"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы" атты әскери-патриоттық сайыс жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы" атты әскери-патриоттық сайыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқушыларды патриотизмге, отаншылдыққа, елжандылыққа баулу, өзара достықты нығайту, дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, әрдайым қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу. Жарыс бағдарламасы: 1. 1-оқушы АК-74 автоматын толық емес бөлшектеп белгіленген жерге дейін жылдамдықпен жүгіріп барады. 2-оқушы бөлшектенген АК-74 автоматын жинап белгіленген жерге жүгіреді. 2. Жаралы адамды белгіленген жерге апарады (5 метр). 3. 16 кг гир тасын 5-рет көтеру. 4. Тікен сым кедергісінен жер бауырлап өту. 5. Кедергіден алдыға айналып секіріп өту. 6. Дөңгелектер арасынан жүгіріп өту. 7. Нысанаға Пневматикалық мылтықпен ату (ТИР). Өткізілетін орны мен уақыты: Спорт зал 2017 жыл ___ Қараша, уақыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқушыларды патриотизмге, отаншылдыққа, елжандылыққа баулу, өзара достықты нығайту, дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, әрдайым қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.


Жарыс бағдарламасы:

  1. 1-оқушы АК-74 автоматын толық емес бөлшектеп белгіленген жерге дейін жылдамдықпен жүгіріп барады.

2-оқушы бөлшектенген АК-74 автоматын жинап белгіленген жерге жүгіреді.

  1. Жаралы адамды белгіленген жерге апарады (5 метр).

  2. 16 кг гир тасын 5-рет көтеру.

  3. Тікен сым кедергісінен жер бауырлап өту.

  4. Кедергіден алдыға айналып секіріп өту.

  5. Дөңгелектер арасынан жүгіріп өту.

  6. Нысанаға Пневматикалық мылтықпен ату (ТИР).

Өткізілетін орны мен уақыты: Спорт зал 2017 жыл ___ Қараша, уақыты ______

Көрнекіліктер:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Гимн.


2. Тақырып жазылған бильборд.


3. Шарлар, жалаушалар, әскери музыкамен жабдықталған.


4. Оқу жаттығу құралдары. (АК-74 автоматының макеті, Пневматикалық мылтық, кедергілер, Қоссырық, Кедергілер)


Жарыстың барысы:


ҚР Мемлекеттік туды ортаға әкелінсін.


ҚР Мемлекеттік гимн орындалсын.


Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі баяндамасы.

Мұғалім сөзі: (Баяндама) Директор ханым, «Болашақ» университеті колледжінің 1-курс студенттері «Бүгінгі оқушы ертеңгі Отан қорғаушы» атты әскери-патриоттық жарысқа сапқа тұрғызылды, баяндап тұрған АӘД пәннің оқытушы-ұйымдастырушысы Лейтенант Жалғасбаев.


1-жүргізуші (_________):


Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар!!! Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.


2-жүргізуші (_________): Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Директор сөзі: Тілегі __________

(Фанфар)


1
-жүргізуші (_________):


Сайыс ережесін түсіндіріп өтетін болсақ: Сайыс Эстафета түрінде кедергілерден жүгіріп өту арқылы өтеді.

2-жүргізуші 1 топтың екі оқушысы бірінші үстел үстіндегі АК-74 автоматын толық емс күйде шашып жинайды. кеткен қатіліктерге (автомат бөлшектері үстелден жерге түссе, бөлшектері алынбай қалса, оқытың бар жоғын тексермесе) 5 сек уақыт қосылады.


2-жүргізуші (_________):


Келесі көрсетілген жерге жүгіріп өтіп, жаралы адамды 5 метр жерге жеткізеді.


1-жүргізуші (_________):


Гир тасын (16 кг) тік тұрып, 5 рет көтереді.


2-жүргізуші (_________):


Кедергі Тікен сымдар астынан жер бауырлап өтеді.


1-жүргізуші (_________):


Кедергіден алға айнала секіре отырып өтеді.


2-жүргізуші (_________):


Дөңгелектер арасынан өту.


1-жүргізуші (_________):


Пневматикалық мылтықпен нысанаға ату (ТИР), үш оқ атуға мүмкіндік беріледі, бағалау ережесі тигізген балдық көрсеткіш бойынша есептелінеді.


2-жүргізуші


Барлық сайыс кезінде бір уақыт есептелінеді тек нысанаға ату сайысы барлық балын ортақ уақыттан алынып тасталынады.


1-жүргізуші


Топтың қалған екі оқушысы осы кедергілерден өтеді.


2-жүргізуші


Ең аз уақыт көрсеткіш көрсеткен топ жеңімпаз болып есептелінеді.


(Фанфар)


Жақсы оқиды, өнері бар талапты, 
Бұл
колледжді өздері қалап таңдапты.
Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды
Шақырайық ортамызға -________________ұландарын
сайысуға қалсын.


1
-жүргізуші (_________):


Ал енді құрметті ойыншылар өз орындарыңызды ала отырып сайысымызға дайындала берулеріңізді сұраймыз!

2
-жүргізуші (_________):

Спортпенен білім жағын бір қосқан, 
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Алдарыңызда өздері палуан, күрескер
колледжіміздің____________ тобын ортаға шақырамыз

1
-жүргізуші (_________):


Достық пен татулықты тәжім еткен
Өзінің тапқырлығын аңыз еткен
__________ қырандарын қарсы алайық
Дуылдатып көркі етсін бұл жарысты!

2
-жүргізуші (_________):


Біледі олар жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған талайды
Талай қызық пародияларды ойнаған
Ортамызға шақырайық _____________ нағыз жігіттерін


1-жүргізуші (_________):


Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме?
- деп ортаға _____________ шақырамыз.


2
-жүргізуші (_________):

Ұлым!
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы
Сан шыңға шыдай біл
Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу ел туралы-дей келе _____________тобын шақырамыз!


1-жүргізуші (_________): Жарыстың қортындысы дайын болғаншаортада Д-17/9г оқу тобының студенті Тынышбекова Жұлдыз _______________ әнімен.


2-жүргізуші (_________):Жарыстың қорытындысын шығару және жеңген командаларды құттықтау !!!


Жеңген команданы анықтау үшін ортаға әділ-қазыларды шақырамыз!



Қортынды сөз кезегі_________________________________беріледі.


1-жүргізуші (_________):


Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер
Осыменен сайысымыз аяқталды.


1-2
-жүргізуші (_________): Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
2769
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі