15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бұранда, сомын және тығырықтың проекциясын сызу.
« Б е к і т е м і н »
№3 Байзақ колледжі
директорының
ОІЖ орынбасары
_________Д.К.Есжанов
Сабақ жоспары
Пәннің аты: Сызу. Айы, күні: 6.02.2019ж.
Оқытушы: З.А.Молдабаев. Топтың№: ГД-17
Сабақтың №40
Сабақтың тақырыбы: Бұранда,. сомын және тығырықтың проекциясын сызу.
Сабақтың түрі: тәжірибелік.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Тәжірибелік жұмыс №34
Сабақтың мақсаты |
Оқу: Студенттерге өндірістегі техникалық машиналардың тетікбөлшектері, соның ішіндегі есептелген өлшемдері бойынша бұранданың, сомын және тығырықтың екі көріністегі проекциясын салуды үйрету. Олардың жұмыстағы ролі және мақсаты туралы түсінік беру. Өз бетінше талаптануы мен іскерлік, шығармашылық дағдысын қалыптастыру. |
Дамытушылық: Білім алушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. |
|
Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету. Топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланысы: Трактор6 автомобиль құрылысы, АШМ. геометрия.
Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары: Сызғыш, циркуль, тронспартир, тақырыпқа арналған сурет, бор.
Таратылатын материалдар: үлестірме қағаздар.
Сабақты жүргізу кезеңдері
|
Қосымша және берілген уақыт (минут) |
1. Ұйымдастыру кезеңдері: Студенттермен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу және олардың назарын сабаққа аудару. |
2-3 мин |
2. Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтағы тақырыпты сұрау.
|
10 мин |
3. Жаңа тақырыпты баяндау.
Осындай болттардың басы алты бұрышты дұрыс призма пішіндес жасалып, фаскалармен аяқталады. Фаска өткір ұшты бұрыштарын жою және кілтті оңай кигізу үшін керек. Бұрандалы ұшының ұзындығы оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал болттың жалпы ұзындығы біріктірілетін тетікбөлшектердің қалыңдықтарына байланысты анықталады. Құрметті студенттер біз бүгінгі сабағымызда бұрандаманың проекцияларын сызуды үйренеміз. Бұрандалы ұшының ұзындығы оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал болттың жалпы ұзындығы біріктірілетін тетікбөлшектердің қалыңдықтарына байланысты анықталады.
Есептелген өлшемдері бойынша болтты екі көріністе сызамыз (а суретте). Болт басының фаскасы шартты түрде көрсетілмеген. Фаска пішіні қиық конус болып келеді. Ендеше, конус пен алты бұрышты дұрыс призманың қиылысу сызығын тұрғызу есебін шығарып алдық. Оське перпендикуляр жазықтықтағы кескінді салғанда диаметрі 40 мм шеңбер тұрғызып оған іштей дұрыс алты бұрыш сызылады. Ол үшін нүктелер жиынын тауып, оларды белгілі бір тәртіппен қосады. Гайкаларды да болаттан жасайды және олардың бұрандалары метрикалық болады. Гайканың сыртқы пішіні алты жақты призма, төрт жақты призма және цилиндр тәрізді болып келеді. Квадрат жіне дөңгелек гайкалар сирек кездеседі. Алты жақты гайканың өзі қалыпты, биік және аласа деп үшге бөлінеді.
Гайканың өлшемдерін анықтап,
оның сызбасын салады. Оның бұрандасы
да номинал диаметрі
D2
Биіктігі
Н1 =
0,8 d =
0,8 Гайка сызбасын (ә суретте) екі кескіндіе салады: басты кескінде жарты тілік көрініспен жалғастырылады; сол жақ көріністе дұрыс алтыбұрыштың ішіне екі шеңбер жүргізіледі. Олардың ішкісі тұтас жуан сызықпен, ал сыртқысы жіңішке сызықпен шеңбердің 3/4 бөлігіне жүргізеді. Бұл шеңберлердің диаметрлері 17 және 20 мм болады. Фаскалар ескерілмейді. Гайканың болтқа бұрап кигізетін немесе ажырататын кілттің өлшемі 30 мм.
Шайба да болаттан жасалады және оның бұрандасы болмайды.
Шайбаның сыртқы диаметрі D = 44 мм. Оның ішкі диаметрі d0 = 22 мм Шайбаның қалыңдығы b = 4 мм. Оның сызбасы екі кескіннен тұрады: басты кескінде жарты тілік жарты көрініспен біріктіріледі, ал сол жақ көрініс екі шеңберден тұрады.
|
20 мин
|
4. Жаңа тақырыпты бекіту. Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту. Болт деп қандай тетікбөлшекке айтылады? Срмын (гайка) дегеніміз не? Тығырық (шайба) деген қандай тетікбөлшек, ол бізге не үшін қажет болады? |
5 мин |
5. Сабақ қортындысы: (Білімді бағалау және осы тақырып бойынша қандай ақпарат пен танысқанын жүйелеу) Сұрақтарға жауап берген және бұранда, сомын, тығырықтың сызбасын сызған студенттерід бағалау. |
5 мин |
6. Үй тапсырмасы: §5.2. Тақырыпты оқып, бұранданың проекциясын сызу. |
2 мин |
Пайдаланған әдебиеттер: Сызу. §47. 167-168 беттер. Ж.Есмұханов.
Сызу. §5.2 52-62 беттер. В.В.Никитенко.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген