400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүгінгі шәкірт көгершін,Болашағың көгерсін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін,Болашағың көгерсін!

Сабақтың мақсаты: Білімнің қайнар көзі ,бастау бұлағы

бастсуыштан бастслатындығын ұғындыру,білім,өнерге

деген қызығушылықтарын арттыра отырып,білім ордасын,ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиеленеді.

Білім ордасын ұстсаздарын құрметтеуге,білімге деген құштарлықтарын арттыруға өз Отанының адал ұлы мен қыздары болуға тәрбиеленеді.

Білімнің алғаш есігін ашқан қстаздарымен қоштаса отырып, жоғарғы сынып мұгалімдерімен таныстыра отырып сәт сапар тіліенеді.

Көрнекілігі: Шуағын төккен 4 жыл фотомонтажы, банерға жазылған тәрбие сағатының тақырыбы:"Бүгінгі шәкірт көгершін,Болашағың көгерсін"жазуы.

Сабақтың барысы:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас,біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтқандай Тарыдай болып кіріп,ақыл ойлары толысып,оң мен солын танып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерім,бүгінде бастауыш сынып білімін аяқтап,орта буынға аяқ басқалы отыр.

Бүгінгі менің көгершіндерім,болашақтарың көгеріп, көктеп,биіктерге самғаңдар деген тілекпен ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген - бір мұрат - дегендей бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.

Толқимыз,толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған шығар баршаңызда.

Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

4 "а" сыныбы ортамызда.

Бірінші болып топты жарып келе жатқан сынып белсенділері:Исламбек Амангельдин,Назым Баянқызы,Мұрат Ғазымжан,Алтынай Карбаева,Оразхан Иманбалин,Фариза Ғазизбатыл,Әділет Жанболатов,Дайана Зейнолла,

Келесі топты жарып келе жатқан отбасы кенжелері:Гауһар Естаева,Мешітбай Алихан,Арай Қойшығара ,Әлинұр Денислам,Гүлмира Борашева, Махаббат Әділханқызы, Ақниет Ержанқызы,Ержан Есентурлиев.

Келесі келе жатқандар сынып : Айтбала Қайыржанова, Рахат Олжабеков , Ақнұр Тоқашева, Шыңғыс Тұяқбек, Аят Жанділда,Түсіп Нұрзат, Ажар Абжанова,Амина Толғатова.

Алтынай: Армандасаңда ,қиалдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені биік асуға бттеген аяулы ғұмыр ,ғажайып өмір ,рсынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біз өмірімізге өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымызбен қоштасып бір жылңа таңы есейгелі отырмыз. Ендеше,қызықты да ,ңаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолымызды табуға жол сілтеген ұстазымызға ,ата-аналарымызға өз өнерімізге кқрсетуге дайынбыз.

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым қымбатты!

Исламбек: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар

Ел дәстүрін міңгң сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай,Ыбырай бабалар!

Назым: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран өұстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі ерке- сәбилер.

Мұрат: Армысың сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады жыр әнім

Исламбек:Дұрыс айтасың Мұрат!Бұл мектепте қаншама адам тәлім алған десеңізші!Менің атам да ,әжем де ,әкем де,анам да енді мен де мектепте тәлім алудамын.

Назым:Олай болса Исламбек алтын ұя мектебімізге арнап,Гауһар "Мектебім" әнін шырқап берсін.

Әділет:Иә бастау қиын болды 4 жыл бойы білім баспалдығының ең қиын сатыларынан өттік деуге болады.

Алайда қазір кез келген тапсырмаларды еш қиындықсыз орындай аламыз.

Дайана:Ұстсаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп-Абай атамыз айтқандай алғаш қолға қалам ұстатаып ,оңызбен,солымызды танытқан ,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып,білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз -ұстаз екені бәрімізге мәлім.Балалардың ұстаз туралы ән-жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айта аламыз......?

Назым:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға ,жазуға үйреткен мұғалім еңбегң шексіз.

Қазақ биі: орындайтын бишілер тобы.

Гауһар:Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап ,сол ұядағы әрбір қызықты,жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті.Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да ,жаны шуақ та, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалы татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сезінеміз.Ол ұстаз!

Дұрыс айтасың Гауһар ,ғылым иесі ғалым да ел қорғаған батыр да ,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,көкті шарлаған ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Арай:Ұстаз...осы сқзде қаншама мән- мағына ,күш- құдірет жатыр десеңізші.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ"Жақсы мұғаліммектептің жүрегі "деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз ,білімнің ,тәрбиенің жүзеге аспайтыны белгілі.Өмірдегі қоғам қайраткерлерінебір данышпан адамдар ,қарапайым еңбеккерлері ,бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ол ұстаз.Ұстаздың нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес ,адамды тәрбиелеп 0оны азамат атандыру өзі бір күш.Сордықтан да ұстаздың еңбегі ұлы еңбек.Бүгінгі күні біз барлық лебізімізді алғашқы ұстазымызға арнайымыз.

Ән:Ұстазым.

Ақниет: Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан

Мейірің бе?Ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

Ақнұр: Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дарашың,

Ұмытпастай көңілде мәңгі қалатын

Сағына әркез суреттерді парақтап

Шәкірттерді жиі еске алатын.

Айтбала: Шәкірттер сізді айтып мақтанамыз

Бейнең жүректерде сақталады

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пенен сеніміңіз анықталады

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден.

Үнді биі: орындайтын бишілер тобы.

Исламбек: Иә осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп ,мектеп табылдырығын жасқана аттаған едік.

Алтынай: Енді,міне сауатымызды ашып,білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып,орта буын қатарына қосылғалы отырмыз.

Иә,сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты ,тәрбиелі азамат етіп шығарды.

Ендеше,бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!

Жасқана кіріп едік сыныпқа біз,

Әр бетін әліппенің ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Ажар: Әр үйдің еркелеткен тентегі,

Ақылға келе алмадық ерте келіп.

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,

Мектептің ережесін үйренген.

Махаббат: Бірдей біздің ойымызда, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз

Бірдей өстік оқуда

Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.

Ән:"Мектептегі махабат"орындайтын:Ғазымжан Мұрат.

Аят: Әр отбасы еркесінің

Бабын таба білдіңіз

Ұстаздықтың қиын жолын

Көтеріп сіз жүрдіңіз.

Біз қанша көп болсақта

Сізге үмітпен қарадық

Оқуға да жарадық.

Ән:Асыл досым.орындайтын:Бораш Гүлмира.Баянмонх Назым.

Назым: Біздің жамндығымызды жасырып,жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз.Қатарымыздың теңі болып ,тамағымыз тоқ ,көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.Ендеше,келесі кезекті ата-аналармызға арнайық.

Алтынай: Ыстық-ау кім-кіге жде әке деген,

Суыққа шалындарымай мәпелегн

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп мәпелегн-дегендей әкенің орны бөлек -ау.

Арайлым: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен

Шаршайсын жұмыс істеп бізздер үшін

Ақылыды балаларың оны білген.

Әкеме:орындайтын: Ғазымжан Мұрат.

Исламбек: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен ,жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.Халқымыздың мынадай нақыл сөзі бар:" Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда ана алдындағы борышыңды өтей алмайсың"деген.Алайда анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.

Оразхан: Иә,дұрыс айтасың Исламбек.Біз болашақта саналы да,ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Гауһар: Дүниеге әкелген ол,да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген ,ол да сенің анашың,

Тіл аламасаң кешірген ,ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын аман болсын анашым!

Әмина: Кеудемнен сенім оты селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың

Білім алып,тер тегем ,еңбек етем

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.

Ән:"Анашым"орындайтын:Зейнолла.Дайана.

Алтынай:Біз нені сүйеміз?

Оқушы:Отанды,ата-ананы,халқымызды,достарымызды,табиғатты.

Алтынай: Біз нені ажырата білеміз?

Оқушы: Жақсылық пен жамандықты,арамдық пен адалдықты.

Алтынай: Біз кім боламыз?

Оқушы: Адаал азамат,оқымысты ғалым,елді,жерді сүйетін нағыз адам боламыз.

Ән:"Өз елім".орындайтын: Жігіттер тобы.

Алтынай: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға

Жақын тартық ,біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнатып арамызда.













Мұғалім: Мұғаліммін, мұғалімді білемін,

Сан жыл өтсін ұмытпайтын түлегін

Ойлылық пен парасатты меңзеген

Нұрға бөлеп шәкіртінің жүрегін

Мұғаліммін,мұғалім боп қиналам,

Мұғалімдер өмірдегі сыйлы адам

Шәкіртінің білімі мен білігі

Бар байлығы күнделікті жинаған.

Мұғаліммін,мұғалімміндер қилы адам

Бірін-бірі туысындай сыйлаған

Балдырғаны таңдай білсе тура жол

Бақыты сол өмір бойы қимаған.

Мұғаліммін оқушымды түсінем

Алғыс алдым үлкеннен де кішіден

Әділдікті ту ғып ұстап ұашанда

Ізгілікті байқатыңдар ісінен.

Хормен:Берген білім ерең күш,

Ұстаздарға мың алғыс!

Ендеше осы 4 жыл ішінде бізге /бізге орыс тілі,музыка ,экономика пәнінен жан-жаұты білім бергені үшін пән мұғалімдеріне алғысымыз шексіз/

Жетілдіріп жеткеншектер білімін

Сырын ашқан орыс тілінің

Гүлшаһар апай еңбегіңді бағалап,

Сізге шексіз алғыс айтар сынбымым.

Бизнес тек экономикадан тарайды,

Таусылмайтын кенге өзіңе балайды.

Талай шәкірт мақтан тұтар

Дана апайды.

Қай кезде де бағып сілтеп көлемді,

Бізге үйреткен музыкадай өнерді.

Ержан ағай ,ісіңізді бақ тауып,

Шығардыңыз талай талант өнерді.

Сүйікті ұстаздарымыздың құрметіне:"Жастар биін" қабыл алыңыздар.

Ажар: Құрбыласпыз ,тұрғыласпыз,

24 -іміз гүлдейміз

Таланттымыз,

Қанаттымыз,

Жақсы оқимыз

Сабақтымыз

Себебі біз

Бір класпыз.

Ән:"Асыл досым"орындайтын: Бораш Гүлмира, Баянмонх Назым.

Мұғалім:Міне,мерекеміздің ең салтанатты кезеңіне де келіп жеттік:

-5-ші сыныпқа көшуші бастауыш сынып оқушыларының анты:

-Тәуелсіз Қазақстанымыздың!

-Ата-ана аналарымыздың!

-Ұстаздарымыздың!

-Сүйікті мектебіміздің алдында:

-Сабағымыздың тек қана 4 пен 5 -ке оқып,шыншыл болуға

-Үлкендерді сыйлап,кішіге қамар болуға

-Құлағымыздың жанынан қиын болса да сұрақты өткізбей еі жақсы қақпашы сияқты қағып түсіруге.

-Мұғалімдерді 100 градустық температураға дейін ашуландырып,қыздырмауға.

-Білім теңізінің ең тереңіне сүңгіп ,жақсы және өте жаөсы деген бағалалар алуға.

- Мектебіміздің атына кір клтірмеуге .

-Тәртіпті ,үлгілі болуға.

-Өзіміздің ұстазымыз Гүлнар апайымыздың атына кір келтірмеуге ант етеміз,ант етеміз.

Ән:Сыныптастар құрдастар орындайтын: Хор.

Оқушылардың ата-аналарға арналған жүректен шыққан тілектері/3-4 оқушы айтады/.

Ән:"Балдәурен".орындайтын:Зейнолла Дайана

Назым: Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең , сенің екі анаң бар

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар

Туған анаң болмаса ойнамас ең ,күлмес ең,

Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең

Ұстаз анаң болмаса сен өмірдің

Мәні менен мағынасын білмес ең.

Ән :"Ұстаз бен шәкірт" орындайтын:Ұстаз бен оқушы.

Мұғалім:"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"-дегендей Шәкірттерімді қалай білімді етіп шығарамын деп әрбір күнін,әрбір сағатын ізденіспен ,оқумен өткізетін ұстаз уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалады.

Бастауыш сыныптың 4 оқу жылы аяқталып,сынып балалары орта буынға аяқ басқалы отыр.Бастауыш сыныпта оқытқан шәкірттерім,жоғарыға аяқ басқан сайын ұстаз жүрегіне тәтті қимастық,сағыныш,болашаққа деген сенім баурап ерекше күйге түсесің.Осы күй ұстаз жүзінде,ерекше қимастықпен сағыныш сезіммен қатар мақтаныш сезімі қатарласа келеді.Білімнің қыр-сырын үйреткен,ыстық мейірімге толы шәкірттерімді бір белеске шығарып салу.

Міне,осы шәкірттерім тәрбиелі Егемен еліміздің еңселі қл мен қыздары болып өсіңдер демекпін.

Алдымда білім қуған ұландарым,

Қатайсын қанаттарың қырандарым

Кеше ғана кіріп ең тарыдай боп,

Бастауышпен қоштастың бүгін бәрің

Қияға қанат бітіп шарықтаңдар

Білімді боп өсіңдер ,жалықпаңдар,

Сапарың сәтті болсын ұл мен қызым

Ұмытпаңдар ұстаз салған із барын.











































































х

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі