Бүкіләлемдік тартылыс заңы, 9сынып ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүкіләлемдік тартылыс заңы, 9сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша сабақ жоспары 45 минутқа арналып жасалған. тақырып бойынша тапсырмалар, бағалау үшін дескрипторлар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Бүкiләлемдiк тартылыс заңы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.6 Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану


Сабақ мақсаттары

  • Гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсінеді;

  • Гравитациялық өрістің күш сипаттамасын біледі;

  • М массасымен одан r арақашықтықта материалдық нүкте гравитациялық өрісінің күш сипаттамасын біледі;

  • Бүкіләлемдік ауырлық күші заңын есептер шығарады және талдай алады.

Сабақ барысы


Сабақтың кезеңі / уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы






Сыныпта қалыпты атмосфера ұйымдастыру.

Сабақ мақсатымен танысу.

Белсенді жұмыс



Оқушылардың сұрақтар арқылы ойын жаңа тақырыпқа әкеледі.



Сұрақтардың жауабын толықтырып отырады.

Бқл сұрақтар оқушылардың ойлау дағдысын дамытады.


(G,I) Активити

  • Неліктен денелер құлайды?

  • Егер ғарышта ауа жоқ болса, онда гравитация бар ма?

  • Денелердің бір бірін тартуы ауа арқылы бола ма?

  • Салмақ және масса арасындағы айырмашылық қандай?

  • Неліктен Сіз Айда аз салмақта боласыз?

  • Егер айда сіздің салмағыныз аз болса, онда сіз Айда арықтау боласыз ба?

  • Барлық денелер гравитация себебінен бірдей үдеуге ие ме?

Ауызша бағалау

«Жақсы,

өте жақсы, жарайсың»





Интерактивті тақтада


Презентация









Сабақтың ортасы


Жаңа материал

Бүкіләлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасы:

Кез келген екі дене арасындағы өзара әсерлесу күші, олардың массаларының көбейтіндісіне тура, ал ара қашықтықтарының квадратына кері пропорционал.


Бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласы

Түсіндірме сурет

Түсіру нүктесі және бағыты:

Екі дененің центрлерінен бір түзудің бойында бір-біріне қарай бағытталады.

G гравитациялық тұрақтысының физикалық мағынасы: бір-бірінен 1 м қашықтықтағы, әрқайсысының массасы 1 кг денелердің арасындағы әсер күшіне тең физикалық шама.

Топтық жұмыс



Топта бірігіп жұмыс жасауына нұсқаулық береді.

Оқушылардың топта жұмыс жасауы ұйымшылдыққа, қабілетті оқушы сыныптастарына көмек беруіне ықпал етеді.

Оқушылардың топта жұмыс жасауын бағалайды.



Қорытынды жасайды.





Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау жұмысы


Оқушылар тапсырманы орындайды

Тапсырма:

Ауырлық күші мен тартылыс заңы формулаларын қолданып, гравитациялық өріс кернеулігінің (еркін түсу үдеуі) өрнегін қорытып шығару;



Оқушылардың бірі қорыту жолын тақтада көрсету арқылы өз-өздерін тексеру.

Гравитациялық өрістің кернеулігі (еркін түсу үдеуі)

Оқушылар сұрақтарға жауаптарын береді.

  1. Гравитациялық өріс кернеулігі тәуелді шамалар?

  2. Неге Айдағы g Жерден өзгеше?

  3. Адамның салмағын қалай ұлғайтуға болады?


Топтық жұмыс

1-топ

Сынып бөлмесінде бір-бірінен 2,25 м қашықтықта отырған массалары 79,5 кг және 60,0 кг екі студенттің арасындағы гравитациялық тартылыс күші қандай болады?

2-топ

  1. Бір бірінен 1,00 *10-10 м ара қашықтықта орналасқан екі протон арасындағы тартылыс күшін есептеңіз. Протон массасы 1,67*10-27 кг.

3-топ

Ғаламшардың орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2. Ғаламшардың массасын табыңыз.

4-топ

Марстың массасы 6 1023 кг, радиусы 3300 км. Дененің Марс бетіндегі еркін түсу үдеуін есептеп шығарыңдар.

5-топ

Массасы 1 кг шар жерге қандай күшпен тартылады: Жердің массасы 61024кг, шардың массасы 1 кг, олардың центрлерінің ара қашықтығы жер радиусына 6,4106м-ге тең.

6-топ

Массалары 1000кг екі дене арасындағы қашықтық қандай болғанда

әсерлесу күші 6,67*10-9Н-ға тең болады?


Жеке жұмыс

1-нұсқа

Егер бірінші дене массасын 2 есе ұлғайтса не болады?

2-нұсқа

Денелердің өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді, егер олардың арасындағы қашықтық екі есе азаяды?


















Ауызша бағалау

«Жақсы,

өте жақсы, жарайсың»





















Топта шығарылған есептің дескрипторы

Негізгі формуланы жазады -1б

Белгісіз шаманы анықтайды – 2 б

Сандық мәнін дұрыс есептейді -2б

Топта бірігіп жұмыс жасау белсенділігіне -1б

Барлығы 6 балл











Жеке жұмыс

Бүкіләлемдік тартылыс заңының негізігі формуласын жазады -1б

Формуладағы шамаларды сипаттайды – 1б

Тапсырманың жауабын дұрыс шешеді -1б

Заңның пайдалану аймағын жазады -1б

Барлығы -4балл


Презентация















А4 қағазы




Таратпа материал





Сабақтың соңы


Кері байланыс





Үй тапсырмасы:


Неге сіздің үстелдегі екі дененің өзара әрекеттесуі байқалмайды?



Оқушылар сұраққа жауап береді.


Барлығы 10 балл

Презентация



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.08.2024
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі