400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұлбұлдың әні

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Төрежановтың әңгімесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні
Сабақтың мақсаты: 1) білімділігі: Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл

құсы туралы түсініктерін тереңдету.
2) дамытушылығы: тіл байлығын, сөздік қорын, көркем

сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету

арқылы еске сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.
3) тәрбиелігі:Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға,

жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтастыру. Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, портреттер, үнтаспа, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру.

1) Оқушылармен амандасып, түгендеу.

2) Қызығушылықтарын ояту.
(Мұғалімнің қысқаша мәтін оқып беруінен басталады).
«Масатыдай құлпырып, бақыт пен қуанышын қатар арқалап көптен күткен көктем де келіп жетті. Өлкенің кең - байтақ төсі жасыл желек шөптерге, хош иісі аңқыған гүлдерге толыпты. Күн жерге мейірлене қарайды. Алыстан қаңқыл - қаңқыл қаздардың даусы естіледі».
Сұрақтар: - Осы мәтінді тыңдап отырып қандай сезімге бөлендіңдер?
- қай жыл мезгілі туралы айтылған?
- көктем туралы не білеміз?



Shape1 құстар келеді

КShape3 Shape2 үн жылынады ағаштар гүлдейді



Shape4

Көктем



шShape5 Shape6 өптер шығады күн ұзарады

Shape9 Shape8 Shape7

гүлдер өседі мал төлдейді тіршілік басы

- Көз алдарыңа не елестейді?
- Егер көктемді «тіршілік басы» десек, осы тіршілікке, өлкенің, жер әлемнің құлпыруына үлкен әсер ететін не?

- Жаңбыр.
- Жаңбыр — тіршілік көзі.
II Үй жұмысы.
1.Үйге берілген Б. Майлиннің «Жаңбыр» өлеңін жатқа
айту.

2.Сұрақтар:

- Жаңбырдың қандай түрлерін білесіңдер?
- Нөсер жаңбыр, ақ жаңбыр, өткінші және соқыр жаңбыр.
- Жаңбырдан бізді не қорғайды?(Қолшатыр, плащ)

- Жаңбыр жауып басылған соң нелердің даусын
естуге болады, аспанда не пайда болады? -(Құстардың, шегірткенің шырылын, бақаның даусын, кемпірқосақ).
- Жаңбыр жауған кездегі көк шөптің, гүлдің сезімін
бейнелеп бер?
- Өте жақсы балалар, көктем сәні жаңбыр мен де кіреді екен,
сонымен бірге құстардың әсем дауыстарымен де
ерекшеленеді екен.
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

3.Құстар
Үй құстары: (тауық, қаз, үйрек)
Дала құстары: (бұлбұл, сауысқан, қарға, торғай, кептер аққу)
Жыртқыш құстар: (бүркіт, жапалақ)
4.Ойын: Құстар қалай дыбыстайды?
Сәйкестік тестін алу
Қаз ------------------- шырылдайды
Бозторғай ---------- қаңқылдайды
Сауысқан ----------- шақырады
Әтеш ----------------- саңқылдайды
Қарға ---------------- тыраулайды
Тырна --------------- сайрайды
Бұлбұл -------------- қарқылдайды
- Балалар, олай болса бәріміз, үнтаспаны тыңдап көрейікші?
- Қандай құстың үні ерекше естіледі?
- Бұлбұлдың даусы. Бұлбұл әнші құс екен. Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа жағымды. Беті ашық, тостағанша тәрізді ұясын бұта бұтақтарына салады.


III Жаңа сабақ.

1.Ендеше, бүгінгі сабақта М. Төрежановтың „Бұлбұлдың әні"
атты мәтінімен танысамыз.
Автордың өмірбаянына тоқталып өту, таныстыру.

2. Дәптермен жұмыс. Күннің жады, тақырыбы, автордың өмірі.

Төрежанов Мәдіхат Сейітхожаұлы (1921-1996ж) бұрынғы Целиноград облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген жазушы. КСРО жазушылар одағының мүшесі болған.

IV.Оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс.
а) Мәтінді мәнерлеп, түсінікті, дауыстап оқып беру.
ә) Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді анықтату.
- Негізгі кейіпкерлер - Әбдеш пен оның досы.

б) Мәтінді оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша талдау, мәтіннің негізгі ойын, жасырын ойын анықтау.
(бұл жерде сұрақтарды оқушылар өздері бір - біріне қояды)
в) Мәтінді оқушыларға рольге бөліп оқыту.
г) Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою. 1. Тоғай ішінде

2.Бұлбұлдың ұясын қоруы.

3. Бұлбұлдың сайрауы.

V. Шығармашылық жұмыс.
1. Әбдеш қандай бала, мінездеме бер? (дәптерге орындау)
2. Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Үшкір тұмсық Көк тырна,

Сұр шымшық Көп тырна,

Сордан ұшты Тыраулап тек

Құрт шымшып. Көп тұрма.



Қарлығаш ұшқанына мәз,

Қарындас үш алғанына мәз.

VI. Қорытынды.
Тәрбиелік ой толғаныс.

- Табиғатты аялау дегеніміз не?
- Сендер табиғат пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер?
1. Табиғаттағы әрбір тіршілік иесін қорғау керек.
2. Гүлдерді жұлмау керек.
3. Құстарды атпау керек, жұмыртқасын алып, ұясын бұзуға болмайды.
4. Құстарға қолдан ұя жасап, жемшашар әзірлеп қою керек.

VII. Үйге тапсырма:
1) Мәтінді түсініп оқу.
2) Бұлбұл құсы туралы мәлімет жазу.

VIII. Бағалау.













































М.Атымов атындағы №6 орта мектеп.









Ана тілі 3-сынып

Тақырыбы: Бұлбұлдың әні.















Өткізген: Бекембаева Р.









2013-2014 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі