жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бүгінгі білім -ертеңгі байлығым
Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым
Сабақтың мақсаты:Жыл бойы өтілген тақырыптарды еске түсіру,пысықтау.
Тапсырмаларды ауызша,жазбаша орындай отырып,талдап өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Балалардың ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін
арттыру,сөз қорларын молайту.Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке,мейірімділікке,шапшаңдыққа,бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: қайталау сабағы
Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар ,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Ақ ниетті көңілмен,
Ақ жүректі көңілмен
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен
II.Кіріспе
--Балалар,біз, бүгінгі қорытынды сабақта негізгі пәндер бойынша жыл бойы алған,үйренген білімдерімізді ортаға салып,ата-аналарыңа көрсететін боламыз.
Сыныпты үш топқа бөлу.Берілген тапсырмалар топ бойынша орындалады.
I топ:
«
Болашақ»тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған
білімді.
ІІ топ:
«Парасат»
тобы:
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
III топ:
«Ақсұңқар» тобы:
Ұраны:
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
ІІІ.Негізгі бөлім
Сабақты кезеңдерге бөлу:
І.«Тездет, бірақ қателеспе!» (әдебиеттік оқу)
ІІ. «Ойлы болсаң, озып көр» (математика)
ІІІ. Қызықты логикалық сұрақтар:
ІV. «Тіл бәйгесі»(қазақ тілі)
V«Не үйрендік, не білдік?»(бейнелеу)
VІ . «Тапқыр болсаң,талас жоқ»(дүниетану)
Әдебиеттік оқу
І «Тездет, бірақ қателеспе!»
« Болашақ»тобына:
1.Әліппенің атасы (А.Байтұрсынов) (ақын,ағартушы,ғалым)
2.«Әке арманы»шығармасының авторы(М.Әуезов)
3.Бүркіт Ысқақовтың қандай өлеңін білеміз? («Кім жүйрік?»)
4.Қай мәтіннен алған үзінді: «Күздігүні алма бағына барып көргеніңіз бар ма еді?Егер барып көрген болсаңыз,алманың иісін ұмытқан жоқ шығарсыз» (И.Бази «Жеміс бағында»)
5. «Алтын балта» ертегісінің кейіпкерлері?(кедей,бай,диірменші)
6.Өлеңді жалғастыр:
Мынау менің сезгенім
Ол- кластың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы –оның баласы. (Қадыр Мырза Әли)
7. «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»қай шығармадан алынған? (Ш.Құдайбердіұлы «Бір кесе меруерт»)
«Парасат» тобына:
1.Қазақтың ұлы ақыны.(Абай Құнанбаев) (ақын,ағартушы)
2. «Қырдан келген жас қазақ»шығармасының авторы(М.Дулатов)
3. Қасым Аманжоловтың қандай өлеңін білеміз? («Ұшқыш болғым келеді»)
4. Қай мәтіннен алған үзінді: «Аяқ астына қарай қалсаң,жерге сары кілем төселген сияқты.Жер жүруге ыңғайлы.» (Елемес Салықов «Күзгі орманның көріністері»)
5. «Көжек» ертегісінің кейіпкерлері? (көжек,шаруа,балалар)
6.Өлеңді жалғастыр:
«Ең бірінші бақытым-Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса,мен бармын,қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. » (М.Мақатаев)
7. «Жақсылыққа жамандық бар ма?»қай шығармадан алынған? (Ы.Алтынсарин «Баланың айласы»)
«Ақсұңқар» тобына:
1.Ең алғаш мектеп ашқан кім?Ы.Алтынсарин(жазушы,ақын,ағартушы ұстаз)
2. «Күмән»әңгімесінің авторы(М.Гумеров)
3. Т.Молдағалиевтың қандай өлеңін білеміз? («Мамандық таңдау»)
4. Қай мәтіннен алған үзінді: Бірер сағаттан соң біз Омар атайдың бақша басындағы киіз үйіне келдік. (Әдібай Табылды «Күздің кереметі»)
5. Еңбекпен тапқан тиын ертегісінің кейіпкерлері? (әкесі,ұлы ,анасы)
6.Өлеңді жалғастыр:
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер,жебеп жүрер арқадан,
Болу керек құдіретті төрт ана: (Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
7. «Ей,Жолаушы болсаң,осы таза бұлақтай бол!» қай шығармадан алынған?
(Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»)
Сөздік жұмыс
Күйік- мұң
Бәкене-аласа
Тау мүлгіп –тау ұйқыға кетіп
Аспан егіледі- аспан жылағандай күйге түседі)
Әйдік- үлкен
Ділдә-ақша
Суретпен жұмыс
Туған елім,туған жерім ( Туған тілім,Төрт ана, Рәсім,Үш бақытым)
Ата-бабам тарихы –менің тарихым (Амангелді батырым,Күлпаш,Қажымқан,Кедей)
Табиғат- менің өз үйім (Өзен,Ақсақ киік,Бүркіт,Торғай)
Математика
ІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»
« Болашақ»тобына:
1. 1 дм - де неше см бар?
2. Масса, оныңбірліктеріната.
3.Көбейтудің компоненттері?
4. 3жүздік 5 бірлік?(305)
5. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай
сан ойладым?(50)
6.9*9 36/9
7.Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап?(12) 8см2
«Парасат» тобына:
1.1 метрде см бар?
2. Ұзындық және оның бірліктерін ата.
3. Бөлудің компонеттері?
4. 7 жүздік 1ондық?(710)
5. Мен бір сан ойладым, оған 10-ды қосқанда 90 шықты. Мен қандай
сан ойладым?(80)
6. 7*7 35/7
7.Ұзындығы 3см және 4см тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап?(14) 12см2
«Ақсұңқар» тобына:
1.1 км-де неше метр?
2. Уақыт және оның бірліктерін ата.
3.Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
4.6жүзд.5онд.1 бірл.
5. Мен бір сан ойладым, оған 20-ны қосқанда 60 шықты. Мен қандай сан ойладым?(40)
6. 8*8 54/6
7.Ұзындығы 4см және 5см тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап?(18) 20см2
Үш топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беру:
« Болашақ»тобына:
5ц = ....кг
2сағ.20мин. = ...мин
2км =...м
2.Есепті шығар:
Гүлжанның 750 теңгесі бареді.Ол литрі 250 теңгеден 2 литр сүт сатып алды.Гүлжанның неше теңгесі қалды?
«Парасат» тобына:
1.2жыл 4ай = ....ай
4сағ. = ...мин
3км =...м
2.Есепті шығар:
Мектепке 24 домбыра және одан 3 есе кем қобыз сатып алынды.Мектепке неше қобыз сатып алынды?
«Ақсұңқар» тобына:
1.8ц = ....кг
2тәул.2сағ. = ...мин
4км =...м
2.Есепті шығар:
40кг етті бірнеше кг-нан 5 асханаға тең бөліп түсірді.Әр асханаға неше кг-нан ет түсірілді?
ІІІ.Қызықты логикалық сұрақтар:
« Болашақ»тобына:
1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?5қоян
2.Таразы табақшасына 2 аяғымен
тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай
болады?
2кг
«Парасат» тобына:
1.3 түйеқұс ұшып келе
жатты.Аңшы оның бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұс
ұшпайды)
2.Ағаш үстінде 30 торғай қонып отыр еді.балалар бір торғай ды
тұзақпен ұстап алғанда қанша торғай қалды?(Қалмайды,үркіп,ұшып
кетеді)
«Ақсұңқар» тобына:
1.Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)
2.Төрт аққайың өсіп тұр.Әр қайыңның төрт бұтағы бар,әр бұтақтың төрт сабағы бар.Әр сабақта төрт алма өсіп тұр.Сонда қанша алма бар?(Аққайыңда
алма өспейді)
Қазақ тілі
ІV.«Тіл бәйгесі»
« Болашақ»тобына:
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Зат есімнің түрлері?(жекеше,көпше,жалқы есім,жалпы есім,негізгі,туынды,деректі,дерексіз зат есімдер)Мысал келтір.
«Парасат» тобына:
- Етістік дегеніміз не?
- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
-Етістіктің түрлері?(дара,күрделі,негізгі,туынды,болымды,болымсыз) Мысал келтір.
«Ақсұңқар» тобына:
-Сан есім дегеніміз не?
- Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
-Сан есімнің түрлері?
Үш топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беру:
« Болашақ»тобына:
Айнұр мектептен келді.
1.Сөйлем мүшесіне талдау.
2.Мектеп сөзіне дыбыстық талдау жасау
3. «Оқушылар»сөзін сөз құрамына талдау.
«Парасат» тобына:
Мектепте концерт болды.
1.Сөйлем мүшесіне талдау.
3.Концерт сөзіне дыбыстық талдау жасау
4. «Құрылысшылар»сөзін сөз құрамына талдау.
«Ақсұңқар» тобына:
Оқушылар мұражайға барды.
1.Сөйлем мүшесіне талдау.
2.Мұражай сөзіне дыбыстық талдау жасау
3. «Суретшілер»сөзін сөз құрамына талдау.
Слайд Суретке қарап сөйлем құрастыр (1топ сын есім,2 топ,сан есім,3 топ зат есім)
Бейнелеу
V«Не үйрендік, не білдік?»
« Болашақ»тобына:
1.Жылы түстерді ата.
2.Пуантилизм деген не? Оның негізін салған кім?
3. Перспектива дегеніміз не?
4.Ойыншықтарды неден жасауға болады?
5. Қазақтың атақты суретшілерінен кімдерді білесің?
«Парасат» тобына:
1.Суық түстерді ата
2.Натюрморт дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
3.Композиция дегеніміз не? Ашық және тұйық компазиция туралы не білесің?
4.Иллюстрация деген не?
5.Ұлы Жібек жолындағы қалаларды ата.
«Ақсұңқар» тобына:
1.Жылы және суық түстердің ерекшеліктері қандай?
2.Оптикалық араластыру деген не?
3.Пропорция дегеніміз не?
4.Портрет және оның түрлерін ата.
5.Атақты шетел суретшілері?
Слайд
Балалар барлығымыз мұқият экранға назар аударайық.Экранда берілген суреттің авторы мен тақырыбы қалай аталады?
Ағымсалы Дүзелханов « Қорқыт туралы аңыз»
Айша Ғалымбаева «Егіздер»
Әбілхан Қастеев «Абай жайлауда»
VI . «Тапқыр болсаң,талас жоқ»(дүниетану)
« Болашақ»тобына:
1.Адам денесі неше бөліктен тұрады?
2. Ас қорыту мүшелеріне не жатады?(ауыз
қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ішек)
3. Тәжірибе дегеніміз не?(Шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу,танып білу)
4. Бұлт түрлерін ата(будақ,шарбы,қабат)
5. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?(жерден қазып алып,адамқажетіне жұмсалатын тау жыныстары)
6. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер(жантақ,сүттіген,жүзгін сексеуіл)
7. Жануарлардың саны қанша?(2 миллион)
«Парасат» тобына:
1. Адам денесінде қанша сүйек бар?(200-ге жуық)
2. Сезім мүшелеріне не жатады?(көз,құлақ,мұрын,тіл.тері)
3. Жел дегеніміз не?(Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы)
4. Жауын-шашын түрлері(жаңбыр,қар,бұршақ)
5. Пайдалы қазбалар түрлерін ата(жанғыш пайдалы,кенді,кенге жатпайтын)
6. Жануарлар топтарын ата
7. Біздің елімізде неше мыңнан астам өсімдік түрі өседі?
«Ақсұңқар» тобына:
1. Тыныс алу мүшелеріне не жатады?(мұрын қуысы,кеңірдек,өкпе)
2. Судың күйлері (қатты,сұйық,мұз)
3. Дененің қандай түрлері бар? ( табиғи,жасанды)
4. Тау жыныстары дегеніміз не?(жер қыртысын толтырып жатқан денелер)
5. Тығыз тау жыныстарын ата(гранит,мәрмәр,құмтас,тас көмір)
6. Ылғал сүйгіш өсімдіктер(шалғындық беде,бақбақ,қоңырбас)
7. Құстардың неше түрі бар?
VІІ.Қорытынды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де,Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.Елін,жерін сүйетін жаны ізгі жақсы азамат болатынына сенемін»деп жастарға сенім білдірген.
Ән: «Қазақ елі»
Әр топтың ұпай сандарын есептеу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген