Бүгінгі оқушы болашақ маман иесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүгінгі оқушы болашақ маман иесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі оқушы болашақ маман иесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп-лицей директоры: Н.А. Ерназаров











«Бүгінгі оқушы – болашақ маман иесі»

студенттермен кездесу кешінің сценарийі












Кәсіби бағдар беруші педагог: Р.А.Мухангалиева




















2022-2023 оқу жылы


«Бүгінгі оқушы – болашақ маман иесі»

студенттермен кездесу кешінің сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.

Міндеттері:
- мектеп бітіруші түлектерге кәсіби - шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;

- болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт - бағдар беру;

- белгілі бір еңбек, кәсіби іс - әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.

Күтілетін нәтиже: Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.

Өткізілу барысы:

1 - жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, мектеп табалдырығынан сусындап білім алған студент жастар!

2 - жүргізуші:
Бірінші кілт - білімге, Екінші кілт - дұрыс жол. Үшінші кілт - бақытқа, Жетелейді білсең сол.
1 - жүргізуші:
Болса кімнің талабы, Өмірден жол табады.
Еңбегіне лайық, Адам болып шығады
,- дегендей жастар еліміздің болашағы. Егемен еліміздің болашағы білімді ұрпақ.
2 - жүргізуші:
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймыз!

1 - жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады
,- деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп-лицейіміздің директоры Ерназаров Нұхбек Абдымажитұлына сөз береміз!

2 - жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1. Танысу кезеңі.
2. Мамандығым мақтанышым (Студенттер өз мамандықтары, оқу орындары туралы сөз ету).

3. Сергіту сәті(ойын)
4. «Әріпті мамандық» ойыны

5. Ситуациялық сұрақтар
6.
«Терминдер сөйлейді»

7. Студенттерге оқушылардан сұрақ, тілек.

8. Қорытынды

1 - жүргізуші:
Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі студенттердің құрметіне
6 «Ә» сынып оқушысы Абдурахимов Нұрбектің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар «Мен қазақпын».

2 - жүргізуші:
Армысың студенттер қалың қалай?
Жүрегім бір өзіңді сағынады - ай,
Дүниені шарқ ұрып іздесем де,
Өзіңнен басқа жақсы табылмады - ай.
1 - жүргізуші:
Армысың, айналайын жиналғандар,
Сахнаның төрінде сыйланғандар.
Барлық студенттерім бас қосыпты
Ағайын айтыңдаршы кімде арман бар?

2 – жүргізуші: Біздің кешке қонақ болып келіп отырған, мектебімізден түлеп ұшқан түлектеріміз, студент жастармен таныса отыралық.

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

1 - жүргізуші:

Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңызға нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді.

Алдымен өздеріңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп, өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер
____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

1 - жүргізуші: Бүгінгі кешті жалғастыра отырып, кешіміздің мағыналы да мәнді өтуіне баршамыз да бір кісідей қатысайық дегім келеді.

2 – жүргізуші: Ендігі кезекте студенттерімізбен сергіту сәті ретінде сұрақтарымызға жауап алсақ.
1 - жүргізуші:

Соған бұрып әр кезде жүреді ішім,

Сен өзі кітап оқып жүремісің?

Бір сұрақты қояйын онда саған,

Қасиетті кітапты білемісің?

2 – жүргізуші: Құран деп мына студент шын айтады,Біліміңді сынайын былай тағы.
Кітаптан барлық оқу табылады,

Оқу білім бұлағы деп кім айтады? (Ыбырай Алтынсарин)

1 - жүргізуші: Енді студенттер арасында ойын ойнасақ. «Әріпті мамандық» ойыны. Бұл ойынның шарты сіздерге әріп ұсынылады, сол бойынша мамандық атауларын айтып, жауап берсек.
2 - жүргізуші:

Әннің де естісі, бар есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі,

Тыңдағанда көңілдің әсері бар,- дегендей келесі кезекті

_______________________________________________________________ қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Әр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас оқиғаларға тап келесің. Өздеріңіздің өмірлеріңізде өткен оқиғаларды айтсақ та болады (егер қатысушылар еркілерімен айтпаса келесідей жағдаяттарды ұсынады).

2 - жүргізуші: Олай болса ендігі кезекті ситуациялық сұраққа берсек. Студенттерге: Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулеріңіз керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.

1. Сізді ақпанның 20 - жұлдызы күні сағат 15: 00 де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз.
2. Сіз бүгін ашық сабақ өткелі тұрсыз. Барлық сабақ тақырыбын интерактивті
тақтаға сақтап қойдыңыз. Сабақ басталар уақытта жарық өшіп қалды. Ашық
сабағыңызды қатысып отырған оқушылармен ата - аналарға қалай түсіндіресіз
. Егер мұғалім болсаңыз бұл жағдайдан қалай шығар едіңіз?

3. Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік емтихан. Бірақта сіздің ең жақын
досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз.

4. Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?
5. Студенттерге берілетін оқиға. Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?

1 - жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз. «Терминдер сөйлейді» Ойынның шарттары: Терминдерді әр топ өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.

Студенттерге қойылатын терминдер:
1. Лекция, сессия
2. Стипендия, жатақхана
3. Аудитория, декан
1 - жүргізуші:
Оқушыларға арналған терминдер:
1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор, сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау, емтихан, тест

2-жүргізуші: Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.

(Оқушылар студенттерге сұрақтар қояды)
- Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген - ай деген шақтарыңыз болды ма?
- Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?

1 - жүргізуші:
Студенттердің оқушыларға айтар тілектері бар ма екен? Тыңдайық
2 - жүргізуші:
- Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
1 - жүргізуші:
Ия студент, ол - Студент!
Студенттік өмір – Махаббат қызық мол жылдар!
Сессия – Тар жол тайғақ кешу.
Сессиядан кейін – Дауылдан кейін.
Степендия – Ұзаққа бармайтын қуаныш.
Далаға шыққан студент – Жаяу Мұса.
Свидание – Кешікпей келем деп ең.
Лекция – Қалғып - мүлгу.
Семинар – Сен тимесең, мен тимеймін.
Диплом қорғау – Қыл көпір.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Наушабаева Айсұлу Жамильовнаға cөз береміз.
2 - жүргізуші:

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін

Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін

Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін

Арым таза ақ көңіл адалдыққа сенемін

Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеніздер бүгінгі кездесуде әпкелеріміз бен ағаларымыздың айтқан кеңестері жадыңызда ұстап ілім білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап егеменді еліміздің ертеңі болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!

Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! –

дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2025
39
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі