"Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» тренинг 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» тренинг 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» тренинг, 11 сынып Мақсаты: Мектеп түлектерінің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында асыл қасиеттерді жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» психологиялық сағат

Мақсаты:  Мектеп түлектерінің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында асыл қасиеттерді жетілдіру.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,техникалық құрлығылар, маркерлер,  А5 парақ, т.б.

Құрметті оқушылар! Сіздер сәбилік,балалық шақты ,алғашқы мүшелді артқа тастап, жасөспірімдік шаққа келіп жеттіңіздер! Әрбіреуіңнің алдарыңа қойған басты мақсаттарың бар, бұл – білім  шыңына талпыну, жүректеріңмен қалаған мамандықтарыңыздың иесі болып, өз елінің ертеңі, тірегі болу. Психологиялық сағатымыз өздеріңізге сенімдеріңізді арттыруға, танымдық процестерді дамытуға көмектеседі. Болашақ жастардың қолында екенін түсіндіру.

«Амандасу»жаттығуы
Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе – қолымызды қысып амандасамыз. Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.

«Автопортрет» жаттығуы.


Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 

Жаттығу «Қалпақ»

Бұл жаңылтпаш ойын зейінді, есте сақтауды дамытуға ұжыммен бірге бірдей жұмыс істеуге баулиды. Топ алдымен " Менің қалпағым үш бұрыш, үшбұрыш менің қалпағым. Егер менің қалпағым үшбұрыш болмаса, ол менің қалпағым емес" деген сөзді қимылымен үйреніп алады. Әрі қарай топ "менің" деген сөздердің барлығын іштен айтып,тек қимылын көрсетіп, қалғанын дауыстап хормен айтады. Келесі " менің қалпағым" деген сөзді іштен, қалғанын дауыстап,қимылмен көрсетеді. Осылай барлық сөзді түгел іштен айтып, қимылдарын көрсетеді. Ойынды күрделендіре түсу үшін тез-тез қимылмен көрсетеді. Ойын барысында көңілді атмосфера орнайды.



Еске сақтауға арналған жаттығу

Мақсаты: Зейінді дамытуға, жады мен еске сақтауды дамыту. Топты көңіл көтеруге арналған ойын. Ойын ережесі: топ шеңбер жасап тұрады, арақашықтығы алыс болу керек. «Алма» дегенде бір қадам алға, «алмұрт» дегенде бір қадам артқа, «апельстн дегенде» кері бағытқа айналады. Жүргізуші ойынды қиындату мақсатында үш сөзді бірнеше қайтара өзгертіп айтады. Топ қайталайды. Мысалы: Алма, алма, алмұрт, апельсин немесе алмұрт, алма, алмұрт, алма, апельсин, алма.

«Шын жүректен!» рефлексиясы

Шарты: Бүгінгі тренингтен алған әсерлерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.


Қорытынды сөз:

Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз сынаққа сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.





















































Анықтама

Күні: 10.10.2023ж.

Тақырыбы: «Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» психологиялық сағат

Мақсаты:  Мектеп түлектерінің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында асыл қасиеттерді жетілдіру.

Контигент: 11 сынып

Құрал-жабдықтар: қанатты сөздер,техникалық құрлығылар, маркерлер,  А5 парақ, т.б.

Тренинг барысы:
1. Амандасу жаттығуы
. Жаттығу оқушылардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру және оқушылардың адамгершілік қасиетін дамыту мақсатында қолданылды.

Сыныпқа сұрақ: «Елдің тірегі деген сөзді түсінесіздер?»

2. «Автопортрет» жаттығуы.

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазу.

3. Жаттығу «Қалпақ»

Жаттығудың мақсаты зейінді, есте сақтауды дамытуға, ұжыммен бірге бірдей жұмыс істеуге баулу.


4. Еске сақтауға арналған жаттығу. Мақсаты: Зейінді дамытуға, жады мен еске сақтауды дамыту. Топты көңіл көтеруге арналған ойын.




5.«Шын жүректен!» рефлексиясы

Шарты: Бүгінгі тренингтен алған әсерлерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.



Қорытынды: Оқушыларын ойларын еркін жеткізіп, танымдық процестерін дамытты. Бір-бірімен қарым –қатынасын нығайтты.



Педагог-психолог: Т.А.Талапқали

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2024
608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі