400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұйымдар дайындаудағы шабақтық қосылыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
өндіріс шеберлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің өндірістік оқыту шебері Кабылов Мурат Камилович

Сабақтың тақырыбы:  «Бұйымдар дайындаудағы шабақтық қосылыстар»

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды мамандыққа қызықтыру, шабақ түрлері туралы мағлұматтар беру және дайындау әдістерін үйрету.

  • Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке және еңбек тәртібіне баулу.

  • Өздік кәсібилік қабілеттерімен бірге ой-өрістерін жетілдіру

Сабақ түрі: Өндірістік сабақ.

Оқыту әдісі:  ауызша (әңгімелесу, түсіндіру, техникалық құжатпен жұмыс істеу); көрнекілікті қолдану (шебердің әдіс-тәсілімен қоса өзінің жұмыс тәжірибиелін көрсету, оқу-көрнекі құралдары, ); практикалық әдістер (кешенді оқу-өндірістік жұмыстары).

Оқыту құралдары:

  • Қолданылатын  материалдары (ағаш дайындамалар);

  • Қолданылатын аспаптар, сайман- құралдары (ара, сүргі, қашау, балға, балта, бұрғы т.б.).

  • Дидактикалық материалдар (жұмыс дәптері, нұсқаулы-техникалық картасы, үлестірмелі-тапсырмалар, тест,).

  • Жабдықтар: (верстак).

Ішкі пән байланысы: 

  • Материалтану;

  • Еңбек қорғау;

  • Арнайы технология.

Сабақ өткізілетің орыны: Ағаш ұстасы шеберханасы.



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

ә) Оқушылардың арнайы киімдерін тексеру.

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Кіріспе бөлім

  1. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

  2. Сабақтың мақсатын хабарлау.


III.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Қашауды не үшін қолданады? Қашаудың қандай түрлері бар және оларды қандай материалдардан жасайды?

  2. Тік бұрышты және тесіп өтетін ойықтарды қалай қашайды?

  3. Қашаумен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі?

  4. Электр қашаулары және олармен жұмыс істеу?

  5. Бұрғыны не үшін қолданады және оның қандай түрлері бар?

  6. Айналдырғы бұрғының құрылысы қандай және онымен жұмыс істеу тәсілдері?

  7. Электр бұрғылары және олармен жұмыс істеу әдістері.

Қауіпсіздік техникасы ережелері қандай?

IY. Жаңа сабақтын тақырыбымен танысу

Бұйымдар дайындаудағы шабақтық қосылыстар

Ағаш бұйымдардың кесінділерін шабақтар арқылы біріктіреді. Ол екі элементтен: шабақтан, ойықтан немесе құлақшадан тұрады. Шабақ кеспелтек кескінділердің ұшындағы шығыңқы жері, ол басқа бір ағаштың ойығына немесе құлақшасын сәйкес болады. Шабақтар жекеленген (3.1,а-сурет), қосарлы (3.1,б-сурет), көптеген ретті (3.1,в-сурет), яғни екеуден де көп болады.

Тұтас шабақ – ол бір кеспелтекті құрастыратын шабақ.

Ендірме шабақ дегеніміз – кеспелтек ағаштан бөлек жасалған шабақ. Дөңгеліктеніп көлденең кесілген шабақ – дөңгелек шабақ деп аталады (3.1,г-сурет).

«Қарлығаш құйрығы» тәрізді шабақ (3-1,д сурет) тең бүйірлі трапеция профилі түрінде болды. Оның қырлары ұшында үлкен негізгі болады. Тік бұрышты трапеция тәрізді шабағы ұшында үлкен негізі бар бір қатарлы «қарлығаш құйрықты» шабақ болады.

Тісті шабақ үш бұрышты немесе трапеция түрінде болып, оның кіші негізгі шабақ ұшының қыры болып табылады (3.1,-з сурет), ал қос тісті шабақ (3.1,ж сурет) – тең бүйірлі ұшбұрыш күйінде болады.

Жекеленген және қосарлы шабақтарды терезелерді, рамалы есіктерді, жиһаздар жасауда қолданады; «қарлығаш құйрықты» шабақты жәшік, қорап дайындауда; тісті шабақтарды детальдарды желіммен (тұтастыра) ұзындығына қарай біріктіргенде пайдаланады.

Бұдан басқа дөңгелек ендірме шабақтар майда ағаш қалдықтарын (дайындамаларды) ені бойынша біріктіру жұмысында қолданылады. Қараңғыдағы шабақ пен жартылай қараңғыдағы шабақтар (3.1, н, о-сурет) рама жиһаз және басқаларын дайындау кезінде пайдаланылады.

Қараңғыдағы шабақ тік шеттерін біріктіргенде ғана қоланылып қоймай, ойықтар шеті білінбей тұратын жағдайларда қажет болып табылады, өйткені ойықтар жиегін тегіс қылып істеу қашанда қолдан келе бермейді. Міне, осы кемшілігін білдіртпеу үшін қаракөленке тесік жасайды, яғни шабақтың енінен алдымен бір жағынан немесе екі жағынан да бір бөлігін жонып тастайды. Шабақ құлақша жасап шығару үшін төрт жағынан талап етілген шамамен сүрленген, алдын ала белгілі салынған өңделген кеспелтек ағаштар қажет.





Ү. Өтілген сабақты пысықтау.

1.Ағаш бұйымдарының кесінділерін біріктіру үшін не қолданылады ?

2. Шабақтың қандай түрлері бар ?

YI. Өткен нұсқаулар

Бірінші қарау:

  • Жұмыс орынын тексеру, құрал-жабдықтармен дұрыс пайдалануды тексеру мақсатымен жүріп қарау.

  • Пайдалану амалдарын дұрыстығын, ҚТ ережесін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастырудыназар аудару.

Екінші қарау:

  • Тапсырманы игере алмаған студенттерге бақылау көрсету.

  • Студенттердің өз гигиенасын қарау және жұмыстын сапасына назар аудару.

Үшінші қарау:

  • Жұмысты қабылдау.


Жұмыс қорытындысын бағалайтын көрсеткіштерімен қорытынды бағаларын қою.

VI.  Қорытынды нұсқау

  • Сабақ қорытындысын жасау.

  • Сұраққа жауап берген студенттерге және тәжірибе тапсырмаларға баға қою.

  • Жақсы жұмыс істеген студенттерге белгілеу және нашар студенттке көмек көрсету.

  • Жұмыс орнындарын және құралдарды қабылдау.

  • Үй тапсырмасы: өткен тақырыптарды арнайы технология пәнінен қайталау.

  • Жұмыс орнын жинау.

YII.Үй тапсырмасы: Бұйымдар дайындаудағы шабақтық қосылыста

YIII. Пайдаланылған әдебиеттер «Ағаш шебері» Б.Дүрманов, Р.Асанбаева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі