400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бұлт күнді жапты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың байқағыштығын дамыту, қарындашты дұрыс ұстап жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 07.09.2019ж.

Тәрбиеші: Муканова ДД

Өтпелі тақырып: менің отбасым

Білім саласы: Шығармашылық. Сурет салу

Тақырыбы: «Бұлт күнді жапты»

Мақсаттары

1.Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балалардың байқағыштығын дамыту, қарындашты дұрыс ұстап жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: Балаларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланып күннің көзін шеңбер ретінде, күннің сәулесін тік сызықпен және бұлтты будақтатып салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: күн және бұлттың бейнесі, түрлі-түсті қарындаштар.

Билингвалдық компонент: бұлт– туча; күн- солнце.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Тосын сәт: Балалар, біз бүгін аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Көзімізді жұмып өзімізді аспанда жүргендей сезінейік. Күн шақырайып бізге жылу шашып тұр. Сендер бір үлкен бұлттың ішінде өмір сүретін кішкентай тамшыларсыңдар. Бұл кішкентай тамшылар өт көңілді, әрі қуанышты, барлығына жақсылық жасайтын су тамшылары. Сендер сиқырлы тамшыдан, жаны жақсылыққа толы балаларға айналып, топқа қайта оралдыңдар. Көздеріңді жаймен ашыңдар. Не елестеттіңдер?

2.Негізгі бөлім

Аспанда әлемінде нені көрдік? (күн және бұлттың бейнесін көрсету)

Күн туралы әңгіме.

-Күн көзі бізге не сыйлайды?

-Күн қандай пішінге ұқсайды?

- Күн шуағын кімге шашыратып тұр екен? Түсі қандай?

Билингвалдық компонент: күн- солнце.

-Балалар аспанда күннің жанында не болады?

-Бұлттар қандай пішінде құралғанын көзбен көрейік. Бұлттардың қандай пішіндерін көрдіңдер? Бұртардың пішіндері – атқа, жүрекке, қызылшаға, адам мүсініне, аңға ұқсайды.

Бұлттың түсі қандай?

Билингвалдық компонент: бұлт– туча.

Балалар ендеше біз бүгін күн мен бұлттардың суретін салайық.

Көрсету және түсіндіру.

Балаларға күнді қалай бейнелейтінін көрсету. Қағазды тігінен қойып, шеңбер салу, жан - жағына сәулелерін түзу сызықтармен әшекейлеу.

Бұлтты күннің жанына будақтатып салуды көрсету.

Жеке жұмыс: Камилаға, Нартайға түстерді дұрыс ажыратып, бұлтты салуға көмектесемін.

Сергіту жаттығуы: «Жаңбыр»

Бұлт қабағын түйіп ап,

Бүркеп алды аспанды.

Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап,

Жаңбыр жауа бастады.

«Күн мен бұлт»

Мақсаты: балалардың жылдамдықтарын арттыру, күннің көзі мен бұлтты ажырата білуге тәрбиелеу

Керекті құралдар: күн мен бұлт пердесі

3.Қорытынды

Көрме ұйымдастыру.

Балалар салған суреттерін тақтаға әкеліп іледі.

Суреттер талқыланып, балалар бір біріне баға беру.

Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

Қосымша толықтырулар енгізген балаларды мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қыркүйек
2264
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі