Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұранда туралы түсінік. Ішкі бұранда салу.

Материал туралы қысқаша түсінік
2. Сабақтың мақсаты: - Білімділік: Оқушыларды бұранда салу әдістерімен және құрал-жабдықтармен таныстыру. Слесарлық тәжірибеде, білімдерін жинақтау, қолдану. - Дамытушылық: Бұранда туралы түсінік өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. - Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 3. Сабақтың жабдықталуы: Құрал-саймандар және плакаттар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» комуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)



Слесарлық іс-тәжірибе

сабақ жоспары № 20


Бұранда туралы түсінік. Ішкі бұранда салу.

(сабақтың тақырыбы)


«Слесарлық іс-тәжірибе»

КМ 03 Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

(пәннің/модульдің атауы)

Оқытушы: Аманғалие А.Д.

« 05 » 02 2025 жылы

 1. Негізгі ақпарат

      Курс, топ: II курс

      Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

2. Сабақтың мақсаты:

- Білімділік: Оқушыларды бұранда салу әдістерімен және құрал-жабдықтармен таныстыру. Слесарлық тәжірибеде, білімдерін жинақтау, қолдану.

- Дамытушылық: Бұранда туралы түсінік өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

- Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. .-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

3. Сабақтың жабдықталуы: Құрал-саймандар және плакаттар.

3.1 Анықтамалық әдебиеттер:

  1. Н.И.Макиенко-слесарная дело.

  2. Н.И.Макиенко - "слесарлық істің жалпы курсы" 3-ші басылым

Пән аралық байланыс : Металл технологиясы, сызу .

Сабақтың құрылысы:

Сабақ құрылымы

Уақыт

I.

Ұйымдастыру

1 мин

II

Презентация

3 мин

III.

Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

IV

Жаңа тақырыпты түсіндіру

30 мин.

V

Жаңа сабақты бекіту

10 мин

VI

Үй жұмысын беру

1 мин

VII

Тәжірибелік жұмыс

240 мин

VIII

Сабақты қорытындылау

5 мин


4. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын назар аудару. Оқушыларды белгілеу, кезекшілерді тағайындау. Техника қаупсіздігі жөнінде айту.

II. Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсаты мен сабақ жоспарымен таныстыру.

  1. Бұрада туралы түсінік айту.

  2. Бұранда түрлерін айтып өту.

  3. Элементтерін және профилі жайлы мәліметтерді айту.

  4. Бұранданың жүйесін түсіндіру.

III.Үй тапсырмасын тексеру . Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру .

  1. Машиналы және қол разверткаларының айырмашылығы?

  2. Развертка жасау барысы ,әдісітурі қалай?қандай станоктарда жүргізіледі?

  3. Кесу жүздері қалай аталады развертканың?

  4. Развертка жасау кезінде салқындату жүйесіне қандай сұйықтықтар қолданылады?

IV.Жаңа тақырыппен таныстыру.

Машиналар, аспаптар және аппараттар жасағанда, оларды құрайтын бөлшектер қандай да бір тәсілдермен бір-бірімен қосылады. Бұл қосылыстар ажыратылатын және ажыратылмайтын болып бөлінеді.

Ажыратылатын қосылыстар деп қайтадан құрастыру мен бөлшектеу кезінде оны құрайтын бөліктері бүлінбей қалатын қосылыстарды айтады Мысалы 34-ші суретте көрсетілген. Бұйымның бөліктерін үнемі байланыстырып тұратын және бүлінбей бөлшектеуге келмейтін қосылыстарды ажыратылмайтын қосылыстар деп атайды (пісіру, дәнекерлеу, престеу, желімдеу, жапсыру арқылы қосылған қосылыстар).

Машинаның әр түрлі құрылғылардың құрама бөлшектерін, ажыратылатын қосылыстармен қосуда бұранда немесе бекітуші бөлшектер бұрандасы кең қолданылады. Бұрандалылы қосылыстар, бөлшектерге біршама қозғалмайтындық немесе бір бөлшектің басқа бөлшекпен салыстырмалы ауысуын қамтамасыз етеді.

Бұранда деген цилиндрлік немесе конустық беттердің үстінде жазық шеткі жиектің бұрандалы қозғалысынан пайда болған бет. Кескіштің кескініне байланысты бұрандаларды мынадай түрлерге бөледі: үшбұрышты, тіреуішті, трапециялы, тік бұрышты, жұмыр. Егер цилиндр бетіне бір мезетте біреу емес екеу, үшеу не одан да көп жазық профильдер орналастырсақ, сәйкесінше екі, үш және одан да көп кірісті бұранда пайда болады.

Сурет 33 - Бұрандалы қосылыстардың жіктелуі

Shape1

Шплинт арқылы

Шығырықтар арқылы

Шұрып арқылы

Сүйір қада арқылы

Бұранда бекіткіш

Бекітуші бұйымдармен

Бұрандалы-сомынды


Қосымша бұйымдармен

Құбырлы жалғаутетікті

Бұрандалы

Бұрандалы қосылыстар






















Шұрыптың кірістерін оның тік қойылған дөңбекті бетінен жеңіл анықтауға болады. Көпкірісті бұранданы кішкене бұрышты айналудан, үлкен орын ауыстыру алу үшін қолданады. Цилиндрлік немесе конустық беттердің ішкі жағындағы бұранда – ішкі бұранда деп аталады. Цилиндрлік немесе конустық беттердің сыртқы жағына жасалған бұранда – сыртқы бұранда деп аталады.

Оң бұранда контурдың сағат тіліне бағыттас айналуынан пайда болады. Сол бұранда контурдың сағат тіліне қарама-қарсы айналуынан пайда болады.



Сурет 34


Бұрандалар классификациясы 5-ші кестеде бұрандалардың әр түрлі белгілері бойынша берілген.


Кесте 5- Бұрандалар классификациясы


Кескінінің пішіні бойынша

Беті бойынша

Орналасуы бойынша

Қолдануы бойынша

Кіріс саны

Бұранда бағыты

Трапециялы

үшбұрышты

тіреуішті

жұмыр

тікбұрышты

конустық

Цилиндрлік

сыртқы

ішкі

бекітуші

жүрістік

арнайы

Біркірісті

көпкірісті

оң

Сол

V.Сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап арқылы

    1. Бұранда түрлері ?

    2. Профиліне қарай бұранда қалай бөлінед?

    3. Дюймдік пен метрлік бұранданың айырмашылығы қандай?

    4. Метрлік бұранданың белгіленуі қалай?

    5. Трубалық бұранданың бұрыштық профилі қандай?

VI. Үй тапсырмасы.

Бұранда туралы түсінік тақырыбы бойынша есептер беру.

VII. Тәжірибелік сабақ.

Оқушылар слесарлық шеберханада бұранда салуды үйренеді.

VIII. Қорытындылау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды атап өту, бағалау.



Өндірістік оқыту шебері : _____________ Аманғалиев А.Д.

































Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» комуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)



АШЫҚ САБАҚҚА ШАҚЫРУ – КАРТОЧКАСЫ

«Слесарлық іс-тәжірибе»

КМ 03 Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

(пәннің/модульдің атауы)

Пән: Слесарлық іс-тәжірибе

Топ: 21 ТРк

Өткізілу уақыты: 05. 02. 2025 сағат 12:00

Сабақтың тақырыбы: Бұранда туралы түсінік. Ішкі бұранда салу.

Оқытушы: Аманғалиев А.Д.

Сабақтың мақсаты:

- Білімділік: Оқушыларды тойтарып шегелеу әдістері және құрал-жабдықтармен таныстыру. Слесарлық тәжірибеде, білімдерін жинақтау, қолдану.

- Дамытушылық: Бұранда туралы түсінік өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

- Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

Сабақтың жабдықталуы: Құрал-саймандар, мм-проектор және плакаттар.

Пән аралық байланыс: Металл технологиясы, сызу .

Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдану.

Көрнекіліктер: Презентация, құрал-саймандар.





Өндірістік оқыту пәндер

цикл комиссиясының төрағасы Каржаубаева Ж.К.






Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» комуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)


«Келісілді» «Бекітілген»

Колледж әдіскері директордың оқу жұмысы

___________Куандыкова А.Б бойынша орынбасары

«__»____________2025ж _________Молдагалиева М.Т

«__»_______________2025ж



Ашық сабақ

Открытый урок


Пән атауы: «Слесарлық іс-тәжірибе»


Тақырып: Бұранда туралы түсінік. Ішкі бұранда салу.








Дайындаған: Аманғалиев А.Д.


Өндірістік оқыту пәндерінің циклды

комиссиясы отырысында қарастырылды.

хаттама №____

«____»____________ 2025жыл

Циклдық комиссия төрағасы:

Каржаубаева Ж.К.______________










Семей қаласы 2025 жыл


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12