400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүйрек саулығына қатысты кеңестер

Материал туралы қысқаша түсінік
Конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүйрек саулығына қатысты кеңестер



Сау бүйрек тәулігіне қанды 300 рет тазалауы тиіс.

Әлемдік статистикада бүйректің созылмалы ауруы өлімге алып келетін алтыншы себеп екені көрсетілген. Жалпы бүйрек дертіне шалдыққандардың саны — 850 миллион болса, жыл сайын олардың 2,4 миллионы өмірімен қош айтысады.

Бүйректеріміздің әрбірі шамамен 10-12 см және 150-200 грамм салмақты құрайды. Қан мен сүйектеріміз үшін қажетті гормондарды бөледі. Бүйрек күніне 24 сағат артық сұйықтық пен зат алмасудан қалған токсиндерді шығарып отырады. Сау бүйрек тәулігіне қанды 300 рет тазалауға қауқарлы. Яғни, орташа есеппен 1500 литр қан әр күн сайын бүйрек арқылы өтіп тұрады.

Көбіміз ісу, бас ауруы мен шаршаудың өзі — дәрігерге көрінудің алғашқы белгілері екенін біле бермейміз. Ағзамыздың сүзгісі болған бүйрекке – инфекция, созылмалы дерттер, нашар экологиялық ахуал, дәрілер, тағамдық токсиндер, темекі тарту, алкоголь, салауатты өмір салтын сақтамаудың барлығы да өз әсерін тигізеді. Бүйрек аурулары көбінесе білінбей жүріп, пайда болады. Алайда, адамдар сол белгілердің несеп-жыныс жүйесіне тікелей қатысы барына назар аудара бермейді екен. Өкінішті-ақ!

Осыншалықты өмірлік маңызды мүшенің саулығы бірінші ретте қарастырылуы қажетті мәселе. Дәрігерлер бүйректің 70-80 пайыздық деңгейде зақымданғанға дейін белгі бере бермейтіндігін айтып, тексеріліп тұруға кеңес береді. Әсіресе 40 жастан асқандарға жылына бір рет тексеріліп тұрғаны жөн. Бүйрек жетіспеушілігі ерте анықталған жағдайда алдын алуға болатын және ілгерілеуін тежеуге болатын кесел. Ал асқынған жағдайы мүгедектікке, тіпті одан да қайғылы нәтижеге апаруы мүмкін.

Есте сақтаңыз. Бүйрегі ауыратын адамдардың 96%-ы уақыт өткізіп алса, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығатын болады.

Бүйрек саулығын сақтаймын десеңіз, төмендегі кеңестерге жүгініңіз:

Көптеп су ішіңіз. Бүйрек денедегі қалдықтарды сүзіп шығару үшін суға қажеттілігі бар.

Темекі тартпаңыз. Темекі ішіндегі химиялық элементтер бүйрек арқылы зәрмен сыртқа шығады. Осы арада бүйрек жасушаларына әсер етіп қатерлі ісіктің қалыптасуына себеп болуы мүмкін.

Ауруды басатын дәрілерді көп тұтынбаңыз. Ауруды басатын дәрілерді ұзақ уақыт көп тұтынған жағдайда бүйрек қатерлі ісігіне жол ашуы мүмкін. Жалпы дәрі-дәрмек атаулыны бет алды көп қолданбаған жөн.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Дене жаттығуларын жасап жүріңіз, салауатты қоректеніңіз.

Тағамдардағы тұз мөлшерін мейлінше азайтыңыз. Тұздың күндік мөлшері 6 грамнан аспағаны жөн.

Артық салмақ бүйректің жауы. Салмақты қалыпты деңгейде ұстаңыз.

Қандағы шекер мөлшерін, қан қысымын бақылауда ұстаңыз.

Күніне бір алма жеп тұру бүйрекке пайдалы келеді.

Асқабақ және асқабақ дәні қандағы қант деңгейін реттеп, бүйректі тазалау тұрғысынан және тас пайда болуының алдын алуда пайдалы.

Ақжелек (петрушка) бүйректердің токсиндерді шығаруын, жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жыныстық және жүйке жүйелеріне болымды әсері бар.

Бүйрек ауруларына генетикалық бейімділігіңіз жоғары болса, дәрігерге қаралып тұрыңыз.

Ең бастысы, денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.03.2025
183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі