15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бүгінгі оқушы
«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент»
студенттермен кездесу кеші
Мақсаты:
а)Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
ә)әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 10-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;
б)бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;
в)мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру;
1-жүргізуші: Кеш жарық, құрметті осы кештің арнайы шақырылған қонақтары!
Армысыздар, құрметті көрермен қауым!
Бүгін бізде студенттермен кездесу кеші
1-жүргізуші: Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиырға сермедің,- деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас қосты.
Құрметті, кеш қонақтары! «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Бұлар — болашақ сан түрлі мамандықтар иелері!
Бұлар – елімізді болашағы!
Еліміздің болашағы – білімді жастарға қошемет, ағайын!
1-бөлім. «ЖАРАЙСЫҢ!»
Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі
/келген қонақтарымыз өздерін таныстырып өтеді./
Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын!
Сөз кезегін мектеп директоры Амангелді Тлекқабылұлына береміз.
Тренинг.
2-бөлім. «Бос микрофон» сұрақ-жауап бөлімі
Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы оқушыларға мәлімет беріп, өз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз!Иә, сіз грант ұтып алыпсыз! Осы жетістікке қалай жеттіңіз? Мүмкін, бұның бір сыры бар шығар.
Сіз оқитын оқу орнының ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап берсеңіз.
Сіз – болашақ мұғалім екенсіз.Бұл мамандықты таңдауға кімдер әсер етті?
Сіз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз!
Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.
Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
Айырмашылығы болса қандай?
Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?................
Жалпы сұрақ! Сіздер елден жырақ – тәуелсіз қазақ елінің бірің солтүстік,бірің батысында оқисыздар. Шындарыңызды айтыңыздаршы,мектептегі өмірді, ауылды сағындыңыздар ма? Соның ішінде, атап айтқанда, нені сағындыңыздар?
Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар!» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
1-жүргізуші: Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Халқымыздың ән өнері жарқылдасын,- дей отырып, сіздерге арнаған
ӘН шашуды Қабыл алыңыздар!
9 сыныбының оқушысы орындауында__________________________
Қошеметтеріңіз!
Біз сіздерге, сіздер арқылы барлық мектеп түлектеріне және болашақ түлектерімізге оқуда табыс тілейміз.
Ойын.
3-бөлім. «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы»
1-жүргізуші: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.
Алысыңда сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Өз қайығың бар болса, өз ескегің,
Өмірде мен сені осал демес едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,
Шығады алдан жап-жарық келешегің.
Әр адамның басынан қызықты да шытырман оқиғалары.
1 - жүргізуші: Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.
Оқушыларға берілетін жағдай.
Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп тұр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?
2 - жүргізуші: Студенттерге берілетін оқиға.
Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою - бүгін өмір талабы. Кәсіптік бағдар - бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе. Сіздер қалай ойлайсыздар?
4-бөлім. «Ақ тілектер» ҰСТАЗ – СТУДЕНТ – ОҚУШЫ - СТУДЕНТ
Келесі сөз студенттерге беріледі. Биылғы түлектерге деген жүрекжарды тілектеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар!
Ал, оқушылар! Сіздер келіп отырған қонақтарға тілектеріңізді жолдаңыз!
/Сыйлық тарту/
1-жүргізуші: Өмірлерің студенттік мәнді болсын
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын!
2-жүргізуші: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өз міндеті бар»-деген екен Толстой, олай болса, әрқайысың да таңдаған мамандықтарыңның алтын қолды иесі болып, мамандықтарыңыз – өнерге, өнерлеріңіз – өмірге айналып,үлкен өмірде сіздерді тек БАҚЫТ қана күтсін деген тілекпен бүгінгі студенттермен кездесу кешімізді осымен аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!
Орындаған: Казиева Улмекен Орынбасаровна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген