«
Б е к і т е м і н »
№3 Байзақ колледжі
директорының
ОІЖ орынбасары
_________Д.К.Есжанов
Сабақ
жоспары
Пәннің аты:
Сызу.
Айы, күні: 02.02.2017ж.
Оқытушы:
З.А.Молдабаев.
Топтың№:
ГД-1-16
Сабақтың
№39.
Сабақтың тақырыбы: Бұранда
туралы жалпы түсінік.
Бұрандалы біріктірулер.
Сабақтың түрі:
тәжірибелік.
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіру.
Тәжірибелік жұмыс №33.
Сабақтың мақсаты
|
Оқу:
Студенеттерге өндірістегі
техникалық машиналардың тетікбөлшектері,
соның ішіндегі есептелген өлшемдері
бойынша болттың, гайканы және шайбаның
екі көріністегі проекциясын салуды
үйрету. Олардың жұмыстағы ролі және
мақсаты туралы түсінік беру, сызбаны
оқуға үйретіп, өз ойын еркін айтуға
мүмкіндік туғызу. Өз бетінше талаптануы
мен іскерлік, шығармашылық дағдысын
қалыптастыру.
|
Дамытушылық: Білім
алушылардың таным қабілетін, логикалық
ойлау қабілетін дамыту.
|
Тәрбиелік:
Білім алушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа
үйрету. Топпен жұмыс жасап, бір-бірін
тыңдай білуге үйрету, мәдениетті
болуға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық
байланысы: Трактор6
автомобиль құрылысы, АШМ. геометрия.
Қолданылатын көрнекі және
оқытудың техникалық құралдары: Сызғыш,
циркуль, тронспартир, тақырыпқа арналған
сурет, бор.
Таратылатын материалдар:
үлестірме қағаздар.
Сабақты жүргізу кезеңдері
|
Қосымша және берілген
уақыт (минут)
|
1. Ұйымдастыру кезеңдері:
Білім алушылармен
сәлемдесу, Құрал-жабдықтарын түгендеу
және олардың назарын сабаққа аудару.
|
2-3 мин
|
2. Өткен тақырып бойынша
үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап
арқылы өткен сабақтағы тақырыпты
сұрау.
Типтік
қосылыстар дегеніміз не?
Біріктірулер
неше түрге бөлінеді?
Ажырайтын
біріктірулерге нелер жатады?
Ажырамайтын
біріктірулерге нелер жатады?
Техникада
детальдардың негізгі қай түрдегі
біріктірулері қолданылады?
Әр
түрлі машиналардың механизмдерінде
қайталап кездесе беретін қосылыстар
конструкциялары мұқият жетілдірілген
және жұртшылыққа мәлім – оларды
типтік қосылыстар деп атайды.
Барлық
біріктірулер ажырайтын және ажырамайтын
болып екіге түрге бөлінеді.
Ажырайтын
біріктірулерге
құрылымындағы тетікбөлшектерді
бүлдірмей ажыратуға болатын біріктірулер
жатады. Олар бұрандалы
(болттық, шпильдік және т.с.), шпондық,
шлицтік, штифтік және т.б. біріктірулер.
Ажырмайтын
тетікбөлшектердің
біріктіру элементтерін бүлдірмей
ажыратуға болмайды. Мұндай біріктірулерге
пісіру, дәнекерлеу,
желімдеу және т.б.
жатады.
Техникада
детальдардың мынадай негізгі
біріктірулері қолданылады: болттық,
шпльдік, шпондық, тойтарып шегелеу,
штифтік, пісіру, винттік біріктірулер.
|
10 мин
|
3.
Жаңа тақырыпты баяндау.
Бұранда (болт) стержень
тәрізді, басы деп аталатын жағына
қарама-қарсы ұшында бұрандасы бар
тетікбөлшек. Болтты басының пішініне
қарай алты жақты, жартылай дөңгелек
басты, құпия басты және т.б. деп аталады.
Оның ішінде ең көп тарағаны – алты
жақты болттар.
Осындай болттардың басы алты бұрышты
дұрыс призма пішіндес жасалып,
фаскалармен аяқталады. Фаска өткір
ұшты бұрыштарын жою және кілтті оңай
кигізу үшін керек. Бұрандалы ұшының
ұзындығы оның цилиндр пішінді бөлігінің
диаметріне, ал болттың жалпы ұзындығы
біріктірілетін тетікбөлшектердің
қалыңдықтарына байланысты анықталады.
|
20 мин
|
4. Жаңа тақырыпты бекіту.
Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту.
Болт деп қандай тетікбөлшекке айтылады?
Срмын
(гайка) дегеніміз не?
Тығырық
(шайба) деген қандай тетікбөлшек, ол
бізге не үшін қажет болады?
|
5 мин
|
5. Сабақ қортындысы:
(Білімді бағалау
және осы тақырып бойынша қандай ақпарат
пен танысқанын жүйелеу)
Сабаққа
жақсы қатысып, сұрақтарға жауап берген
және күрделіі тіліктің сызбасын сызған
білім алушыларды бағалау.
|
5 мин
|
6. Үй тапсырмасы:
§5.2 Бұранда туралы жалпы
мәлімет.
|
2 мин
|
Пайдаланған
әдебиеттер:
Сызу. §47. Тетікбөлшектерді болттың және
шпильканың көмегімен біріктіру. 167-168
беттер. Ж.Есмұханов.
Сызу.
§5.2 Бұранда туралы жалпы мәлімет. 52-62
беттер. В.В.Никитенко.