Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұлақ көсрең,көзін аш.Таза бұлақ тақырыбы бойынша қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлығы нақты әрі түсінікті етіп жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Бұлақ көрсең, көзін аш

5-сабақ.

Бөлім:

6-бөлім: Су – тіршілік көзі. Морфология

Есімдік, оның мағыналық түрлері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұлақ көрсең, көзін аш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.

6.4.4.1. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

6.2.4.1 - ауызекі сөйлеу жəне көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтай алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіне алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдана алады.

Құндылықтарға баулу:

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушыларды «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл тәрбие оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытып, функционалдық сауаттылығын, қарым-қатынас жасау дағдыларын және жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, оларда өмір бойы білім алуға, еңбек етуге, патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке деген тұрақты ұстаным қалыптасады. Біртұтас тәрбие жүйесі оқушыларды еңбекқор, саналы және қоғамға пайдалы азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Сыныпта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

4.Үй тапсырмасын сұрап,қадағалау.

Мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Айтылым.

«Ой түрткі» әдісі.

Бұлақ туралы не білесің?

Сен бұлақты көріп,суын ішіп көрдің бе?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Дескриптор: Жалпы – 1 балл.

-Үй тапсырмасын орындайды.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.


Тыңдалым.

5тапсырма.

Мұғалім 1-мәтін бойынша бейнеролик көрсету арқылы тапсырма мәтінін тыңдатады.

Мәтін тақырыбы:«Таза бұлақ».











Оқылым.

5тапсырма.

Оқушылар берілген тапсырмадағы 2-мәтінді оқиды. Мәтін тақырыбы:«Бұлақ».



Айтылым.

6 тапсырма.

Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға ауызша жауап береді.Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- мәтін бойынша мазмұндық және тілдік ерекшелтерін анықтайды.



Оқулық, жұмыс дәптерлері.



116-117 б.

5 -тапсырма

6 -тапсырма

Тілдік бағдар

5 мин

Мұғалім «Болымсыздық есімдігі»және «Өздік есімдік» ережелеріне сәйкес карточка таратып,түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Тыңдалым.

Оқушы мұғалімді мұқият тыңдай отырып, тыңдалым дағдыларын дамыту, нақты ақпаратты қабылдауға және оны жүйелі түрде өңдеуге дағдыланады.

Дескриптор: Жалпы – 1 балл.

- Оқушы айтылған ақпаратты дұрыс қабылдап, маңызды мәліметтерді анықтап, оны жүйелі түрде түсіну керек.



О
қулықпен жұмыс.

5 мин

8-тапсырма.Мұғалім жазылым тапсырмасын орындатады.










Жазылым.

8-тапсырма.

Оқушылар сөйлемдерді көшіріп жазып,соның ішінен болымсыздық есімдігін теріп жазады.Осы тапсырма арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Сөйлемдерді көшіріп жазады;

- Сөйлем ішінен болымсыз есімдігін теріп жазады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері.

117-б.

8-тапсырма.


О
қулықпен жұмыс.


2 мин

9-тапсырма.Мұғалім тапсырманы жұптық жұмыс ретінде орындатады.

Жазылым.

9-тапсырма.Болымсыздық және өздік есімдіктерін кестедегі сөздермен байланыстырып,кестені толтырады.

Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды.

Мақсаты – оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау арқылы пікір алмасуын, ой бөлісуін және бірлесіп жұмыс істей отырып, тапсырмаларды орындауын қамтамасыз ету.

Дескриптор: Жалпы – 2 балл.

- Болымсыздық есімдіктерін кестедегі сөздермен байланыстырады;

- Өздік есімдіктерін кестедегі сөздермен байланыстырады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері.

117-б.

9-тапсырма.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3мин.



«Кері байланыс» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабақтың қаншалықты түсінгендігін рефлексия қағаздарын таратып шығады.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар берілген рефлексиялық кестеге өз деңгейін белгілейді.

  1. Маған бәрі түсінікті;

  2. Аз ғана кемшіліктер болды,онымен жұмыс жасаймын;

  3. Бұл сабақ мен үшін қиын болды.

Және кесте астына өзінің сабақтан алған әсерін жазады. Бір сөзбен сабақты бағалайтын келесі сөздерді пайдалануға болады.Мысалы: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
92
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12