Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бұл әлемге келген соң...
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі:
Күні: _______________
№: 1
Мұғалімі:
Сыныбы: 8
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Бұл әлемге келген соң...
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, шынайылық, жанашырлық.
Мақсаты: Оқушыларға бұл өмірге келген соң адам айналасындағылармен жақсы қарым – қатынаста болу керектігін, өмірдің мәні ізгі қарым - қатынаста екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://kk.wikipedia.org 2.http://bilimsite.kz |
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену». |
|
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Адамзаттың бәрін сүй» Абай Құнанбайұлы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 – 1904 — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Сұрақтар: 1. Сүйіспеншілік дегеніміз не? 2. Риясыз сүйіспеншілігімізді айналамыздағы адамдарға қалай білдіреміз? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
Асығыс үкім Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен. Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді. Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді: – Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін! Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді. Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!» Сұрақтар:
|
|
4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Бала – ананың бауыр еті. 2 – топ: «Мейірімділік» Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың
өмірлік парызы. Ана алдында — құрмет, Ата алдында — қызмет. 4 – топ: «Ізгілік» Ана алақанының аясы — Ақ
шынардың саясы. |
|
5. Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы
ағайын» Әні:
Қ.Махан |
|
6. Үй тапсырмасы. 1. №1 - сабақ. Адамдар арасындағы ізгі қарым – қатынас туралы эссе жазып келу. 2. Келесі сабақ. №2, «Абай жолы» романынан үзінді «Қайтқанда» мәтінін оқып келу. |
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|