Материалдар / Бұл әлемге келген соң ...
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бұл әлемге келген соң ...

Материал туралы қысқаша түсінік
: оқушыларға «әлем», «өмір», «адам» ұғымдарын түсіндіру арқылы, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2020
388
16 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тексерілді»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: ___________________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: «Нұртас Оңдасынов_атындағы № 5 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

1-2 сабақ

Тақырып: Бұл әлемге келген соң ...

Құндылық: ақиқат

Мұғалiм: Мамадалиева М.С

Сынып: 8 «а», «б», «в»

Сабақ мақсаты: : оқушыларға «әлем», «өмір», «адам» ұғымдарын түсіндіру арқылы, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • оқушылараға адамның рухани әлемі туралы түсінік беру;

  • терең толғануға, өздігінен ізденуге, адам игілігі үшін риясыз қызет етуге баулу;

  • мәңгілікті уақытшадан,шындықты жалғаннан ажырата білуге тәрбиелеу.

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

7-сыныптағы алған білімдерін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.

Абай Құнанбайұлының « Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп ...» деген ой-тұжырымы сабақтың дәйексөзі болып табылады. Дәйексөзді қалай түсінгендіктерін ортаға салалады. Соңынан мұғалім қорытынды жасайды.

Дәйексөзді бірінші ұлбалалар, екінші қыз балалар қайталап айтады.

Оқып үйренейік

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы «Қайтқанда» үзіндісін мұғалім оқушылармен бірге талдайды. Жақсы мен жаманды ой елегінен өткізуіне, белгілі бір қорытынды жасауына көмектеседі.


Ойланайық, пікірлесейік

  • Аналары Абайды қалай қарсы алды?

  • Абай өзінің наным-сенімдерге көзқарасын қалай байқатты?

  • Абайдың аналарымен қарым-қатынасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңін оқып,

«Сенде – бір кірпіш, дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!» - деген үзінділеріне талдау жасайды.

2-тапсырма Абайдың табиғат туралы шығармаларындағы өлеңдерімен танысып, ондағы адам мен табиғаттың үйлесімділігі туралы айтып береді.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды

Жаңа ақпарат

Абайдың ілімі – адам баласын ұлтына, дініне, нәсіліне қарап айырмайтын, бүкіл адамзатқа ортақ рухани ілім болғандықтан, ғұламаның өміріндегі жетілу жолдарының, оның қалдырған мұрасының барлық адамзатқа қажетті асыл қазына болып табылады.


Топпен ән айту.

Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір-өзен» әнін айту ұсынылады. Әннің мәтіні тақтада жазылады. Әуені үнтаспада қойылады.

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

Үй тапсырмасы.

Бақытжан Майтановтың «Тағылым» атты әңгімесін алдын ала үйден оқуға тапсырылады.

Күнделіктеріне жазады.

Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық? (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.

-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е

лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!