Материалдар / Бұл әлемге келген соң.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бұл әлемге келген соң.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам абыройын ар-ұжданмен байланыстыра отырып ұғындыру - өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға үйрету арқылы қайырымдылық,қамқорлық , қанағатшылдық қасиеттерін дамыту; - еңбекқорлыққа,қайырымдылыққа тәртіптілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
43
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Бөген» жалпы орта мектебі мерзімі : қыркүйек Мұғалімі: Тойшыбекова Н

Сынып: 8 Оқушылардың саны: 20 Тақырыбы: Бұл әлемге келген соң...

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: қанағатшылдық, ризашылық, тәртіптілік


Мақсаты: оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға адам абыройын ар-ұжданмен байланыстыра отырып ұғындыру

- өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға үйрету арқылы қайырымдылық,қамқорлық , қанағатшылдық қасиеттерін дамыту;

- еңбекқорлыққа,қайырымдылыққа тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2. kazbilim-edu.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл-күйге келу : «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет!


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы № 1 сабақ 8-9 беттегі «Абай жолы» романынан «Қайтқанда»үзіндіні оқып келу.

Сұрақтар:

1.Аналары Абайды қалай қарсы алды?

2.Абай өзінің наным-сенімдерге көзқарасын қалай байқатты?

3.Абайдың аналарымен қарым-қатынасын жалпыадамзаттық құндылықтар

тұрғысынан қалай түсінуге болады?

4.Ұлы Абайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар ?

5.Өзіңнің анаңмен қандай жағымды оқиғалар болды?



  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Абырой - ар еңбегі»

Қазақ мақалы

/Дәйексөзді 2 рет ұлдарға,2 рет қыздарға оқытамын/




  1. Әңгімелеу .

Адам мен құс туралы өсиет әңгіме1

 

Таңғы суықта адам терезесінің алдынан құс тауып алады. Оны қолына алғанда тірі екенін байқайды. Үйіне алып кіріп, жылытады, құс тіріледі. Құс көктемге дейін үйде өмір сүреді, күн жылынғанда адам оны еркіндікке жібереді. Бірақ қайырымды құс алысқа ұшып кетпейді, терезе алдындағы ағашта отырып, ән салады, әні бүкіл айналаға естіледі және бар әлемге таралғандай көрінеді. Енді баққа басқа құстар да келеді, айнала шуға толады. Бақ жайнап, гүлденеді.

Құс әр таң сайын күн шығысымен терезе алдындағы ағашта отырып, ән салды. Оның әні күнді ұйқысынан оятатындай, жер де әуезді үнмен оянатындай,ағаш, шөп пен гүлдер де құйқылжыған керемет әннен сұлулыққа бөленетіндей сезілетін.

Бірақ өмір бойы тыныштықта өмір сүрген және мұндай шуға үйренбеген адам құстың сыңғырлаған даусын күйзеле тыңдады, ал керемет ән оның ашуын келтіретін болды. Бұрынғы тыныштығын қайтарғысы келген ол құсты қуалай бастады:

  • Кет! Келген жағыңа ұш, әніңді сол жақта сал. Тыныш жерді сен келіп тыныштығын бұзсын деп таңдаған жоқпын, керісінше жалғыздықта және тыныштықта өмір сүру үшін таңдадым.

Құс адам тілін түсінбеді, оның жалғыз тілегені, тырысқаны – бұл өзіндегі ең қымбатты бары – таңғаларлық даусымен құйқылжыта ән салып, өзінің құтқарушысына ризашылығын білдіру еді. Енді ол одан бетер ән сала бастады. Оның әнін басқа құстар қолдап, бақты еліктіретін әндеріне толтырады, тек адамға ол әндер одан бетер қиындық туғызды. Ол құстардың тамаша әндерін естігісі келмеді, ол үшін шу болып естілді.

Адам одан бетер ашуланып, құсқа қолын сермеп:

  • Кет! Кет, қарғыс атқыр құс! – деп қуалады.

Оның қолын сермегенін көрген құс ренжіп, ұшып кетеді.Ал қалған құстар оның артынан еріп, бұлттай үйіріліп, бақтың үстіне көтеріледі де аспанға самғап кетеді. Айналада тыныштық орнайды. Дәл осындай қорқынышты, жан түршігерлік, мұң басқан тыныштықты адам ешқашан естімеп еді. Айналаны, барлық жерді тыныштық басқандықтан, адамның құлағы, кейін басы, соңында жүрегі ауыра бастады. Кенеттен бәрі көмескіленеді, жансыз және сұрланып кетеді. Адам енді өзіне, жан-дүниесіне үңіледі, алайда онда да айналадағыдай, бос және қараңғы болды.

  • Не жағдай болды? – адам өзінен сұрады. – Менде қаншама байлық бар еді ғой: сүйіспеншілік пен қуаныш сезімдері болды, әлемдегі барлығы туралы білім де болды, ал енді онда ешнәрсе жоқ. Бәрі қайда жоғалып кетті?

Бірақ адамға ешкім жауап бермеді, ол өзінің оңашаланған жерінде жалғыз болды, айналаның бәрінде: бақта, үйде және жүрегінде де абсолютті тыныштық болды. Ол енді тіпті өзі үшін де өмір сүре алмайтынын түсінді, себебі бір сәттік наразылықтан ақылынан айырылып, құтқарылған өмірі үшін өзінің керемет әнінде оның алдынан бүкіл әлемді ашып ризашылығын білдіргісі келген құсты қуып жіберген кезінде, ол өзі өзін өлтіргендігін түсінді.

Енді адам үшін ешнәрсе жоқ болды:әлем де, өзі де, - өйткені адамды әлем байытады, құр кеңістік емес, дыбыс толтырады, тыныштық емес, оны әдемілік тірі етеді, жоқтығы емес.

Өзі үшін өмір сүру – яғни бұл әлемде өзін жоғалту. Өзіңді тапқың келсе – өзіңдегі және айналаңдағы әлемді таны. Өзіңді қорғағың келсе – айналаңдағыларды сақта. Өзіңді байытқың келсе – әлемдегі бар байлықты сақта. Сонда ғана адамда, әлемде және Жер бетінде үйлесімділік орнайды.

Сұрақтар:

  1. Адамның істеген іс-әрекеті туралы не айтасыңдар ?

  2. Табиғатта кездейсоқ дүниелер бар ма? Себебін түсіндіріңдер.

  3. Сендер табиғатты қалай қорғайсыңдар?

  4. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

  5. Өзің осындай жағдайда қандай әрекет жасар едің? Әңгімелеп айтып бер


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1. Қамқорлық тобы: «Жақсылық гүліне», 

2.Кішіпейілділік тобы: «жақсылық үйіне» жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек соларды тізіп жазулары қажет.  

3. Мейірімділік тобы: «Жақсылық тамшысы» тамшы артына өзгелерге, айналасына жасаған жақсылықтары туралы жазып жапсырады.


Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазып көрсетеді. Мұғалім тақтадағы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады.Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қортындылайды.

.


6. Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы, ағайын» 
Сөзі: С.Қали.

Әні: Қ.Махан 
Көктем етіп көркейтсе де маңайын, 
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, 
ренішті қояйықшы өзгеге, 
Кешірімді болайықшы, ағайын! 

Көк нөсерін көл етсе де жауындар, 
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, 
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, 
Мейірімді болайықшы, бауырлар! 

Болашаққа қол ұстасып барайық, 
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, 
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, 
Кішіпейіл болайықшы, халайық! 

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, 
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, 
Өзімізге қалайтұғын нәрсені, 
Тілейікші өзгеге де болса деп. 

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, 
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, 
Қаратайық Қыбылаға жүздерді, 
Таратайық адамзатқа жылылық! 


7. Үй тапсырмасы.

1. Оқулық , 11- 12 бет . № 2 сабақ «Тағылым» мәтінін оқып келу.

2. Дәптермен жұмыс.2-тапсырма Адамдар арасындағы ізгі қарым – қатынас туралы эссе жазып келу.



8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






































1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!