М.Құсайынов атындағы
Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп
интернат
Тақырыбы:
«Бүгін бізде
мереке!» (туған күн
кеші)
Орындаған: Нуралина
С.С
2018-2019 оқу
жылы
«Бүгін бізде
мереке!» (туған күн
кеші)
1-жүргізуші: Құрметті достар! Адам өміріндегі аяулы
сәттерінің бірі дүние есігін қағып, жарық өмірге келген күннен
басталады. Міне, бүгін жасына жас қосылып,туған күн тойлағалы
отырған достарымызға арналған
«Бүгін бізде
мереке!» атты сазды кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Жаз, күз айларында тойланатын 30
баланың туған күндерін атап өткелі отырмыз. Осы мерекеге
байланысты 30 баланың Олар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші: Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы
жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт
тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін
байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды
— оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің
өміріне жиі өзгеріс енгізеді — олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп,
біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді
жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар
болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі
деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына
көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт
тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай
берсін!
1-жүргізуші:
Мектебімізде дәстүрге айналған туған күн кеші
жалғасын таппақшы. Бұл туған күнде маусым, шілде, тамыз, қыркүйек,
қазан айларында дүниеге келген оқушылардың туған күндері
тойланбақ.
2-жүргізуші:
Мың бұралған бишілер шалқып
тасып,
Келді міне ортаға, шалқып
басып,
Өнерліні сыйлаған халқым
менің
Қошеметпен қол соғайық, шашу
шашып.
8 класс оқушыларының биі
флешмоб.
1-жүргізуші: Туған күн иелерімен ойын ойнайық. "Кім
жылдам?" ( оқушылар шарды жарып, ішіндегі қағазда
жасырылған сұрақтарға жауап
береді)
2-жүргізуші:
Гүлдей жайнап өсе берсін
өмірлерің Судай тасып көтерілсін
көңіліңдерің, Әрқашанда ақ жол тауып
алдымнан Бақытты да ұзақ болсын
өмірлерің.- дей келе кезекті сыныптастарымыздың
өнерін тамашалаңыздар.
Клип
1-жүргізуші: Көңіл күйімізді көтеру мақсатында сіздермен
ойын ойнасақ. "Аукцион"ойыны
2-жүргізуші:
Туған күн, неткен бақытқа кенелетін күн. Ол
күнді бәріміз асыға күтеміз, қуанамыз, тойлаймыз. Егер қып — қызыл
шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді.
Сыныптастарым, сіздердің бақтарыңыз сол бір тамшы маймен-ақ жансын,
сол бағыңнан шыққан жалын сіздердің өмірлеріңізді жарық
етсін!
Би
"Go-go"
1-жүргізуші: Кезекті мың бұралған
биші қыздарымыздың «New Face», биін билеп сендердің
көңілдеріңді көтеріп, сендерге шат күлкі сыйлағылары келіп
отыр, ендеше барлығымыз қол соғып қыздарымызды қарсы
алып ортаға шақырайықшы.
2-жүргізуші:
Туған күн иелерімен ойын ойнап
көңіл-күйлерін көтеріп алайық. Ойын: «Көңілді
би»
Жылдарыңыз
жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз
көңілді
Сағаттарыңыз
сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын
-
дей келе бүгінгі кешімізді "Туған күн" әнімен
кешімізді аяқтаймыз.