жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бүгінгі жасөспірім тәрбиесінде ата-ананың беделін көтеру мәселелері
Бүгінгі жасөспірім тәрбиесінде ата-ананың беделін көтеру мәселелері
Асанов Талғат Омарұлы, Атакент қ.,
Мақтарал аграрлық колледжі,
оқытушы
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
ала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» –
деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.
Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.
Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
«Отбасы –шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер» – дегені бар.
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнермен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер – білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.
Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.
Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» Бұл ғажайып құдайшылдық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.
Баланың басты
тәрбиешісі– ата-ана. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса,
баланың басты ұстазы–ата-анасы. Тәрбиенің қайнар көзі отбасынан
басталады. Сондықтан баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
ең алдымен ата – анасының тәрбиесі негізгі рөл атқарады. «Балапан
ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл
сөздің сырына үңілер болсақ, яғни, бала әкеден ақыл, анадан мейір
алары анық. Ал ата – анаға баладан қымбат ешкім жоқ. Баланың
тәрбиелі немесе шектен тыс дөрекі болуы ең алдымен отбасындағы
өнегеге байланысты. Бала ең алдымен, өз ошақ басына қарап өседі.
Сол себепті отбасы мүшелерінің барлық қылықтары, іс- әрекеттері
балаға алғашқы кезде бұлжымас заң тәрізді
көрінеді.
Міне, сондықтан
да әрбір ата – ана баласының көсегесі көгерсін десе, өздері тек
жақсы жағынан көрінуі тиіс. Қазіргі кездегі көп жанұялардың
әлсіреп, оның мүшелерін, әсіресе, балаларды ауыр соққыға
итермелейтін нәрсе ата – аналардың бала алдындағы жауапкершілігінің
жоқтығы, өзара түсініспеушілігі, бір – біріне үлкен ықыласпен және
қамқорлықпен қарай алмайтындығында дер
едім.
Бала әкесіз
немесе анасыз жетімдік көрмесін деген ата- ана отбасылық қателіктер
жібермей, балалардың болашағын ойлап, кешірімшіл болып, отбасында
ерлі – зайыптылар арасында да сабырлы да салмақты қарым – қатынас
болу керек. Ашуды ақылға жеңдіріп, сабыр сақтай білуге тымерте
сәбилік шақтан бастап даярлау керек екенін әрбір ата – ана бір
минут естен шығармағаны абзал. Балаға деген мейірімділік сезімінсіз
тәрбие нәтижелі бола алмайды, өйткені оған жүрек жылуы арқылы ғана
жол табамыз.
Бірақ жақсы
көрудің жолы осы екен деп теріс қылығы мен оң ісіне бірдей қарап,
баланы елпектете беру керек деген ой тумаса қажет. Баламен қарым–
қатынаста жалпы отбасында, барынша әділ болып, бірін– бірі шын
құрметтейтін қарым – қатынас туғызу керек. Осындай сыйласымдылықты,
мейірбандықты көріп өскен баладан жаман қылықтар туындауы мүмкін
емес. Жас өскіннің бой алып кетуі үшін оның топырағы ылғалды
және құнарлы болуы керек. Сол сияқты ата мен ананың әлдиіне
тәрбиеленіп, жанұяның жақсы жарасымдылығын көріп өскен бала кейін
өскенде отбасы ынтымағын сақтайтын жақсы адам болып қалыптасады. М.
Әуезов:— ≪Адам баласының
жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге
білетіндігінен, көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды
жақсылап тәрбиелеу≫ -дейді. Ата–
ана балаға қоршаған ортаға өзіндік көзқарасын туғызып, жақсы мен
жаманды ажырата білуге баулығаны абзал. Баланы еңбекпен тәрбиелеуде
оны тұрмыстағы жұмыстарға араластыру оның ісін орынды мақтап, әділ
баға беріп, ұқсата алмағанына ұрыспай, жаймен түсіндіріп отыру
еңбекке деген қажеттілікті сезінуін қамтамассыз етеді. Кейбіреулер
баласына Тек сен тентектік жасамасаң болғаны, қалғаны өз
мойнымызда- деп теріс тәрбие береді. Үйде ата- анаға көмек көрсету,
қамқорлық жасау, айналасындағыларға қамқорлықпен қарау, еңбекке
тікелей қатысу баланың жеке басын дамытады. Баланы кез-келген
еңбектену ниетіндегі бастамасын үнемі қолдап отырған
жөн.
А.С Макаренко ата- аналарға лекциясында: Сіз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің жеке мінез- құлқыңызды тексеріп алыңыз- деген болатын. Ата – ана балаға арнайы уақыт бөліп жатпаса да әр бір сөйлеген сөзімен, іс - әрекетімен де әсер етіп, тәрбие үздіксіз жүріп жатады. Сондықтан ересектер арасында қырағы да сезімтал бала барын, оған да жаман әдеті тез жұғатынын бір минутта естен шығармаған жөн. Балаларымызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына ат салысайық.
Отбасы жасөспірімнің ахлақи тәрбиесінің ең басты факторы болып табылады. Себебі, жасөспірімнің тұлғасы, мінез-құлқы, бақыты мен бақытсыздығы, болашағы отбасында қалыптасады. Ата-аның көзқарастары, құндылықтары мен іс-әрекеттері жасөспірімнің көзқарасы, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Жасөспірімнің әлеуметтік және ахлақи әдеттері әке-шешенің іс-әрекетінен, жалпы алғанда олардың баламен қатынас орнатуында жасаған қылықтарынан бастау алады. Мысалы, егер жасөспірімнің үйінде шектен тыс еркіндік болып, балаға зорлық жасауға рұқсат етілсе, ол қоғамда да басқалардың құқығына қолсұғушылық жасап, басқалардың құқықтарын оп-оңай бұзады. Шын мәнінде жасөспірім егер үйінде дұрыс тәрбиеленсе, қоғамда да басқалардың құқығына құрмет көрсететін болады.Отбасы мен ондағы құндылықтар жасөспірімнің тұлғасының қалыптасуында ықпалды рөл атқарады. Психологтар отбасының түрі мен оның ерекшеліктерін жасөспірімнің тәрбиесіндегі маңызды мәселе деп санайды. Олардың пікірінше, отбасылар адам еркіндігі және оның басқалардың құқықтары мен жеке кеңістіктерін сақтау мөлшері тұрғысынан бірнеше топқа бөлінеді. Кейбір отбасылар еркіндікке ұмтылады. Бірақ жасөспірімге еркіндік берумен қатар, оған жауапкершіліктерді де жүктейді. Жасөспірім осындай отбасында басқалардың құқығын сақтап, адамдардың құқықтарына қолсұғушылықтан алшақ болуды үйренеді. Мұндай отбасыларда ата-ананың беделі сақталуымен қатар, жасөспірімнің талаптары мен қажеттіліктері де назарға алынады. Осындай отбасындағы ахлақи тәрбие лайықты түрде жүзеге асырылады. Кейбір отбасылары бала тәрбиесіне жеңіл қарайды. Бұл ортада жасөспірімге толық әрі шектен тыс еркіндік беріліп, оның іс-әрекеті мен қылықтарына ешқандай бақылау жүргізілмейді. Мұндай отбасыларда ата-ана тіпті өз перзентіне дұрыс жоды нұсқау міндетін де атқармайды. Әдетте осындай отбасындағы ата-аналар жұмысбасты болғандықтан, өз перзенттерінің істерін қадағалап, олардың іс-әрекеттерін бақылайтын мүмкіндігі болмайды. Батыс психологы Марк Уорден отбасылардың осы тобы жайлы былай дейді: «Ата-ананың жасөспірім баларына қатысты немқұрайлығы балалардың тәуелсіз әрі ерікті қылықтарын бірнеше есе арттырады». Осындай отбасыларда ата-ана балаларының қызығушылықтары, қабілеттері мен жақсы ахлақи қасиеттерге не жаман әдеттерге бейімділігі туралы хабарсыз болады. Сонымен қатар, мұндай отбасылардың басым бөлігі өздерін ахлақи принциптер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға міндетті деп санамайды.Отбасылардың келесі бір түрі қатал ата-аналар басқарған отбасылар болып табылады. Мұндай жанұялар баланың өтініші қанша жерден дұрыс әрі орынды болса да оны қабылдаудан бас тартады. Әке-шешенің осындай әрекеті жасөспірімнің өз ата-анасы ұнатпайтын іс-әрекеттерді орындауына әкеп соқтырады. Мұндай жасөспірімдір көбінесе өтірік айтып, мектептен қашады. Жанұялардың бұл түрінде шектен тыс қаталдық жасөспірімнің қыңырлығының үдей түсуіне себеп болатындықтан ата-ана ешуақытта өз баласының ахлақи және діни тәрбиесінде табысқа жетпейді.Дағдарыс пен күйзеліске душар болған отбасыларда жасөспірім көптеген ауыртпашылықтармен, әсіресе ахлақтық қиыншылықтармен бетпе-бет келеді. Ата-анасы ажырасып, бөлек тұрып жатқан, не отбасы мүшелері арасында келіспеушіліктер бар жанұяда толыққанды отбасылық қарым-қатынас құру үшін кедергі туындайды. Жоғары мектеп оқушыларына жасалған зерттеулердің нәтижесі күйзеліске ұшыраған отбасыларындағы жасөспірімдердің өздерінің қоғамдық жұмыстарында қиыншылықтарға тап болатынын көрсетті.Осылайша, жасөспірімдердің ауытқушылықтар мен қылмыстарға бейімділігінің бір себебіне отбасындағы жағымсыз кеңістік пен ата-ананың баласын дұрыс бақыламауы жатады. Сондықтан ата-ананың өздері балаларының ахлақи тәрбиесіне кедергі болмауы үшін бәрінен бұрын жасөспірімнің ахлақи тәлім-тәрбиесінің қағидалары мен тәсілдерінен хабардар болуы керек.Ислам көзқарасы тұрғысынан үлгілі отбасы перзенттердің ахлақи және діни тәрбиесі жолында ықпалды рөл атқарады. Иран Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бұл жайында былай дейді: «Исламдық ортада әйел мен күйеу бірге болады әрі бір-біріне тиесілі болады. Олар бір-бірінің, перзенттерінің және отбасы алдында жауапты болады. Исламдық орталарда отбасы діңгегінің мықты әрі берік болатыны соншалықты, тіпті кейде екі ұрпақтан кейін де атасы, әкесі мен немересі бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатады. Исламдық орталар, яғни екі адам ұзақ уақыт бойы бір-бірінің қасында өмір сүріп, ешуақытта бір-бірінен жалықпай, керісінше бір-біріне адалдығы, жақындығы мен сүйіспеншілігі арта түсетін діндар әрі иманды орталар діндарлық пен имандылықтың, Алланың талаптарын орындаудың үлгісі болып табылады. Ислам мен ислам мәдениетінде отбасы өмірлік болып табылады. Өткен ұрпақ өз мұраларын келесі ұрпаққа тапсырады. Осылайша кейінгі ұрпақ тамырсыз, жалғыз және бабалар мирасынан кенде қалмайды».Жасөспірімнің ахлақи тәрбиесіне әсер ететін орталардың тағы бірі мектеп кеңістігі болып табылады. Ол жерде жасөпірімдер мен ұстаздардың, тәрбиешілердің арасында қатынас орнайды. Мектеп, әсіресе жасөспірімді қоғамға аяқ басуға дайындау тұрғысынан маңызды болып табылады. Мектеп – жасөспірім достары мен тәрбиешілерінен әдет-ғұрып, қарым-қатынас пен ахлақи қағидаларды сақтауды үйренетін жер. Ол осылайша басқалармен ынтымақтасу және пікірлестік білдіруді үйреніп, басқа адамдарың құқықтарына құрмет көрсетуге тырысады.Қоғамтанушылардың пікірі бойынша, үйдегі қарым-қатынастар жеке әрі эмоциялық қатынастар, ал мектептегі қатынастар қоғамдық әрі қисынға сүйенген қатынастар болып табылады. Сол себепті үй мен мектеп ортасы баланың тәлім-тәрбиесі мен дамуына лайықты жағдай жасау үшін бір-бірін толықтырып, көмектесуі керек. Осы үдерісте әке-шешенің мектеп мұғалімдері және қызметкерлерімен әріптестік жасауы ерекше маңыздылыққа ие. Бірақ осы арада мектептің оқу-білім және тәлім-тәрбиедегі рөліне көзжұма қарауға болмайды. Себебі оқу-білім кезеңі тәлім-тәрбие тұрғысынан ең маңызды әрі ең жақсы кезең болып табылады. Бұл кезеңде балалар тәлім-тәрбиені қабылдауға толығымен дайын болады, сондай-ақ балалардың ресми түрде білім алуы осы кезеңде басталады. Сол себепті тәлім-тәрбие үшін ең жақсы уақыт болып саналатын алтын кезеңді қолдан жіберіп алмау керек.Жасөспірімнің ахлақи тәрбиесінде мұғалімдер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген