Тақырыбы: «Бүгін менің
туған күнім!»
Мақсаты: Ғасырлар тоғысында
Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату арқылы
поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын
өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге
ықпал ету.
Көрнекіліктері: Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығына
арналған слайд, көрме, буклет, ақын турылы пікірлер.
Пай , пай өмір –өлені видео
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті халайық!
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым!
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан
асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали
Мақатаев шығармашылығына арналған «Бүгін менің туған күнім!!» атты
поэзия кешімізге хош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Жайлап жатыр ақырын,
Зал толы жырдың достары
Тыңдамақ абзал ақыны,
Ардақты оның ел-жұрты
Ақын ше? Ақын келмеді.
Бос күтті төрде бір орын
Күмбірлеп залды кернеді
Сөз алып сонда жыры оның
Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді. Арамызда ақын жоқ, бірақ
жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары
қалды.
Жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса
ақпан айының тоғызында 94 жасқа толар еді.
«Бүгін менің туған күнім»
Камалдинова Р
Жүргізуші: Көзі тірісінде еңбегі
бағаланбай, сый көрмей, той көрмей, туған күні тойланбастан өмірден
өкпелі озған, болашаққа осындай назын айтып, арыз жазып қалдырған,
құдіретті поэзияның тас қалаушысы атанған Мұқағали Мақатаевтың
туған күнін неге тойламасқа?!
Жүргізуші: «Мен өмірді жырлау
үшін» келгенмін деп жырлаған ақын, қамшы сабындай қысқа ғана
ғұмырында өмір жайлы не түсінді
екен?
Өмір жайлы өзі де зерттеп біле
алмай кеткен Мұқағали ағанның өмірдеректеріне көз
жіберейік.
(Таныстырылымды көрсете
отырып, Мұқағали Мақатаевтың өмірдерегімен
таныстырылады) слайд Дильхумар
Кайратовна
Жүргізуші: Бақыт дегенді қалай
түсінеміз? Иә, әркімнің бақыт жайлы ойы әр түрлі. Бақыт
дегеніміздің не екенін Мұқағали ағамыздың өлеңінен іздеп
көрейік.
«Ер дәсәп жүргиниңда»
Важитова Р.
«Қамажай » -
биі
Жүргізуші: Ол жалындап өткен 45 жыл
ғұмырында ана тілі үшін күресіп өткен ақын. Ол ана тілін туған
халқы мен Отанынан әсте кем санамай, осы өмірдегі бірегей үш
бақытының біріне санады.
«Үш бақытым» Каримова
С.
Жүргізуші: «Қазақ жері» деген
өлеңінен алынған мына үзіндіге назар
аударыңыздар
Пай, пай киелі неткен
жер!
Батырлар дүрілдеп өткен
жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен
тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен
жер.
Ақынның туған жерге деген
махаббатында шек бар ма? Ендеше ақынның «Қазақстан» өлеңін
тыңдайық
«Апырмай туған жер»
-Айсаева Ш
«Отан » -
Аймира
Жүргізуші:Ән сал,
жаным,
Әніңмен тербет
мені,
Бір сәтке тынсын тірлік
жер-көктегі.
Дала ұйқысын, дамылдап таулар
жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік
жер-көктегі-деп келесі кезекті ақын өлеңіне жазылған әнге кезек
берейік.
Ролик М. Мақатаевтын
әндерімен
Поәзия- Анварова
А
Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай
сырласқанын тыңдап көрейік.
«Фаризаға»
Төлеген
Жүргізуші: Мұқағали ақынның балалық шағы 32-нің ашаршылығы мен
37-нің нәубетіне, 41-жылға сәйкес келді. Мұқағали әкесі Сүлеймен
1941 жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небары 10 жаста еді.
Мұқағалидың алғашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген
сағыныштан туған екен.
«Әке» өлені –Сайдахмет
Ш
Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар,
Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна
келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан
соң «Ана сен бақыттысың жыламаған», «Анашым»
, «Менің
анам»
деген өлеңдер дүниеге келді»
деген екен.
«Ана сен бақыттысың
жыламаған»,-Адалят
«Анашым» өлеңі –Айкүнім-
Жүргізуші: Махаббат бүгін тағы
қарамады,
Қарамады, жанымды
жаралады.
Шәміл-ау, білесің бе шын
махаббат
Осылай қарамаудан
жаралады!
Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш
ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырып махаббатқа қалам
тартқан.
«Недеген керемет күн»-
Ерасыл
Шахриза
Жібек
Әділет
«Хан мүшкіл қалқан»-
Сунита
Ағылшын тілінде аударылған
жазушының өлеңі
«Үш бақытым»-
Амарова
Би
Жүргізуші: Неңді сенің аңсайын,
бала шағым?
Соғыс келді жүрекке жара
салды,
Шапан еттім тқсенген
алашамды,
Қамқор тұтып, қауқарсыз қара
шалды.-деп ақын өзінің бала шағын мұңайа еске алады. Балалығын
бүлдірген соғыс жайлы ақын не дейді,
тыңдайық.
«Отан»- Бишемова
Р
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен - Мұқағали Мақатаевтың
шығармашылық кешіне арналған «Бүгін менің туған күнім!» атты
кешіміз мәресіне жетті.
Әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи
жүрейік!
Ән: «Есіңе мені алғайсың»
Зумрат , Айкерим-ән айтады
«Бекітемін»:
Мектеп
директоры _____________М.Р.Жайлыбай
«Садыр
атындағы орта мектеп»КММ
Мұқағали
Мақатаевтың шығармашылық кеші:

ӘБ
жетекшісі : Бирбаева С.С.