуіміз керек? Өйткені орманда суық. Біз баскиіміміз бен қолғабымызды киіп алып орманға жолға шығайық.


«Жолға шығу» ырғақты қимыл-қозғалысы.


Аю: Неғылған айғай шу, маған ұйқы бермедіңдер ғой.

Ұлпақар: Аю, біз мерекені орманда тойлатуға келдік. Бүгін жаңа жыл ғой.

Аю: Мен ұйықтайын деп жаңа жыл мерекесі туралы ұмытып кетіппін ғой. Мені оятқандарың дұрыс болды. Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайын.

Ұлпақар: Балалар, қараңдаршы ортада не тұр?

Балалар: Шырша

Аю: Шыршамыз сондай әдемі бірақ көңілсіз екен. Өйткені шыршаның шамдары жанбай тұр. Бұл шырша шамдарын Аяз атаның сиқырлы таяғы бар сол таяғымен сиқярлы сөз айтып шамдарды жағады. Ол үшін біз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Бәрі бірге: Аяз ата, Ақшақар, ауууу. – 3 рет.

Музыкамен Аяз ата, Ақшақар кіреді.


Аяз ата: Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқа.

Аталарың сендердің

Шаршап келді алыстан.

Бәріне сәлем, достарым!

Аю: Аяз ата, сіздің таяғыңыз сиқырлы екен ғой. Бүгінгі мерекеде бізге көмектесіңізші. Шыршамыздың шамын жағыңызшы.

Аяз ата: Жақсы, балалар, көмектесейін.

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!


Шырша шамы жанады.

Аю: Керемет балалар, шыршамыздың құрметіне ән орындап берейік.


Ән: «Шырша жыры»


Ұлпақар: Аю, біздің күшкентай қонжықтарымыз мерекеге өз билерін билеп бергілері келіп тұр. Сіз де қонжықтармен қосылып билейсіз бе?

Аю: Жарайды, билейін.


Би: «Қонжықтар»


Аю: Балалар, сендер Аяз ата мен Ақшақармен бірге ойын ойнағыларың келеді ме?


(Боран дауысы, қар сықырлаған дауысы )

Аю: Балалар, боран қалай қатты соққан, қарларды шашып тастапты енді біз осы қарларды жинайық.


Ойын: «Қар жинау»


Аю: Балалар, қараңдаршы, мына кішкентай шырша тоңып тұр. Біз жаңағы жинаған қарларымызбен шыршаны орап қояйық.

Қармен шыршаны орап қою.

Ұлпақар: Балалар, шырша бізге рахмет айтып жатыр.

Аю: Бізге қонаққа кішкентай ұлпақарлар келіпті ғой. Солардың биін тамашалайық.


Би: «Ұлпақарлар биі»


Аю: Құрметті қонақтар, Аяз ата, Ақшақар сіздер ертегіні жақсы көресіздер ме?

Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар.


Сахналау: «Үйшік» ертегісі


Аяз ата: Балалар, мен сендерге сыйлықтар алып келгенмін. Бірақ сыйлықтарым да қолғабым да қайда қалғанын ұмытып қалыппын.

Аю: Балалар, Аяз атаған сыйлықтары мен қолғабын табуға көмектесеміз бе?

(іздерге қарап) мына жаққа қараңдаршы, неғылған іздер? Осы іздермен жүріп сыйлықтарды тауып алайық.


Ойын: «Сыйлық іздеу»


Бәрі: Алақай, қараңдаршы, міне сыйлықтар, мынау Аяз атаның қолғабы.


Аю: Балалар, Аяз атамыз алыстан шаршап келді. Ол отырып демалсын. Ал біз оларға арнап тақпақтарымызды айтып берейік.



Тақпақтар:


Айша: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Алинур Д: Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді.

Ару: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Имран: Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне, Жаңа жыл

Тартуларын арқалап.

Алтынай: Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

Даулет: Аяз ата аппақ

Кәмпиттері тәтті-ақ

Маған кәмпит көп берсең

Тағы айтамын тақпақ.

Айлин: Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде

Билейміз, ән саламыз.

Алихан: Қандай әсем шартарап

Шаттық күйге бөлеп тұр

Кәмпиттерін арқалап

Аяз ата келіп тұр.

А.Алинур: Жаңа жылда жол болсын!

Әрбір үйде той болсын!

Раяна: Келіңдер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер!

Олжас: Берекелі жыл болсын

Ақ дастархан мол болсын!

Аңсар: Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз.

Дияр: Жаңа жыл келгенде

Шырқап ән айтамыз.

Омар: Жаңа жыл мереке,

Жаңа жыл береке.

Слава: Дедушка Мороз!

Нам подарки он принес.

Ермухан: Төрле, төрле, Жаңа жыл!

Бізге құтты жыл болсын!

Димаш: Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр.

Санжар: Шыршамыз да керемет

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.


Аяз ата: Жарайсыңдар, өте өнерлі екенсіңдер!


Аю: Енді бәріміз ортадағы шыршаны айналып ән салайық.


Хор: «Біздің шырша»


Сыйлықтар табыстау.


Аяз ата: Енді біз қайтайық. Сау болыңдар. Келесі жаңа жылға аман-есен жетейік.


Аю: Құрметті қонақтар! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.

Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!

Келесі Жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық!


Бәріміз бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі