Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұл – менің інім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобына орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін жас мамандарға әдістемелік көмекші құрал.Жаңа форматқа арналып қысқа мерзімді жоспар құрылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

тақырыбы: Бұл – менің інім

Мектебі/МҰ: М.Мәметова атындағы ЖББОМ

Күні, айы:

педагогтің аты-жөні: Избасарова К.Д

Мектепалды сыныбы/тобы:

ҰоҚ-ға қатысқан тәрбиеленушілер саны:

ҰоҚ-ға қатыспаған тәрбиеле нушілер саны:

оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.3.1.1 Ақпаратты сурет, иллюстрациядан табу және сәйкестендіру

0.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/ септік жалғауларын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана алады. Мұғалімнің көмегімен отбасы мүшелерін атай алады, өз отбасындағы адамдардың атын атай алады. тәрбиеленушілердің басым бөлігі:

Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады. Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдана алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

ҰОҚ-да үйренген сөйлеу/сөйлесу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады, өз пікірін білдіре алады.

ҰоҚ барысы

ҰоҚ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар


ҰоҚ басы (2–5 минут)

(ПК) Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-ға дайындығын тексеру. ҰОҚ басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру.



ҰоҚ ортасы

(6–25 минут)

(пК,Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс 1-тапсырмада педагог балалардың назарын тапсырмадағы суретке аударады. Балалардың қай жерде отырғанын, неше бала, неше педагог отырғанын сұрау арқылы өткенді қайталайды. Балалар екінші бөлім бойынша сынып, педагог, оқушы сөздерін еске түсіреді. Содан кейін педагог тәрбиеленушілердің назарын әр кейіпкердің (1-тапсырмадағы сурет) қолындағы суретке аударады. Тапсырма бойынша отбасы мүшелері атаулары қайталанады. Суреттегі әр кейіпкер отбасындағы бір адамды таныстырады, оның атын айтады: Бұл – менің анам. Оның аты – Маржан. Педагог берілген сөйлеу үлгілерін тыңдатады, қайталатады, мазмұнын түсіндіреді. Сол арқылы отбасындағы адамдардың атын айта алуға үйрететін құрылыммен таныстырады: Оның аты – ...

(МК,Ұ) 2-тапсырмада жаңа сөйлеу үлгісі қайталанады, тапсырмада берілген суреттер бойынша сыныптағы балалар әр кейіпкердің не айтқанын еске түсіреді. Тапсырманы орындау үшін педагог

1-тапсырмадағы тыңдалым материалын (аудиодиск бойынша) пайдалана алады. Балалар алғашқыда сурет бойынша тыңдайды, содан кейін өздері әр кейіпкер не айтқанын қайталауға тырысады. (Ұ) 3-тапсырмада әр бала өз отбасының суретін салады, сол бойынша тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беріп (Бұл кім? Оның аты кім?), өз отбасын таныстыруды үйренеді.

4-тапсырма балалардың каллиграфиялық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Берілгендерді бастыру және жолдан шықпай сызып шығу арқылы алғашқы жазу дағдылары жетілдіріледі.

Әліппедәптер. Аудиодиск:

3.5.1




Шығармашылық жұмыс: 5-тапсырма бойынша балаларды отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында отбасы алақанын жасатуға болады. Сыныпта балалар өз алақандарын қиып жасай алады, ал үйде осы тапсырманы орындауға ата-анасын тартады. Кейде балалар отбасындағы іні-қарындастарының да алақанын қосып дайындайды. Яғни бұл тапсырма балаларды отбасылық сүйіспеншілікке, өзара мейірімділікке баулиды.

(Ұ) 6-тапсырмада балалар «Менің інім ...», «Оның аты – » деген сөйлеу үлгілерін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән і, ң дыбыстарын қайталайды.

Аудиодиск: 3.5.6



ҰоҚ соңы

(26–30 минут)

(Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Тәрбиеленушілер ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
5086
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі