Ұйымдастыру
шылық
ізденістік
|
Тәрбиеші: Балалар,
сендер өртті көрдіңдер ме?
Соңғы
кездері біздің қаламызда өрт жиілеп
кетті және де олардың адамдарға қандай
қауіп төндіретінін біз сізбен көріп
жүрміз. Біз жалын апат алып келетіндігін,
үйлерді, құрылыстарды, ормандарды,
нан егістіктерін жоятындығын білеміз.
Тәрбиеші: Өрт
неден болады?
Тәрбиеші: Мына
суретті қарайық. Онда не көріп отырсыңдар
Тәрбиеші: Ал,
орман қандай себептерден өртенуі
мүмкін?
Тәрбиеші: Балалар
сіріңкемен ойнауы мүмкін бе еді?
Естеріңізде
ме, біз сіздермен оттан зардап шеккен
ағашты қарап едік қой. Балалар ағаштың
жанында ойнап отырды және теректің
мамығын жағуды шешеді. Мамық өте әдемі
және қызығарлықтай жанып жатты,
балаларға бұл ұнайды, олар қалай шөп
пен ағаштың қалай жанып жатқанын
сезбей қалады. Содан кейін олар қорқып,
қашып кетеді. Ересек адамдар отты
байқаған кезде ағаш зардап шеккен
болатын.
Ойын
: карточкаларды
екі топқа бөліп қою керек.
Балаларға
өрт қауіпті заттардың және жай қауіпті
заттардың суреті бар карточкалар
таратылады. Мысалы: майшам, үтік,
бенгаль оты, пеш, ара. Өрттің туындауына
қауіп-қатері жоқ заттың суретін алып
тастау керек.
«Адам
отпен қалай дос болды» әңгіме
оқу.
Никита
анасымен жазда саяжайда тұрады. Бір
күні анасы көршіге сүт алуға баратын
болды.
-
Тек мұқият бол, - дейді анасы Никитаға,
- бұзық болма, сіріңкемен ойнама... Бала
жалғыз өзі қалды. Ауылдағы үйде
теледидар болмайтын. Қаладан әкелген
ойыншықтар жалықтырып жіберген, тіпті
жақсы көретін Піл түріндегі бақшаның
сусепкішін Никита аулаға тастай
салған.
«Неге
анам сіріңкемен ойнауға тыйым
салды?- деп
ойлады бала»
-
Кәнеки, қазір мені босат, бол!
-
Кім бұны айтып тұрған? – деп таң қалады
Никита.
-
Аш, көресің, - қораптың ішінен жауап
берді. Бала сәл ғана қақпағын ысырып
еді, ішінен кішкентай қызғылт сары
шашты қызыл күртеде адам үстелге
секіріп шығады.
-
Ал енді мені тамақтандыр! – талап етті
қызыл сары.
Никита
картоп, қияр, қаймақ шығарады. Оғаш
қонақ қатты қүліп:
-
Жо-жоқ, мен бұны жемеймін. Маған қағаз
алып кел!
Бала
ескі газетті алып келеді. Адам оған
жабысып, хап, хап! – деп, түгін қалдырмай
жеп қояды.
-
Эх, күш қосылды маған! – деп айқайлады
қызыл сары. Шынымен де, ол өсті, ал оның
шаштары қимылдай бастады... Бір сәтте
ол секіріп, дастарханды, терезеден
пердені суырып алып жеп қойды.
Жауыздықпен жымиды және үстелдің
бұрышын кеміруге кірісті. Үй ыстыққа,
түтінге толды. Никита тұншыға бастады
және еңбектеп есікке қарай жүре
бастады. Ал қызыл сары үстелдің үстінде
билеп, жан-жағына ұшқын шашып, секіріп
жүрді.
Сусепкіші
болмаған жағдайда үлкен қайғыға
айналар еді. Піл түтінді байқап қалды
және үйдің ішінде қожайындатып жүрген
қызыл сары От екенін бірден білді. Ол
бақша сусепкіші болғанымен, аяққа
тұрып,
күбіден су алып, отты өшіруге беттеді.
Иә, осындай сәбиге жалғыз өзі өртпен
күресе алуы мүмкін бе? От тек оны
кекетіп күлді.
Сонда
Піл ауланың ортасында тұрып алып, піл
тұмсығын жоғары көтеріп, бұлт пілдерін
- ағаларын шақырды. Үлкен бұлтты пілдер
ұшып келіп, бір үлкен бұлтқа жиналып,
жанып жатқан үйді жаңбырмен құйды.
Жауызды Оттан түгі де қалмайды.
Никита
жан-жағына қараса, үй қап-қара. Міне,
қазір анам келеді, осының бәрін
көреді...
-
Никита! Никита! Сен неге түсіңде жылап
жатырсың? Ұйқыңнан тұр, сүт іш... Бұл
не сенің қолыңдағы? Мен саған сіріңкемен
ойнама деп айттым ғой!
|
Ұшқыннан,
найзағайдан, өшірілмеген темекіден, жанып
жатқан сіріңкеден, оттықпен ойнаудан
болады.
Мұнда
өрт суреттелген. Орман жанып жатыр.
Балалар
сұрақтарға жауап береді
Ағашқа
үлкен зияны тимей, өрт сөндірілген
болар еді.
Балалар
ойынға белсене қатысады
Ол
үстелдің үстінен сіріңке қорабын
алады. Сілкіп,
құлағына әкеледі.... Бір мезгілде
сіріңке сыбдыры орнына жіңішке дауыстың
сықырлағанын естиді:
|