400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Бұл қай кезде болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Жыл мезгілдерінің түсініктерін кеңейту. Жылдың төрт мезгіліндегі құбылыстарды салыстыру және ажырата білу.Әр мезгілге сай киәнуге дағдылану, табыиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

« №15 Әлия бөбекжайы»

МКҚК директоры:

Б. К.Нурбергенова ________

«__________» 2021 жыл

Күні: 18.11.2021ж

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Төрт түлік».

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Төрт түлікке не жататынын ұғындыру, олардың пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы білуге үйрету. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Төрт түлік малдың суреттері, олардың төлдерінің суреті. Сөздік жұмыс: Малдар – животные Билингвальді компонент: сиыр – корова, ат – лошадь, қой – овца, ешкі – коза, түйе – верблюд

Әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушы





Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күлімсіреп шықты күн.


-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын деп едім, жауабын табасыңдарма?

Кішкене ғана бойы бар,


Айналдырып киген тоны бар. Бұл не екен, балалар?


-Дұрыс, балалар. Ендеше келесі жұмбақтың шешімін табыңдар:


Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар?


-жарайсыңдар, балалар.


Төрт аяғы бар,

Басында екі таяғы бар,

Иегінде екі сақалы бар.


-Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар. Ал осы жұмбақтың шешуіндегі қой, түйе, ешкі қайда мекен етеді?


-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар түйені, қойды, ешкіні және сиыр мен жылқыны ата бабаларымыз «Төрт түлік мал» деп атап кеткен. Мына суретке қараңдаршы, ненің суреті?


-Сиырдың төлі қалай аталады?


-Жарайсыңдар балалар. Стырдың адамдарға пайдасы барма? Оған қалай күтім жасайды?


-Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Сиырдан сүт аламыз, одан қаймақ,май,сүзбе,құрт жасайды екен. Балалар сиырды әукім-әукім деп шақырамыз. Кәне қайталайықшы.


Сиырдың атасын – Зеңгі баба деп атайды.


-Келесі суретке назар аударыңдар, бұл ненің суреті?


-Иә, бұл жылқы. Ол қандай жануарға жатады? Оның төлі қалай аталады?


Балалар шаттық шеңберге тұрып бірге өлең жолдарын қайталайды.





-иә, табамыз




-Қой






-Түйе






-Ешкі




-олар үй жануарлары



-Сиырдың суреті



-Бұзау


-Пайдасы бар, одан сүт, қаймақ, май, ірімшік,құрт аламыз. Сиырға су береді, жем, шөп береді.


-Әукім – әукім




-Жылқы



-Ол үй жануарына жатады. Оның төлі


құлын деп аталады


-Құрау – құрау




Ұйымдастырушылық -

ізденістік




Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жылқыдан сүт аламыз, одан қымыз жасалады, және жылқыны ертеде көлік ретінде пайдаланған. Жылқыға су, жем, шөп береді. Жылқының атасы – Қамбар ата деп аталады. Жылқыны өқрау – құрау деп шақырады екен. Кәне қайталайық.


-Ал мына суретте не бейнеленген?


-Қойдың төлі қалай аталады? Оның адамдарға пайда -Өте жақсы, балалар. Қойдың атасы – Шопан ата дейміз. Жайылып жүрген қойды пұшайт – пұшайт деп шақырады екен. Кәне қайталайық.


-Енді балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынныі аты «Дыбысын тап». Қазір мен сендерге төрт түлік малдың дыбысын қосамын, сіздер қай малдың дыбысы екенін табуларыңыз керек.


-Өте жақсы, балалар. Ал енді, балалар сергіп алайық:

Сергіту сәті:

Қошақаным, тұршы,

Беті – қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Орныңа отыршы.

-Жақсы балалар, мен сендермен тағы ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Төлін тап». Мына үстелдің үстіндегі суреттердің арасынан төрт түлік малдың төлін тауып, қасына апарып қою керек.


-Жарайсыңдар, балалар. Балалар, осы төрт түлік малға қатысты ата – бабаларымыз тыйым сөздер айтқан. Кәне бәріміз осы тыиым сөздерді жаттап алайық: «Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма»


–Балалар, төрт түлік малға қатысты тақпақ білесіздерме? Кәне кім айтады? Айбар айта ғой:


–Жарайсың,Айбар. Тағы барма? Аяжан айта ғой:


Керемет. Тағы айтасыздарма? Ал, Аңсар, айта








-Қой


-Қойдың төлі – қошақан, қойдың жүнінен киіз жасайды, жіне қолғап, шұлық тоқиды


-Пұшайт – пұшайт


-Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы





-Тәрбиешімен іс – қимылдарды қайталайды




Ойын ойнайды






-«Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма»



-Құлыншақ, құлыншақ,

Шапқылайсың даламен.

Дос болсайшы, құлыншақ,

Мен сияқты баламен


-Тентек болма, ақ бұзау,

Еріншек болма, ақ бұзау.

Кең далада сенімен,

Жарысып мен жүгірем.



-Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным.

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың.



-Кәмпиттің суреті артық, себебі ол төрт түлік малдан алынбайды.






ғой:


-Жарайсыңдар, балалар, қандай керемет.мен сендермен тағы ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдарма?


-Ойынның аты «Артық затты тап». Алдарыңызда төрт түлік малдан алынатын өнімдер мен артық заттың суреттері жатыр. Солардың ішінен артық суретті тауып, оның неге артық екенін түсіндірулеріңіз керек.


-Жарайсыңдар, балалар. Балалар ауылдан ата әжеміз сіздерге базарлық беріп жіберіпті. Кәне қарайық мұнда не бар екен? Мұнің барлығын ата әжеміз сіздерге беріп жіберген екен, кейінірек ауыз тиеміз жарайма?сы барма? –



-Иә, ойнаймыз


-Кәмпиттің суреті артық, себебі ол төрт түлік малдан алынбайды.


-Арыстанның суреті артық, себебі ол үй жануарына да жатпайды, және адамдарға пайдасы жоқ.




-Құрт, май, ет, ірімшік




Рефлексиялық – түзетшілік


Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балалар, біз қандай жануарлармен таныстық?


-Балалар, үй жануарларынан «төрт түлік малға» қандай жануарлар жатады екен?


-Олардың адамдарға қандай пайдасы бар екен?


-Балалар, сендерге ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарына рахмет



-Иә


-ұнады


-Үй жануарларымен


-Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе


-Сүт аламыз, етін жейміз, қойдың жүнінен шәлі тоқылады


-балалар куанады





Күтілетін нәтижелер:

жасайды: заттарды бірінің үстіне бірін салу және жанастыру тәсілдері.

түсінеді: заттардың санын қалай дұрыс теңестіруге болатынын;

қолданады: дайын пішіндерді (жапсырмаларды) жапсыруды.

Тәрбиеші: Юсупова.А.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі