400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіру арқылы ашық дыбыстарды қою»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіру арқылы ашық дыбыстарды қою»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеке түзету сабақ жоспары


Тақырыбы

Мақсаты

Түзету жұмысының барысы

Сабақ саны




«Бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіру арқылы ашық дыбыстарды қою»


-Баланың артикуляциялық аппаратын қажетті дыбыстарды дұрыс айту үшін дайындауға көмектесу.

-Әр жаттығу арқылы ерін, тілдің қалпы мен белгілі қимылдарын дайындап, бағытталған ауа ағынын шығаруға, яғни, дыбысты дұрыс айтуға қажеттінің барлығына жаттықтыру.


-Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту.


Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелесу.

Ұйымдастыру барысы: «Сәлемдесу».

І. Артикуляциялық аппараттың, жалпы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Уқалау жасау үшін баланы ынғайлы орынға жатқызып, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу. Бет бұлшық еттеріне біртіндеп, сатылай массаж жасау жұмысын жүргізу. Ондағы мақсат - дыбыс шығаруда тіл қимылының әлсіз қалпын ширату, дыбыс шығару әрекетін жақсарту, жаратылысында табиғи кемістігі бар жақтарын мүмкіндігінше түзету.

Зонд арқылы массаж бастамас бұрын маман қолына 7-8 рет әзірлеу массажын жасап, біраз икемге келтіру. Массаж жасау әдіс-тәсілдеріне қысу, сырғанату, үйкелеу, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу түрін жүргізу.

  • жақтың массажынан 2-3 жаттығу;

  • бет ұшы массажынан 2-3 жаттығу;

  • ауыз қуыс айналасының бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;

  • тілдің бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;

ІІ. Тыныс алу функциясын дамыту. Дауыстың күшін, әуезділігін дамыту.

Баланың аузын қатты ашық қалыпта ұстатып, мұрынмен тынысты ішке алып, ауызбен демді шығарту жаттығуларын бірнеше рет жасату. Бала өзі орындай алмаса, кеуде тұсын уқалап, сипау әдістерін пайдалана отырып, демді алу және шығаруға үйрету. Тыныс алу жаттығуларын жасата отырып, ашық дауысты дыбыстарды айтқызу.

ІІІ. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзету. (Дыбысты қою)Баланы айна алдына ыңғайлы қалыпта отырғызып, артикуляциялық жаттығулардың суреттерін көрсете отырып, бірге жасау. Ең бірінші баланың деңгейіне қарай, оңай жасалатын жаттығулардан бастау. Әр жаттығуды жасата отырып, балаға дыбыстарды айтқызу.

«Артикуляциялық жаттығулар» түрлері:

«Сусиыр» - ауызды кең ашып тұру. «А» дыбысын айту.

«Піл» - ерінді алдыға созу. «У» дыбысын айту.

«Бақа» - жымию. «Ы» дыбысын айту.

ІV. «Су-Джок» терапия

- «Су-Джок» шарларымен, сақинасын баланың қолына кигізе отырып ұсақ қол моторикасымен жұмыс жасау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі