Бұлшықет қозғалысын реттеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұлшықет қозғалысын реттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұлшықет қозғалысын реттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жетісу облысы,Сарқан ауданы,

Шатырбай ауылы,

Шатырбай орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі

Педагогтің аты-жөні:

Дыбысова Асель Мелисовна

Бөлім:

9 бөлім .Қозғалыс

Күні:


Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшықет қозғалысын реттеу. №7 Зертханалық жұмыс "Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу".№7 БЖБ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.6.2 бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу;

Сабақтың мақсаты:

  • Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне байланысты жұмысын зерттейді;

  • Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын анықтайды;

  • Тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.

Құндылықтар:

  • Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік.

  • Денсаулыққа жауапкершілік

  • Құзыреттілік:Тиімді коммуникация

  • Бірлік және ынтымақ. Академиялық адалдық

  • Құзыреттілік:Иновациялық ойлау.

  • Жасампаздық және жаңашылдық.

  • Құзыреттілік:Шығармашылық

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин











2 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдеседі. Сыныпта жағымды оқу ортасын қалыптастырады. Оқушыларды сабаққа дайындайды, зертханалық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін еске салады.


Өткен сабақты пысықтау мақсатында

Ворд волл платформасын қосады



Психологиялық ахуал:
«Қозғалысты сезін» әдісі

Оқушыларға орнынан тұрып, 5–6 секунд алақанын қысып ұстап тұруды, кейін босатуды ұсынады. Оқушыларға сұрақ қояды:

- Қандай өзгеріс байқадыңдар?

- Қолдарың қалай сезілді?
– Қорытынды жасайды: «Бұл – бұлшық еттің жұмысы мен қажуы.

Бүгінгі сабағымызда осы үдерісті зерттейтін боламыз.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды. Зертханалық жұмысқа дайындық жасайды.





Ворд волл платформасына өтіп өткен білімді қайталайды


Қарапайым қимылды орындайды. Өз сезімдерін айтады. Сабақ тақырыбына қызығушылық танытады

ҚБ: ауызша мадақтау

Зертханалық құралдар



Сабақтың ортасы

6 мин





Жаңа тақырыпқа байланысты комикс

Тапсырма 1

Жұптық жұмыс

Оқушыларды жұпқа бөледі. Статикалық және динамикалық жұмыс ұғымдарын еске салады.

Жұптарға тапсырмаларды түсіндіреді. Жұмыс барысында бақылап, қажет болған жағдайда бағыттаушы сұрақтар қояды. Жауаптарды тыңдап, ғылыми тұрғыда нақтылайды. Қорытынды жасауға жетелейді.

1. Оқулық мәтінін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер:

Жауапты жұпта талқылап, қысқаша жазыңдар.

1) Статикалық жұмыс дегеніміз не?

2) Динамикалық жұмыс дегеніміз не?

3) Қай жұмыс түрінде бұлшық ет тезірек қажиды? Неліктен?


2. Сөйлемді толықтырыңдар:

Бұлшық еттің қажуы __________ және __________ жұмыс түрлеріне байланысты өзгереді.


Құндылықтарға баулу

Денсаулыққа жауапкершілік – бұлшық етті шамадан тыс жүктемеудің маңызын түсіну

Ынтымақтастық – жұпта бірлесіп талқылау және шешім қабылдау

Жұппен бірлесе отырып оқулықтағы мәтінді оқиды. Статикалық және динамикалық жұмыс түрлерін жұптаса отырып салыстырады.

Қажу уақытының айырмашылығын талдайды. Өз ойларын жұпта талқылап, ортақ қорытынды жасайды. Қорытындыны ауызша немесе жазбаша түрде ұсынады.



Дескрипторлар:

1) статикалық және динамикалық жұмысты ажыратады – 2 балл;

2) қажу себебін түсіндіріп, қорытынды жасайды – 2 балл;


Презентация

Биология оқулығы


Бұлшық ет қозғалысын реттеу иллюстрациялық суреті

Секундомер

1,5 кг және 3 кг жүк

Жұмыс парағы таратылады


6 мин

Тапсырма 2

Функционалдық сауаттылық тапсырмасы

Өмірлік жағдаят арқылы тапсырманы ұсынады. Статикалық және динамикалық жұмыс ұғымдарын еске түсіреді.

Мәтін

Дене шынықтыру сабағында екі оқушы тәжірибе жасады.
1-оқушы қолына 1,5 кг жүк ұстап, қолын қозғалмай 90° бұрышта мүмкіндігінше ұзақ уақыт ұстады.
2-оқушы сол салмақтағы жүктi қолымен баяу көтеріп-түсіріп отырды.
Бірнеше минуттан кейін бірінші оқушының қолы тезірек шаршап, дірілдей бастады.


Берілген жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап бер.


1. Сұрақтар:

1) Қай оқушы статикалық жұмыс орындады?

2) Қай оқушы динамикалық жұмыс орындады?

3) Бұлшық еттің қажуы неге әртүрлі болды?


2. Кестені толтыр.

Жұмыс түрі

Бұлшық еттің күйі

Қан айналымы

Қажу жылдамдығы

Статикалық




Динамикалық




Құндылықтарға баулу

Денсаулыққа жауапкершілік – бұлшық етке түсетін жүктемені дұрыс бағалау;

Ғылыми ойлау – тәжірибе нәтижесіне сүйеніп қорытынды жасау;

Мәтінді оқып шығады. Жұмыс түрлерін ажыратады. Кестені толтырады. Өз ойын дәлелдеп жазады. Денсаулыққа қатысты қорытынды жасайды.

Дескрипторлар:

1) статикалық жұмысты дұрыс анықтайды –

1 балл;

2) динамикалық жұмысты ажыратады – 1 балл;

3) қажу себебін қан айналымымен байланыстырып түсіндіреді – 1 балл;


Дескрипторлар:

1) статикалық жұмыс кезіндегі бұлшық ет күйін сипаттайды – 1 балл;

2) динамикалық жұмыс кезіндегі қан айналым ерекшелігін көрсетеді – 1 балл;

3) қажу жылдамдығын салыстырады – 1 балл;




Биология оқулығы

Иллюстрациялық сурет

жұмыс парағы беріледі

кесте толтыру

интерактивті

тақта презентация


Сабақтың ортасы

6 мин





Тапсырма 3

7 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Статистикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу үдерісін зерттеу»

Мақсаты: бұлшық еттің жиырылуы жиілігіне бұлшық ет жұмысының тәуелділігін зерттеу

Құрал-жабдықтар: секундомер, массасы, 1,5 және 3кг жүк, білезіктің күшін өлшеуіш.

Жұмыс барысы

Статикалық және динамикалық жұмыс арасындағы айырмашылықты зерттеу үшін статикалық және динамикалық жүктемеге байланысты екі тәжірибе жасау керек.

1-тәжірибе. Статикалық жұмыс кезінде қажу.

Сыналушы массасы 1,5 кг жүкті алып, оны денеге тік бұрышпен екі жаққа қарай қолын созып ұстайды.

Созылған қол деңгейінде тақтаға бормен белгі жасалады да, секундомерді қосады.

Қолдың белгіден ауытқуы байқалады, бұлшық еттің қандай уақытта қажығаны тіркеледі.

Сыналушы массасы 3 кг жүкті алады. 3 кг салмақпен тәжірибе жасау үшін 2-3 пункт қайталанады.

2-тәжірибе. Динамикалық жұмыс кезінде қажу.

Сыналушы сол (массасы 1,5 және 3 кг) жүкті белгіге дейін көтереді.

Сыналушы өзіне ыңғайлы қарқында қолымен қимыл жасайды (қолын көтеріп немесе түсіріп).

Сыналушы 3 секунд уақыт белгіде қолын ұстап тұра алмағанда қажу бар есептеледі. Қажу қанша уақытта болатынын бақылаңдар. Екі тәжірибе нәтижесін кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.

Жұмыс түрі

Жүк массасы

Уақыт секунт

Жиілік

Қажу уақыты

Статистикалық





Динамикалық





Жол саны экспериментке қатысушы санына тең болуы керек. Жалпы қорытынды жасаңдар: жүктеме типі бұлшық еттің қажуына қалай әсер етеді?

Статистикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу үдерісін зерттейді;






























Дескрипторлар:

1) бұлшық еттің жиырылуы жиілігіне бұлшық ет жұмысының тәуелділігін зерттейді;

2) Статикалық және динамикалық жұмыс кезінде қажу үдерісін зерттейді;

3) Зертханалық жұмыстың қорытындысын жазады;


Презентация, оқулықтар, жұмыс дәптері


ЕББҚ ететін оқушыға арналған тапсырма

Тапсырманы ауызша түсіндіреді.

Сурет арқылы бағыттайды. Жауап нұсқаларын бірге талдайды. Қажет жағдайда жетекші сұрақтар қояды.


1-тапсырма. Таңда (+) белгісін қой

Жағдай

Статикалық

Динамикалық

Қолды қозғалмай ұстап тұру



Қолды көтеріп-түсіріп жаттығу жасау



Нұсқау:
– Қозғалыссыз болса –
статикалық
– Қозғалыс болса –
динамикалық


2-тапсырма. Кілт сөздерді қолдану арқылы сөйлемдерді толықтыр.


Кілт сөздер: тез, баяу, қозғалыссыз, қозғалыспен


Статикалық жұмыс – қол __________ тұрады.

Статикалық жұмыс кезінде бұлшық ет __________ қажиды.

Динамикалық жұмыс __________ орындалады.

Динамикалық жұмыс кезінде қажу __________ болады.

Құндылықтарға баулу

Денсаулыққа жауапкершілік - бұлшық етке артық күш түсірмеудің маңызын түсінеді;

Жауапкершілік - берілген тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады;

Берілген иллюстрациялық суретке назар аударады. Мұғалімнің көмегімен қолдың қозғалысы бар немесе жоқ екенін анықтайды. Статикалық және динамикалық жұмысты таңдау (+) арқылы ажыратады. Дайын сөздерден сөйлемді толықтырады. Дұрыс жауапты таңдап белгілейді. Өмірлік жағдайды суретпен байланыстырып, бұлшық еттің тез қажу себебін түсіндіреді

Дескрипторлар:

1) Статикалық және динамикалық жұмысты ажыратады;

2) Қажудың қай кезде тез болатынын анықтайды;

3) Сурет пен өмірлік жағдайды байланыстырады;


Иллюстрациялық сурет

Гантель немесе муляж

Қима карточкалар


20 мин

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Сыныпта әділ бағалау ортасын қалыптастырады. БЖБ-ның мақсатын, орындау уақытын және жұмыс ережесін түсіндіреді. Бағалау кезінде академиялық адалдық талаптарын ескертеді. Бағалау критерийлері мен дескрипторларға сәйкес тексеру жүргізеді.

Құндылықтарға баулу

Академиялық адалдық – тапсырмаларды өз бетінше орындау;

БЖБ талаптарымен танысады. Берілген тапсырмаларды жеке орындайды.

Бұлшық ет жұмысының түрлерін ажыратады.

Кестелерді толтырып, сұрақтарға жазбаша жауап береді. Өмірлік жағдаятты талдап, функционалдық сауаттылық тапсырмасын орындайды. Өз білімін қолдана отырып, қорытынды жасайды.

ҚБ: мадақтау

9-сынып биология оқулығы

«Қозғалыс» бөлімі

БЖБ тапсырма парағы

Қалам, қарындаш

таймер

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар


Сабақтың соңы

3 мин


«Тик-ток» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды

Оқушылар Қиын,Қызық,Құнды болған жерін сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі