Материалдар / Бұл әлемге келген соң...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бұл әлемге келген соң...

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңызын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
937
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

: 2

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Бұл әлемге келген соң...

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, шынайылық, жанашырлық.


Мақсаты: Оқушыларға бұл өмірге келген соң адам айналасындағылармен жақсы қарым – қатынаста болу керектігін, өмірдің мәні ізгі қарым - қатынаста екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңызын түсініру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2.http://bilimsite.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №1 - сабақ. Адамдар арасындағы ізгі қарым – қатынас туралы эссе жазып келу.

2. Келесі сабақ. №2, «Абай жолы» романынан үзінді «Қайтқанда» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Аналары Абайды қалай қарсы алды?

  2. Абай өзінің наным – сенімдерге көзқарасын қалай байқатты?

  3. Абайдың аналарымен қарым – қатынасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады?

  4. Абайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  5. Өзіңнің анаңмен қандай жағымды оқиғалар болды? Айтып беріңдер.


  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.

Павлов Иван Петрович

Иван Петрович Павлов (14 (26) қыркүйек 1849, Рязань — 

27 ақпан 1936, Ленинград) — орыс ғалым, бірінші орыс Нобель сыйлығының лауреаты, физиолог, жоғары жүйке қызметін және жүйке тізбектерін қалыптастыру ғылымын жасаушы; Ресейдің ең ірі физиологиялық мектебінің негізін қалаушы.

Сұрақтар:

  1. Адам өмірінде сүйіспеншіліктің маңызы қандай?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өмірде Сүйіспеншілік маңызды

Бір кездері Қуаныш, Қайғы, Ақылдылық, Сүйіспеншілік, Байлық, Тәкаппарлық, т.б. барлық сезімдер бір аралда тұрған екен. Бір күні арал бата бастады да, барлық сезімдер кемелерге отырып аралдан алыстауға асықты. Тез арада бос кеме қалмай қалды. Сүйіспеншіліккемеге отырып үлгермеді де, кемесіз қалып қалды. Аралдың тез батып бара жатқанын көріп, Сүйіспеншілікбасқа сезімдерден көмек сұрауға жүгірді.

Байлық өте үлкен кеме ішінде жалғыз отыр екен. Сүйіспеншілік:

  • Байлық, мені қасыңа алшы, маған кеме жетпей қалды, - деп жалынды.

  • Жоқ, ала алмаймын. Кемемде алтын мен күміс өте көп, саған орын жоқ! - деді Байлық.

Сүйіспеншілік өте әдемі кеме ішінде кетіп бара жатқан Тәкаппарлықты көріп оған:

  • Тәкаппарлық, маған көмектесші, жалғыз қалып барамын! — деді.

  • Саған көмектесе алмаймын, Сүйіспеншілік. Үсті-басың су болып қалды, кемемді кірлетесің!

Қастарынан Қайғы өтіп бара жатыр екен, Сүйіспеншілік Қайғыга дауыстап:

  • Қайғы, сенімен барайыншы...

  • Уф, Сүйіспеншілік, сондай қайғылымын, жалғыз қалғым келеді, - деді Қайғы.

Қуаныш та Сүйіспеншіліктің қасынан өтіп барады, шаттанғанынан Сүйіспеншіліктің сөздерін естімей өте беріпті.

Бір кезде Сүйіспеншілік “Кел, Сүйіспеншілік, сені қасыма алайын” деген біреудің дауысын естиді. Бұрылып қараса, оны қасына шақырған жасы үлкен бір ақсақал екен. Сүйіспеншілік қуанып оның кемесіне отырып алады. Жаңа аралға жеткен кезде Сүйіспеншілік ақсақалдың кім екенін сүрауды ұмытқанын түсінеді. Ақсақал болса баяғыдан-ақ кетіп қалған еді. Сүйіспеншілік Ақылдылықтың қасына барып сұрайды:

  • Маған көмектескен ақсақал кім болды екен?

  • A-а, ол ма? Ол - Уақыт!

  • Уақыт? Маған неге көмектескенін білесің бе?

  • Өйткені тек қана уақыт Сүйіспеншіліктің қаншалықты маңызды екенін түсіне алады...

Сұрақтар:

  1. Неге адамдардың жүректерін риясыз сүйіспеншілікпен толтыру күрделі іс?

  2. Әр адамның өмірінде риясыз сүйіспеншіліктің маңызын қалай түсінесіз, жалпы әлемде Сүйіспеншіліктің рөлі қандай?

  3. Сіздер қалай ойлайсыздар осы әлемде барлығын не біріктіреді? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.

  4. Өзінің мейірімді істерінің нәтижесі ретінде қарастырылатын риясыз сүйіспеншіліктіңкөрінісімен байланысты оқиғаларды сипаттаңыздар?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: «Мақалдарды толықтыру»

1 – топ: «Жанашырлық»

1. Өмір — теңіз,
... — егіз,
Ақыл — сегіз. (еңбек)

2. Өмірдің өзі — ұлы ... (ұстаз)

3. ... жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны. (көңіл)

4. Балалық шағы — ... тағы. (патшаның)

2 – топ: «Мейірімділік»

1. Өзінің ... мінін көрмей,
Біреудің инедей мінін көреді. (кетпендей)

2. Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай ... (талпыну)

3. Өмірдің мәні не? ... қызмет етіп, көмек көрсету. (айналаңа)

4. Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің ... емес. (кереметтері)

3 – топ: «Сүйіспеншілік»

1. Ұят — адам өміріндегі ... жол басшы. (сенімді)

2. Ақша қымбат, адам өмірі одан қымбат, ал ... бәрінен қымбат. (уақыт)

Өміріңді байлық қыл — пайдасы болсын ... (ізгілік)

Ең ... мектеп - өмір мектебі. (жақсы)

4 – топ: «Ізгілік»
1. ... жемістінің — Өмірі келісті. (жұмысы)

2. Өмірде із қалдыру ... басталады. (балалықтан)

3. Өмір – үлкен ... (мектеп)

4. Шын көңілден айтылған тілекке - ... жауап беру парыз. (шындықпен)


6. Топпен ән айту.

Өміріңе немқұрайлы қарама
әні: Сәкен Дәрібаев 
сөзі : Серік Сейітман 
Сәкен Дәрібаев орындайды.

Тыңда досым, мен айтайын от тілек, 
Дүниеден кетті бай да, өтті бек. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, 
Зерлі шапан киінсең де жақұттан. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Шақша басың айналса да бақыттан 

қайырмасы: 
Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Кенелсең де досым қанша шаттыққа 
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Қанша азап көрсең дағы,бауырым, 
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тұсау салып бастатқызбай көш дара, 
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын, 
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Айдын көлге айналса да көз жасың.


7. Үй тапсырмасы.

1. №2 – сабақ. М.Әуезовтың «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жа буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген ойын басшылыққа алып, ой – толғау жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №3, «Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!