400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бұйымдар туралы жалпы түсінік. Тетіктерді біріктіру туралы жалпы мәліметтер»

Материал туралы қысқаша түсінік
бұйымдар мен тетіктерді біріктіру туралы мәліметтер беру, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету. шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту. оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дамытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Сыныбы: 9''A'', ''Ә''

Күні: 18.02.2019 ж.

Тақырыбы: «Бұйымдар туралы жалпы түсінік. Тетіктерді біріктіру туралы жалпы мәліметтер»

Мақсаты:

Білімділік бұйымдар мен тетіктерді біріктіру туралы мәліметтер беру, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету;

Дамытушылық шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дамытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Әдістері: көрнекілік әдіс, баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: А2 пішіміндегі қағаздар, оқулық, дәптер, маркерлер, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (кеспе қағазбен жұмыс)

Мына кеспе қағаздағы аяқталмаған анықтамаларды,көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазыңдар.

1.Тетікті бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықпен ойша қиғанда алынатын кескін (тілік) деп аталады.

2.Тіліктің қимадан айырмашылығы: тілікте қиюшы жазықтығына ғана емес, сонымен бірге қиюшы жазықтықтың (арғы) жағында жатқандарды да көрсетеді.

3.Қиюшы жазықтықтың проекция жазықтығына қарағандағы орналасуына байланысты тіліктерді (горизонталь, вертикаль және көлбеу) тіліктер деп бөледі.

4.Қарапайым тіліктер – тетікті ойша (бір) ғана қиюшы жазықтықпен қию барысында алынған тілік.

5.Екі және одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынатын тіліктер (күрделі) тіліктер деп аталады.

6.Күрделі тіліктер (сатылы және сынық) тіліктер болып екіге бөлінеді.

7.Бірнеше параллель қиюшы жазықтықтармен орындалған тіліктер (сатылы) тіліктер деп аталады.

8.Нәрсені параллель емес, қиылысатын жазықтықтармен қиюдан алынатын тіліктер (сынық) тіліктер деп аталады.

9.Егер көрініс пен тілік симметриялы кескіндер болып табылса,онда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіреді,бұл жағдайда көрініс пен тілікті бөліп тұратын сызық симметрия осі болады,ол (штрихпунктир) сызықпен жүргізіледі.

10.Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктірудің ерекше жағдайы (жергілікті) тілік деп аталады.

Сыныпты 3 топқа 1, 2, 3 саны арқылы бөлу: І топ «Бұйымдар»; ІІ топ «Ажырайтын біріктірулер»; ІІІ топ «Ажырамайтын біріктірулер». Топқа бөлініп болған соң мәтін таратылады.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

І топ: «Бұйымдар»

Бұйымдардың көпшілігі әр түрлі өндірістік кәсіпорындарда дайындалады, сондықтан да оларды өндірістік бұйымдар деп атайды.

Адам қолымен немесе өндірістік тәсілмен жасауға болатын нәрселер, нәрселер жиынтығы, машина, аспап және т.б. бұйым деп аталады. Стандартта бұйымның мынадай түрлері тағайындалған: тетіктер, құрастырмалы бөліктер, комплекстер, комплектілер.

Біртекті материалдан құрастыру операцияларын орындамай дайындалған бұйым тетік деп аталады.

Құрастырмалы бөліктерді дайындаушы кәсіпорында біріктірілетін бұйым құрастырмалы бірліктер деп аталады.

Дайындаушы кәсіпорында құрастырылмаған, бірақ өзара байланысты эксплуатациялық қызметтерді атқаруға арналған екі және одан да көп арнайы бұйымдар комплекс деп аталады.

Дайындаушы кәсіпорында құрастыру операциялары арқылы біріктірілмеген және көмекші сипаттағы жалпы эксплуатациялық қызметтер атқаратын бұйымдардың жиынтығы түріндегі екі және одан да көп бұйымдар комплект деп аталады.

ІІ топ «Ажырайтын біріктірулер»

Құрастырмалы бөліктердің тетіктері бір-бірімен әр түрлі біріктіріледі. Бұйым тетіктерін біріктіру түрі ажырайтын біріктіру немесе ажырамайтын біріктіру болып бөлінеді.

Тетіктерді, олардың құрамына енетін және біріктірілетін элементтерді бүлдіріп алмай, бірнеше рет бөлшектеу мен қайта жинау мүмкін болатын біріктіру ажырайтын біріктіру деп аталады.

Бұрандалы біріктіру (болттық, винттік, бұрамасұқпалы) шлицтік, кілтектік (шпонды), штифтік біріктірулер ажырайтын біріктіруге жатады. Ажырайтын біріктірулерді сызбада тілікте көрсетеді. Бекітуші тетіктердің өлшемдері сызбаға түсірілмейді.

Болттық біріктіру – тетіктерді болттың, сомынның және шайбаның көмегімен біріктіру.

Винттік біріктіру деп тетіктерді біріктірілетін тетіктердің біріне бұрылатын винттің немесе винттің, шайбаның және сомынның көмегімен біріктіруді айтамыз (189-сурет).

Бұрамасұқпалы біріктіру - тетіктерді бұрамасұқпаның көмегімен біріктіру, мұнда оның бір ұшы біріктірілетін тетіктердің біріне бұралады, ал екінші ұшына біріктірілетін тетік, шайба кигізеді де, олар сомынмен бекітіледі (191-сурет).

Кілтектік біріктіру - тетіктерді кілтектің көмегімен біріктіру, мұнда кілтек біліктің жырақшасына қойылады және біріктірілетін тетіктің кілтектік жырақшасына кірігеді (193-сурет).

Штифтік біріктіру – біріктірілетін тетіктерге штифтіні тығыз отырғызу көмегімен жүзеге асырылатын біріктіру(195-сурет). Штифтер цилиндр және конус пішінді болады. Штифтік біріктіру тетіктердің өзара орналасуын дәлме-дәл анықтауға арналған, сондай-ақ аса көп емес салмақтың әсері кезінде біріктіруші тетіктер ретінде пайдаланылады.


ІІІ топ «Ажырамайтын біріктірулер»

Ажырамайтын біріктірулердің түрлері: тойтарып, пісіріп, дөнекерлеп, желімдеп, тігіп біріктірулер.

Тойтарып біріктіру - екі тетікті тойтарманың кемегімен біріктіру
Тойтарманың бір ұшында бастиек болады да, екінші ұшы тойтарылады.
соққының жөне серіппенің әрекетінен жұмыс істейтін құрылғыларда, сондай-пісіруге келмейтін металдан жасалған тетіктерді біріктіру үшін қолданылады(197-сурет).

Пісіріп біріктіру - тетіктердін материалын балқу жағдайына дейін қыздыру жолымен жүзеге асырылатын біріктіру. Пісіру нәтижесінде біріктірілетін жиектердің балқу кристаллизациясы немесе біріктірілетін тетіктер жасалған металдарының молекулалары бөлшектерінің диффузиясы жүреді. Пісіру жігі сызбада тұтас негізгі және штрих сызықтармен көрсетіледі (198-сурет). Шығыңқы сызық біржақты нұсқамамен аякталады.

Дәнекерлеп біріктіруде металл тетіктерді дәнекер деп аталатын қосымша металл немесе қорытпаның көмегімен біріктіруді айтады, мұнда біріктіретін жерді қорытпаның балқу температурасына дейін қыздырады. Дәнекерлеп біріктіруде элементтерді біріктірудің орны көріністер мен тіліктерде 2s жуандықтағы тұтас сызықпен кескінделеді. Сызбаларда дәнекерлеп біріктіруді белгілеу үшін жарты шеңбер түріндегі таңба тағайындалған (199-сурет).

Желімдеп біріктіру - тетіктерді, өртекті материалдарды желімдеуге мүмкіндік жасайтын әр түрлі желімдердің кемегімен біріктіру. Желімдеп біріктіру шығыңқы сызыққа түсірілетін шартты таңбамен белгіленеді (200-сурет).

Тігіп біріктіру – жұмсақ материалдарды бір-бірімен жіптің көмегімен біріктіру. Тігіп біріктірулердің сызбаларында жікті тұтас жіңішке сызықпен кескіндейді және N таңбасымен белгілейді, ол шығыңқы сызыққа тұтас жуан негізгі сызықпен түсіріледі. Шығыңқы сызықты жікті кескіндейтін тұтас жіңішке сызықтан бастап нұсқама қоймай жүргізеді(201-сурет).


IV. Топтық жұмыс

Топ болып бірігіп мәтінді оқып постер дайындап, қорғайды.

V. Сабақты бекіту

Алған мәліметтерін бекіту негізінде үш топ бір-біріне жіңішке (оңай), жуан (қиын) сұрақтар қояды.

 «Сөз жұмбақ» шешу (біріктіру):

1. Тетіктерді болттың, сомынның және шайбаның көмегімен біріктіру (болттық)

2. Тетіктерді, өртекті материалдарды желімдеуге мүмкіндік жасайтын әр түрлі желімдердің кемегімен біріктіру(желімдеп)

3. Металл тетіктерді дәнекер деп аталатын қосымша металл немесе қорытпаның көмегімен біріктіруді немесе біріктіретін жерді қорытпаның балқу температурасына дейін қыздыратын біріктіру(дәнекерлеп)

4. Тетіктердін материалын балқу жағдайына дейін қыздыру жолымен жүзеге асырылатын біріктіру(пісіріп)

5. Тетіктерді кілтектің көмегімен біріктіру, кілтек біліктің жырақшасына қойылып біріктірілетін тетіктің кілтектік жырақшасы(кілтектік)

6. Екі тетікті тойтарманың кемегімен біріктіру тойтарманың бір ұшында бастиек болып, екінші ұшы тойтарылып соққының және серіппенің әрекетінен жұмыс істейтін құрылғыларда, сондай-ақ пісіруге келмейтін металдан жасалған тетіктерді біріктіру(тойтарып)

7. Тетіктерді біріктірілетін тетіктердің біріне бұрылатын винттің немесе винттің, шайбаның және сомынның көмегімен біріктіруді(винттік)

8. Тетіктерді бұрамасұқпаның көмегімен біріктіріп, оның бір ұшы біріктірілетін тетіктердің біріне бұралады, ал екінші ұшына біріктірілетін тетік, шайба кигізеді де, олар сомынмен бекітілетін біріктіру(бұрамасұқпалы)

9. Негізі кеңістіктегі нүктелердің ара қашықтығы , екі нүктенің арасындағы ең қысқа сызық (түзу сызық)

VI. Бағалау

Оқушыларды үй тапсырмасын орындауына, топтағы белсенділігіне, сабақтағы тәртібіне байланысты бағалау

VII. Үй тапсырмасын беру

§ 33, 34, 35 оқу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
2183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі