|
Басталуы
5 мин
|
Денсаулық сақтайтын технологиялар
«Цветотерапия»
- оқушылардың зейінін
шоғырландыру
(Д), (К) «Миға шабуыл» оқушылардың назарын
аудару,монитордағы суреттер арқылы сабақ тақырыбын
ашу.
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ
анықтау
- оқушылардың «жақын
даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл
бөлу
|
Оқушылар амандасып, бір-біріне
сәттілік тілейді.
|
Қалыптастырушы
бағалау: Бірін – бірі
бағалау.
|
Стикер, флипчарт,
скетчбуктар (жұмыс дәптерлері), формат А4,A3 т.б.
|
|
Ортасы
10мин
10 мин
5 мин
|
Сабақ
барысы.
Сымтемір туралы
қысқаша ақпарат бересіз.
Сымтемір-ұзын, жіңішке
металдан жасалған бұйым.Сымтемір орам түрінде шығарылады. Сымтемір
электр сымдарын, музыка аспаптарының ішектерін, ине, шеге,серіппе,
шынжыр, металл торлар және т.б. жасауға қолданылады. Өндірісте
қолданылуына байланысты болат, мыс, алюминий түрінде өндіріледі.
Сымтемірден бұйымдар жасамас бұрын алдымен оны түзетіп алу керек.
Яғни түзеу, қию және иіу процесстерін үйреніп алу керек.Жуан болат
сымдарды темір балғамен түзесе, жұмсақ сымдарды қолменде
түзейді.Жұмсақ,жіңішке сымдарды тақтайға шегеленген шегелердің
арасынан өткізу арқылы, жұмыр темірді айналдыра өткізіп екі жағынан
кезек тартқылау арқылы түзеуге болады. Жуан сымдарды шапқының
көмегімен, жіңішке сымдарды тістеуіктің көмегі арқылы кесуге
болады. Жуан сымдарды төс темірге қойып,балғамен түзеу немесе
слесарь қысқышына қысып иеді. Жіңішке сымдарды тістеуіктің
көмегімен иеді.
Оқушылармен келесі
сұрақтарды талқылаңыз:
•Шығармашылық ойды және
пішіндерді беру үшін сымтемірді қалай қолдану
керек?
Бұйым жасаудың
технологиясы:
1. Әрбір бөлшекке қанша
сымның жұмсалатынын нақты есептеу. Қолдан шынжыр тоқуда жұмсақ сым
қолданылады.
2. Әр топта бас
қатырғыш жасау

Сым темірді өрнектер
бейнесіне келтіру өте сезімталдықты, іскерлікті талап етеді. Мұнда
сымның калыңдығы да ecкepіледі. Өрнектердің шағын бөлшектері
жіңішке сымнан, ал күрделі бөліктері жуан сымнан
жасалады.
Қалыптастырушы
бағалау. (ҚБ)
(Ө)
(Ж) Оқушылар сымтемір
материалын зерттеу үдерісінде бүгу, сындыру, кесу жұмыстарын
жасаулары мүмкін.
Бір біріне қолдау
көрсетуі үшін олар жұппен де жұмыс істей алады. Сымтемірден
жануарлар пішінін жасау үшіноқушылар өз альбомдарында суреттер
салады. Оларды қызықтыру мақсатында оларға өздері жақсы көретін үй
жануарлары мен құстары, аңдар мен теңіз жануарларының бейнесін
жасатқызамыз. Оларға идея ұсыну мақсатында
[1] сілтемеден суреттерді
көрсетеміз. [2] сілтемеден бейне
материал көрсетіледі.
Осыдан кейін барып
олар сарамандық жұмысты бастайды.
Оларға
қандай бұйым жасайтынын ұсыну қажет.
Мысалы:
-
эскизді
жасау;
-
сызба сызу (өлшемдер
қою);
-
бұйымды
жасау;
-
ТҚЕ –не нұсқау
беру.
1. Әр оқушыға өз
альбомдарында жақсы көретін жануардың эскизін
салдыртамыз.
2. Эскиз үзіксіз сызық
түрінде ғана салынады. Себебі сым темірді сызық бойымен иіп отыруда
қажет болады. 3. Салынған суреттегі сызықтар бойымен сымды иіп,
белгілі пішінге келтіру.

2.
Қауіпсіздік техникасынміндетті түрде
ескертеміз. Бұл жерде оқушылар
балға, тістеуік, шеге сияқты құралдарды қолданады. Аталған
құралдармен жұмыс жасауда жарақат алып қалмауын
ескертеміз.

Балға Тістеуік
(плоскогубцы)
(ҚБ) Оқушыларжасаған
жұмыстарын бүкіл сынып алдында көрсетеді, бұйымды жақсарту
мақсатында кемшіліктерін айтып ортаға салады,
бағалайды.
Экологиялық жауапкершіліктің
артуы: Экологиялық таза
материалдарды қолдану арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілікті
түсіну.
|
Оқушылар топтасып
ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.
Оқушылар әрбір
таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады
Жұмыс дәптерінде тапсырма
орындау
|
Дескриптор
Алынған өлшемдер арқылы
бұйым дайындауға қажетті материалдарды қол еңбегі құралдарымен
өңдейді;
Әр түрлі материалдардан
дайын өлшемдер негізінде қарапайым бұйымдар
дайындайды.
|
Шынжыр
жасау:
https://www.youtube.com/watch?v=CL0cXI4f_qo
1)
http://www.architectureartdesigns.com/33-amazing-diy-wire-art-ideas/
2)
https://www.youtube.com/watch?v=Q3B3Ay_D19I
http://igrushka.kz/vip85/podpro.php
Көшірме қағаз, А4
форматы, қалам, сызғыш, ара, қылара, зімпара, темір кесетін қайшы,
егеу, балға.
|