400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бүгін міне, бастауышпен қоштасады бал бұлақ!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышпен қоштасу сценариі

Тақырыбы: «Бүгін міне, бастауышпен қоштасады бал бұлақ!»

Мақсаты: 1. Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру.

2.Білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

3. Білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілік: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, тақырыпқа сай суреттер, шарлар...

Залда А. Еңсеповтің күйі «Балалық шақ» әуені ойнап тұрады.

2 сынып оқушылары сахнаға жүгіріп шығып, жан-жаққа таң қала қарап, бұл жерде не болып жатыр деп қызықтайды.......(көрермендер- «Бастауышпен қоштасу кеші» болайын деп жатыр дейді.

Жанель: Бәсе, бәсе!

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, көрермен!

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

Айдын: Диляра, осы қуанышты біз де көріп тамашаласақ қайтеді?- жаңа мен жүгіріп келе жатып жолда Лиза апкей мен оқушыларын көріп қалдым. Жанель: Ия, көрсек көрейік. Ендеше, неге басталмай жатыр. (Музыка ойналады) Сахнадан жүргізушілір шығады

1-жүргізуші: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдері қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау боп тұр- ау бүгін маған.

Армысыздар қадірлі ұстаздар, ата-аналар ,қуанышқа бөлісе келіп отырған қонақтар. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.

2-жүргізуші: Бармысыздар бауырлар. 4 сыныптың «Бүгін міне, бастауышпен қоштасады бал бұлақ!» атты мерекелік қуанышына қош келдіңіздер!

Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы-мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып , алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Бес жыл ұстаздарына еркелеп өздерінің анасындай боп кеткен шәкірттері міне бүгін бастауыштың табалдырығынан аттап, үлкен қадамға жол ашпақшы.

1-жүргізуші: Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық,

4 «ә» сыныбын ортамызға- деп

4 сынып жетекшісі Қаратаева Лиза Дүкенбайқызы және мың бұрала майысқан қыздары мен спортшы ұлдарын қошеметтеп қарсы алайық.

2-жүргізуші: Лиза әпкей үйреткен ғой әріптерді,

Жандарын жылулықпен әліптеді.

Бар шәкіртін білімге жетелеген,

Міне, бүгін ұл-қыздары білікті енді.

1-жүргізуші: Сыныбымды сондай жақсы көремін,

Әр досыма мейіріммен көңіл бөлемін.

Дейді біздің ашық мінез Еркеайым,

Ақкөңіл, мейірімді жүрегімен



2-жүргізуші: Келгенде сабаққа ол үйінен

Әкеледі бар әзілін ұйілген

Нұртай жігіт ортамызда ашыққой

Біздің жігіт осындай бәрің танып қой

1-жүргізуші: Қолы нәзік жас емендей майысқан,

Ел сүйсінер әр ісіне қарасқан.

Білімі мен адалдығы Іңкәрдің

Нәзіктігі өз бойына жарасқан.

2-жүргізуші: Жатқылығы нұр жүзінен білінбеген

Дина қыз өз білімін шыңдай білген,

Ән айтады, би билеп майысады

Жақсылыққа екі көзі күлімдеген.

1-жүргізуші: Үміт артқан ата-ана Арманығой

Өнерден дәм татқызар балғындығы

«Жігітке жеті өнерде аз» деген бар.

Ешкімнен кем түспейді алғырлығы

2-жүргізуші: Сабаққа кіріседі шын ынта пейілменен

Баулыған бар сыныпты зейінменен

Жасай берсін Айсезім, жасай берсін.

Даласындай қазақтың пейілі кең.

1-жүргізуші: Ақ көңілді Жанеркеміз адал ниет

Достарына қамқорлық жасап жүред

Бір сыдырғы әдемі қылығымен

Әр дайым өз сыныбын мақтап жүред





2-жүргізуші: Аудандағы жарысты дүркіреткен

Мәнерімен бар халықты тәнті еткен

Еркеназ қыз патриоттық өлеңдерді

Үздік айтып І-орынды иеленген

1-жүргізуші: Сабағы ылғи үздікті

Шығарса есеп ызғыртты

Арамызда Ақбота қыз

Өзі сұлу қыз тіпті.

2-жүргізуші: Өр рух бойына тарасын деп

Қуанды ата-анасы ұрпағым деп

Есімі Айқын болсын деп ұлының

Батасын беріп атасы, қойды есімін.

1-жүргізуші: Сәлем беріп үлкендерге ізетпенен.

Әнель қыз қамқор болар жол көрсеткен.

Ойы озық, парасатты қыздың бірі,

Сыныбының бетке ұстары, үлгі еткен

2-жүргізуші: Қыз қылығы қашанда жалындаған

Инабат әр ісіне жалынды адам.

Мінезі ашық, екпінді шаршамайтын

Сыныбының міндетін арқалайтын.

1-жүргізуші: Спорт оның досындай, бірге жүрген

Достарына жағады адал іспен

Күресуден жарыстыр қай баланы

Бағжан лайық әр дайым күресуден.

( салюттер атылады, гүлдер шашылады)

2-Жүргізуші: Бүгін міне, бастауышпен қоштасады бал бұлақ,

Ән мен жырға қонақтарым сал құлақ.

Кеше сәби, міне бүгін- жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шам шырақ.

Мұғалім: Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білетін бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отырған менің шәкірттерімді, көгершіндерімді қимай шығарып салатын кезде жетті. Біздің қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге мың алғыс. Міне бұлар менің шәкірттерім болса, сіздердің балаларыңыз. Мен шәкірттеріме шексіз ризамын. Алдағы үлкен сынақтардан сүрінбей өтіп, білімдерін жоғарғы сыныптарда да жақсы оқып мектептің алды болуларына тілектеспін.

1-жүргізуші: Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Біз басшыға тілейміз бақыт, табыс, амандық

- дей келе «Бүгін міне, бастауышпен қоштасады бал бұлақ!» Атты ертеңгілігімізді мектебіміздің ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- -----------------ашып берсе деп отырмыз. Сөз кезегі өзіңізде.

2-жүргізуші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп

Міржақып ақынымыз айтқан екен.

Енді сөз кезегін 4 «ә» сыныбына береміз

Нұртай: Армысыздар бүгінгі біздің қуанышымызға келген ұстаздар , ата-аналар , қонақтар . Біз осы мектеп табалдырығын аттағалы көңілдері жаздай жайдарлы, күндері қарбаласпен өтіп жатқан аяулы ұстаздарды өзімізге үлгі етіп келеміз.

(Ұстаздарды құттықтау)

Ақбота: Олай болса сол ұстаздарымызды қошеметтеп , құрметтеп қояйық. Сабақ берген шын ынта пейілменен,

Баулыған бар ұрпақты зейінменен.

Жасай берсін ұстаздар жасай берсін,

Даласындай қазақтың пейілі кең.

Тәрбиелеп талай елдің бұзығын,

Толтырдыңыз жақсылардың тізімін.

Көп жыл бойы талай еңбек еттіңіз,

Ұстаздарым , көріңіздер сол еңбектің қызығын.

Көңілін бар шәкәрттің таба алатын,

Кеудеге намыс отын жаға алатын.

Өздеріңіздей болса шіркін барлық адам,

Жез таңдай , адал ниет, сөзі алтын.

Аман болсын ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың

Қасыма келдің сен қанша,

Қамқор болған ұстазым.

Білім сыйлап балаға еңбек еткен,

Сан санатып сөйлетіп білім білген.

Шәкірттердің естісе еркелігін,

Ұстаздардың көңілі көкке жеткен.

Анель:Құрметті біздің қуанышымызға жиналып отырған ұстаздар, ата-аналар, қонақтар сіздерге көптен көп рахмет менің Лиза апкейге деген шағын силығым мен өлең шумағымды айтуға рұқсат етіңіздер.

Ақбота: Арманым боп аңсаған.

Мәңгілік қалдым мекендеп.

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Алдарыңызда мектебіміздің ағылшын пәнінің мұғалімі Жаналиева Арайлым әпкей мен сыныптасымыз Бекмухан Еркеайымды «Мектебім» әнімен қабыл алыңыздар.

Нұртай: Еркеназдың жүрек жарды құттықтау өлең шумаған қабыл алыңыздар.

Нұртай: Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің керемет.

Биді жақсы көреміз – деп ортаға мың бұрала майысқан биші қыздарымызды «Қазақ» биімен қарсы алайық.

Ақбота: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатыбек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттық арамызда - деп сыныбымыздың ерке қызы Сейітқасым Анельді « Еркемін» әнімен ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Ойын ойнатады.

Нұртай: ла-ла –ла деп сахнада әндетеді

Ақбота : Нұртай сен не істеп жатырсын?

Нұртай: Әндетіп, жаңа сырттан қыздардың осы музыкаға билеп жатқанын байқап қалдым. Маған ұнады.

Ақбота : Онда шақырайық, баршамыз тамашалайық.

Нұртай: Сахнада биші қыздарымыздың «Ла-ла-ла» биін тамашалаңыздар.

Ақбота : Нұртай бәрі ән айтып би билеп жатыр. Біз неге ән айтпасқа.

Нұртай: Айтсақ айтайық қандай ән айтамыз.

Ақбота : Маған Төреғали мен Фариданың әні ұнайды

Нұртай: Кеттик онда Ән: «Қыдырып қайтайық»

Ақбота : Біздер өстік есейдік,

Қанаттандық қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан қып – деп Анель мен Іңкәрдің «Үнді» биімен ортаға шақырамыз.

Нұртай: Ақбота сенің арманың не?

Ақбота : Менің арманым көпқой . Оның бәрін айта берсек елдер тарап кетер.

Нұртай: Онда сыныптасымыз Арман айтсын. Арманның орындауында « Арман-ай» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар.

Нұртай: Ірге тасын қаладың білім бердің,

Саналы ұл-қыздарың бүгін сенің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін. – деп «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар. (Хор)

Ақбота : Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды

Билерімен шаттандырған - деп 4 сыныптың флешмоб биін тамашалаңыздар

Нұртай: Бастауышым, балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып білім алып

Рахметімді жаудырамын

Ақбота: Бастауышым, балқұрағам

Лаулап жансын шам шырағым

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным

Нұртай: Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым, балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Мұғалім: Балалар, бізде бүгін үлкен қуаныш. Бір сатыға бойларымыз да, ойларымыз да өсіп жаңа қадамға аттап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Білім- таусылмайтын кен. Ендеше осы білім жолында қадамдарың құтты болсын деген тілекпен ортамызда отырған үлкен кісілердің ақ батасын алайық.Құрметті ұстаздар, ата-аналар сіздерге де көп рахмет! менің балаларыма деген жылы лебіз, ақ тілектеріңізді айтып қошеметтеп қойсаңыздар. Мектебіміздің ардагер ұстазы Ұлбала әпкей сөз кезегі өзіңізде.

Енді ата-аналардан тілек болса?

























№27 Дихан орта мектебі









Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.













Сынып жетекші: Қаратаева Лиза Дүкенбайқызы





2015-2016 оқу жылы.

Кешегі сәби балаңыз

Жарады, міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Қадам басып барамыз.









Құрметті! ..................................................................

Сіз(дер)ді.............жылғы........................... болатын

«Бүгін міне, бастауышпен қоштасады бал бұлақ!»

атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге

шақырамыз!

Басталуы сағат ..................







Шақырушылар: 4 «ә» сынып оқушылары

және сынып жетекшісі

Қаратаева Лиза Дүкенбайқызы

Мекен жайымыз: №27 Дихан орта мектебі





















































Нұртай: Ірге тасын қаладың білім бердің,

Саналы ұл-қыздарың бүгін сенің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін. – деп «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар. (Хор)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі