жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
Үйірме апталығының
аясында
өткізілген
шеберлік
сағаты.
Шеберлік сағатының
мақсаты:
Дарынды оқушылардың бойында сәндік қолданбалы шығарма бұйымдарына деген сезімталдықты,
қызығушылықты
ояту.
Әр түрлі материалдарды,
маталарды ұқыпты пайдалануға,
қолөнер әдет дағдыларын үйрету.
Оқушыларға
ою-өрнектердің элементтерінен,
оригами бүктеу жолдарынан,
қағазды бүктеу арқылы бұйым жасауды және қылқаламмен сурет салу туралы қысқаша мәлімен беру үстінде оқушылардың шеберлігін дамыту.
Шеберлік сағатының
тәрбиелік
мәні: Жұмыс жасау барысында қыздарды әсемділікке,
ұқыптылыққа, жинақылыққа,
үнемшілдікке,
тазалыққа,
сұлулыққа баулу.
Шеберлік сағатының
білімділігі: Қыз балалардың ойлау қабілетін дамыту,
оқушының қол икемін,
қимылын,
қию шеберлігін,
қажетті құрал жабдықтарын дұрыс пайдалануы,
қауіпсіздік
ережелерін
сақтау жолдарын айта отырып сабақты жалғастыру.
Шеберлік сағатының
әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу,
көрсетіп айту),
индуктивтік
(жай нәрседен күрделіге ауысу),
репродуктивтік
(өз бетінше жұмыс істеу),
зерттеулік
( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау)
әдістерімен
түсіндіру.
Шеберлік сағатының барысы:
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
«Ою-өрнек шеберлері»
«Оригами шеберлері»
«Қылқалам шеберлері»
«Қағаз пластикасы шеберлері»
(Оқушылар алдын ала дайындалған орындарында өз жұмыстарын көрсетеді)
1.«Ою-өрнек шеберлері»
(Ою-өрнек шеберлері оюдың шығу тарихына тоқталып кетеді).
Ою-өрнектің мағынасына қарай бөліну жіктеу,
әр топты эпидиасоп,
лейтиден көрсетіп отыру.
Ою-өрнек басты белгілеріне байланысты ою-өрнекті лента,
гүлді өрнек (шеңбер түбіндегі өрнектер)
және торлы ою-өрнектер (заттың үстінгі бетіне тұтас салынады)
болып үш түрге бөлінеді.Бейнелеу белгілеріне қарай ою-өрнек көгеріс ою-өрнек,
геометриялық
өрнек,
ұласымды өрнек,
қиял-ғажайып өрнек деп те аталады.
Ою-өрнектің үй түрмысымызда,
тоқу өнерінде пайдаланылатын түрлеріне тоқталу.
Қазақтың үй-жиһаздарында көбіне ашық түсті жамылмалы (текеметтерде),
қызыл мен қара түске қурылған көгеріс (түскигізде),
алқызыл құлпырмалы (түкті кілемдерде),
геометриялық
ұласымды (алаша,
басқұр,
тықыр және арабы кілемдерде),
ойма нақышты,
аралас (кебеже,
сангдық,
жүкаяқтарда) ою-өрнектер қолданылады.Кестелеу,
зерлеу,
шабу,
тоқыма әдістері арқылы жасалатын тұтыну заттары мен киім-кешек өрнектері басқа ою-өрнектерге қарағанда нәзік,
ұтымды,
әрі көркемжасалынуымен
ерекшеленеді.
2. «Қылқалам шеберлері»
(Қылқалам шеберлері өздерінің саласында қысқаша өнерге тоқталады.)
«Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жаһаннан олар тағлым,
қанат жайып.
Әр жердің тамашасын сөзбен көріп
Жастықта сайран етер болып ғайып»
- деп ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқандай қандай өнер болмасын,
әр өнердің өзіндік ерекшеліктерін жоғарыдан байқаймыз.
Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап,
көзбен көргендей етіп,
көркем бейнелер арқылы баяндайды.
Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ,
толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай,
ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді.
Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз.
Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз.
Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол.
Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып,
оны көз алдымызға елестете аламыз.
Бейнелеу өнерінің ерекшелігі –
суретшінің
өз көзімен көріп,
түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде.
Суретші образдардың,
өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып,
заманның тыныс-тіршілігін жинақтап,
жан-жақты бейнелейді.
Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен,
оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор.
Суретшінің
сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор.
Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы,
енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады.
Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді.
Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен,
қолтаңбасымен
айқындалады.
«Қылқалам шеберлері»
өздерінің шеберліктерін көрсете отырын қолма қол,
берілген тақырыпта суреттерін салып береді.
3. «Оригами шеберлері»
Оригами жұмыстарын оқушылар қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасау технологиясы туралы мәлімет береді.
Қағазды бүктеу арқылы түрлі пішіндер құрастыру өнері «оригами»
деп аталады.
Мәліметтер
бойынша,
оригами өнері алғаш рет қағазды ойлап тапқан аспан асты елінде пайда болған көрінеді.
Алғашқы уақытта діни рәсімдерде пайдаланылған бұл өнер,
тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана Еуропа және Азия елдеріне тарапты.
Қағаздан белгілі бұйым жасаудың шартты таңбаларын ХХ ғасырдың ортасында Акира Есидзава есімді жапон ғалымы тәжірибеге енгізген.
Бастапқы кезеңдерде кез келген пішінді жасау үшін тек қағаздың өзі пайдаланылған болса,
қазір картон,
үлбір,
қайшы мен желім де қолданылады.
Қазір оригами туындыларын түрлі мейрам,
тойларда сыйға тарту сәнге айналған.
Біздің елімізде де оригами өнеріне баулитын үйірмелер бар.
«Оригами шеберлері»
шеберлік сағатына жиналған қонақтар мен оқушыларға өздерінің өнерін көрсетеді.
«Қағаз пластикасы шеберлері»
Бұл топтың шеберлері де өз өнерлерін қағазды кию,
желімдеу арқылы жасалынатын шырша мерекесін әшекейлеуге арналған қаршаны құрастырады.
«Өнерлі елден өнерлі ұл мен қыз шығады»
- демекші біздің де оқушыларымыз өнерлі екен.
Бойларыңда от бар екен байқадық,
жүректеріңде
шоқ бар екен байқадық,
әрқашанда осы өнерді өшірмей,
шырқата беріңдер.
Квиллинг өнері.
Сабақтың мақсаты:Квиллинг техникасын үйрету.оқушыларды жан-жақты интеллектуалды дамыту.Оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, практикалық.
Жұмысты ұйымдастыру формалары: - топтық жұмыс
-жасаған жұмыстардан көрме ұйымдастыру
Қажет құралдар: түрлі түсті қағаз,желім, қайшы, сызғыш ,қатты түрлі түсті қағаз.
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.
Қатысушыларды топқа бөлу.
1.Слайд көрсету арқылы квиллингтің тарихымен, жасау техникасымен таныстыру.
2.Практикалық жұмыс: «Құттықтау қағазын жасау»
1.Квиллинг тарихы: Квиллинг-қағаз орау өнері.Квиллинг –ағылшын тілінен аударғанда құс қанаты деп аталады. Еуропада XIV-XV ғасырда пайда болған,соңынан онымен айналысушылар көбейіп, дүние жүзіне тараған. Шығыс елдеріне де бұл өнер түрі тарап , дамыған. Оңтүстік Кореяда квиллинг өнерімен айналысатын Ассоциация құрылған.
2.Практикалық жұмыс.
Квиллинг әдісі бойынша гүл жасау.
а) 7мм қағаз жолақтарын қиып аламыз;
б)қағазды орап алып,Оралған ораманы ақырындап босатамыз;
б)жолақ соңын желімдейміз де, әр түрлі формаға келтіреміз.
Жасаған гүлдің,жапырақтың формаларын құттықтау қағазына жабыстырамыз.
Қорытынды сұрақтар:
1.Квиллинг қандай өнер?
2.Квилинг сөзі қандай мағынаны білдіреді?
3.Квиллинг әдісі бойынша не жасауға болады?
Жасаған жұмыстардан көрме ұйымдастырылады.
Сайыс «Білгенге маржан»
Сайыстың мақсаты:
-
Үйірме бойынша оқушылардың білімін тексеру.
-
Оқушыны ізденуге, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойды жүйелей білуге үйрету.
-
Оқушы бойындағы жауапкершілікті, ізденісті, алға мақсат қоюды тәрбиелеу.
Сайыс барысы :
Қазақ елі ежелден дара халық,
Өнерімен танылған дана халық.
Бүгінгі « Білгенге маржан » атты сайысқа қатысатын топтарымызды шақырамыз :
7 А сынып – «Өнерлі қыздар»
7 Ә сынып –«Қыздар-ай»
Әділқазылар алқасымен танысайық :
1-тур « Таныстыру » – топтар кезекпен шығып өздерін таныстырады.
Әділ қазылар алқасы топтардың ұпайларын көрсетіңіздер.
« Мақал – сөздің мәйегі» демекші
2 түр «Мақал- мателдің жалғасын табу » сайысы.
Еңбек түбі мереке,
……. (көптің түбі береке)
2 Жаңбырменен жер көгерер,
……. (еңбекпен ер көгерер)
3 Әке көрген оқ жонар,
……… (шеше көрген тон пішер)
4 Кестенің сыры турінде,
…….. (кілемның сыры түгінде)
5 Қол өнері кілемде,
……… (сөз өнер өлеңде)
6 Еңбексіз өмір жоқ,
………. (ауырсыз жеңіл жоқ)
7 Дастарқанда наны жоқтың,
…….. (тамағының сәні жоқ)
8 Асың барда ел таны,
……… (атаң барда жер таны)
9 Шақырған жерден қалма,
… ….. (шақырмаған жерге барма)
10 Адамның көркі шүберек,
…….. (ағаштың көркі жапырақ)
Әділ қазылар 2 –турдің үпайларын көрсетіңіздер.
«Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір
Өнер құған ұрпақпыз»
дегендей, келесі 3 турда киім сәндеу; қағаздан гүл дайындау; үй жұмысы
Әділқазылар «киім сәндеу» турдың ұпайларын көрсетіңіздер.
4-тур «Жұмбақ шешу» сайысы. 1 топ
1. Екі басты жалмауыз, келіп аузын ашады,
Алдына түскен нәрселер, өзінен өзі қашады
(қайшы)
2. Қыстай жегіп қос атты
Көктем шыға босаттым
(шаңғы)
3. Басына үлпілдетіп таққан шашақ
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.
(қамыс)
2 топ
-
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
/Кітап/. -
Өзі ширақ , өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу
(түлкі)
-
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де.
/Желім/
Қазір қыздарымыз аналарына сыйлық жасайды
« Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың» сайыскерлердің жасаған бұйымдарын көріп тамашалайық.
Әділқазылар алқасы сөз кезегі сіздерде.
Осымен сайысымыз аяқталды.Көріп тыңдағандарыңызға рахмет.
|
|
1 Тур Таныстыру төс белгісі |
2 Тур мақал-мәтел жалғастыру |
3 Тур. Киім сәндеу |
3 Тур .Қағаздан гүл дайындау |
3 Тур .Үй жүмысы |
4 Тур . Жұмбақ шешу |
5 Тур Шығармашылық |
5 тур. Үй жұмыстары |
6 тур .Музыкалық нөмір |
Барлығы |
|
7 «а» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 «ә» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 Тур Таныстыру төс белгісі |
2 Тур мақал-мәтел жалғастыру |
3 Тур. Киім сәндеу |
3 Тур .Қағаздан гүл дайындау |
3 Тур .Үй жүмысы |
4 Тур . Жұмбақ шешу |
5 Тур Шығармашылық |
5 тур. Үй жұмыстары |
6 тур .Музыкалық нөмір |
Барлығы |
|
7 «а» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 «ә» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 Тур Таныстыру төс белгісі |
2 Тур мақал-мәтел жалғастыру |
3 Тур. Киім сәндеу |
3 Тур .Қағаздан гүл дайындау |
3 Тур .Үй жүмысы |
4 Тур . Жұмбақ шешу |
5 Тур Шығармашылық |
5 тур. Үй жұмыстары |
6 тур .Музыкалық нөмір |
Барлығы |
|
7 «а» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 «ә» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бекітемін
Мектеп директоры: Г.Сапорова
«Шорнақ» жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
21-26.04.2014 ж аралығында өтілетін «Қосымша білім беру – бала болашағының жарқын бейнесі» тақырыбындағы қосымша сабақтардың мектепішілік сабақтардың апталық бағдарламасы
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
№ |
Уақыты |
Іс-шараның мазмұны |
Жауаптылар |
|
1 |
21.04 |
Көрме |
Пән жетекшілері |
|
2 |
21.04 |
Сабақ жоспарларын бекіту, апталықтың ашылуы |
Мектеп директоры , оқу ісінің меңгерушісі |
ІІ. Негізгі бөлім
|
№ |
Уақыты |
Факультатив, үйірменің аты |
Сабақтың тақырыбы |
сыныбы |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
|
1 |
25.04 |
Жол қауіпсіздік ережелері |
«Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарды пайдалану» |
8 А |
Қосдәулетов Алиасқар |
||
|
2 |
26.04 |
Өлкетану |
«Бизнес ойыны» |
10 |
Қалиев Қанат |
||
|
3 |
25.04 |
«Қуыршақ театры» |
«Қызыл телпек» ертегсі |
8 А |
Жапарова Рафиха |
||
|
4 |
23.04 |
«Сиқырлы театр» |
«Қаңбақ» ертегісі |
8 Ә |
Жапарова Рафиха |
||
|
5 |
22.04 |
«Жас Қастеевшілер» |
«Білгенге маржан» |
7 А- 7 Ә |
Шералиева Мавлуда |
||
|
6 |
24.04 |
«Орыс тілі» |
По щучьему велению |
5 Ә |
Абдусаметова Махбуба |
||
|
7 |
25.04 |
Спорт үйірмелері |
«Көңілді старт» |
6 А |
Исмаилов Арман |
||
|
8 |
25.04 |
Абайтану |
«Ескендір» поэмасы |
9 А |
Жұмағулова Жанар |
||
|
9 |
26.04 |
Волейбол |
Волейбол |
10 |
Маменов Мурат |
||
|
10 |
26.04 |
Шахмат |
Шахмат |
5 Б |
Атанов Бахрам |
||
|
11 |
26.04 |
Өлкетану |
«Атажұрт» интеллектуалды ойын сабағы |
8 А |
Айтбенбетова Ақбота |
||
|
ІІІ. Қорытынды бөлім
|
|||||||
|
12 |
26.04 |
Көркемөнерпаздар |
Ән шашу |
|
Ибрагимов Уйғун |
||
|
13 |
26.04 |
Қорытынды |
Мектеп директоры Г.Сапорова Оқу ісінің меңгерушісі Г. Миршаева |
||||
Қызға қырық үйден тыйым
BY РЕДАКЦИЯ ON 01.04.2014 • ( ПІКІР ҚАЛДЫРУ )
Rate This
|
|||||
|
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның
жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік
беру
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның
жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік
беру
Міндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете
түсу
Тәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.
Көрнекіліктер:Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз,
топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,әңгіме.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин түгелдеу
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарының
түрлері:киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап,
тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік
бұйымдар: сырға, білезік,сақина, бойтұмар. Қазақ халқы
«Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып
келеді.
1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын
үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз
таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті
барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі.
Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне
жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ-
киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған
немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып
жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені
50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп
жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс-аяқ салуға арналған қапшық. Ол
көбінесе киізден жасалады. Алаша- әр түрлі жүннен немесе түрлі
түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және
қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш-
ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу,
қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап.
Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.
2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды
салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған
әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан-
төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан
жасаған сырық.
3. Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға
– әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл
тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген
омырауша, өңір, өңірше.
Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың
шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің
өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге
ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету
ойындары)(модульдік технология бойынша)
Құрал жабдығы:
1. Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
2. Секундомер (сағат)
3. Ортақ бағалау парағы ( қосымша)
4. Фишкалар
5. Үй тапсырмасы ( әр команда екі сұрақтан)
6.Конкурс тапсырмалары
7.Жауап үлгілері
Ойынның жүру барысы.
Сынып 2 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы
болады.
І –гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды
талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал
бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап
отырады.
Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.
ІІ- гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері
бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр
нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды.Өз ішінде талқылаған соң, команда
капитандары жауап береді.
1.Аяққап дегеніміз не?
2. Қоржын дегеніміз не?
3. Тұтқыш дегеніміз не?
4. Түйе баласына байланысты ою? (ботагөз)
5. Магиялық ою қалай аталады? ( тұмарша)
6. Аққу оюы нені бейнелейді?
7. Еңбек туралы мақал айтып бер?
8. Өнер туралы мақал айтып бер?
9. Оқу-білім туралы мақал айтып бер?
10.Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ
Беліне қыстырғаны шидім таяқ
Келбетіне қарасаң ештеңе емес
Беліне буыныпты аямай-ақ
(ұршық)
11. Кіруге адам батпайды
Төрт бұрышты тақтайды
Затыңды аман сақтайды.
(сандық)
12. Басы да екеу, аяғы да екеу.
(қайшы)
ІІІ – гейм «Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап
берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны
немесе қолын көтереді.
1.Өнерлінің он саусағы тең ....
(Өнерсіздің бір саусағы кем.)
2.Еңбексіз өмір жоқ ...
(Ауырсыз жеңіл жоқ)
3. Шын шеберде …
(мін жоқ)
4. Жаңбырменен жер көгерер ....
(еңбекпенен ел көгерер)
5. Еңбек өмірді ұзартады ...
(ұят бетті қызартады)
6. Байлықтың атасы еңбек ...
(Анасы жер)
7. Еңбегіне қарай құрмет ...
(жасына қарай ізет)
8. Өмір үйретеді ....
(еңбек ширатады)
9. Өрнегі көптің ....
(ермегі көп)
ІV- гейм. «Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан
қояды.
1.Жасырылған сөзді тап. Бірінші сан бағана нөмірі, ал екінші сан –
жол нөмірі
2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал- мәтел жаз.
№1 кесте. Кестенің сыры түрінде кілемнің сыры түгінде
Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.
Қыз еркем, кестесімен көркем, ұл еркем, өрнегімен көркем
№2 шебер. Шебердің қолы ортақ.
Шеберді өнері асырайды.
Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген.
Шеберлік шексіз байлық
№3 ине. Жолды инемен өлшемес болар.
Көк инемен көктеу білмейді.
Білім инемен құдық қазғандай.
Ситуациялық сұрақтар қойылады.
V-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап
береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады:Ал ең көп дұрыс
жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай, өздеріне
баға:4-5 жауап-4 бал-«4» бағасын, 6-7 жауап-5 балл-«5» бағасын
алады
2,3,4,5-ші геймдерге талқылауға бір минуттан беріледі. Егер бірден
жауап берілсе, онда осы үнемделген уақытын команда басқа сұрақты
талдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе
фишка (барлық фишкалар бір түсті алады)
1.Тұскиіз дегеніміз не?
2. Қазақтың қолданбалы өнері неше топқа бөлінеді?
3. Тұтқышты неге пайдаланады?
4. Шашқапты не үшін киген?
5. Қазақтың ұлттық бұйымдары неден жасалады?
6. Алаша тоқитын құрал?
7. Білекке салынатын сәнді зат?
8. Киізден сырып оюлап жасалған төсеніш?
9.Текемет қалай жасалады?
10. Зергерлік бұйымдарды ата?
11.Сандық не үшін қажет?
12. Сырға, алқа деген не?
13.Адалбақан қандай бұйым?
14.Алашаның жасалу жолын түсіндір?
15. Киім –кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан
жасалған бұйым?
16. Ыдыс –аяқ салуға арналған қапшық?
17. Ас пісіретін қазанды оттан түсіргенде қолды күйдірмеу үшін
киізден жасалған қолғап?
18. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі.
19. Түрлі өнімдер салуға араналған жүннен, матадан жасалған үлкен
қаптың аты.
20. Бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы?
21. Ердің басына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған
қапшық.
22. Әр түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш.
23. Әйелдердің әшекей бұйымы.
24.Төсеніш бұйымдарын ата?
25.Кебежені не үшін пайдаланған?
26. Наурыз қандай күн? (Ұлыстың ұлы күні)
27. Наурыз туралы тілек. (Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын)
28.Наурыз көже қалай жасалады?
29. Наурыз айында табиғатта қандай өзгерістер болады.
30. Қазақ халқы наурызды қалай тойлайды?
31. Қандай ойын түрлері ойналады?
32. қандай ырымдар жасалады?
33. Қандай тойлар тойланады.?
34. Дастарқанға қандай тағам түрлері қойылады?
Қорытындылау:
Бағалау.
Үйге тапсырма: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің
түрлері



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген