15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бұршақ.Кемпірқосақ
Сабақтың тақырыбы: Е. Елубаев. Бұршақ. Кемпірқосақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу.
Дамытушылық: Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Бірлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті, практикалық.
Көрнекілігі: АКТ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
2. Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Түрлі түспен киінген,
Алып доға иілген. (кемпірқосақ)
Е
скен
Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы
Қордай ауданындағы Отар стансасында
туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529
теміржол орта мектебін бітірген.
ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы
тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан
пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде,
«Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында,
«Балдырған» журналының бас редакторының
орынбасары болып қызмет істеген.
Шығармашылығы:
Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды. Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.
«Бұршақ», «Кемпірқосақ» өлеңдерін оқып, талдау.
Кемпірқосақ қай уақытта пайда болады?
Өзіңше болжа. Өз болжауыңды энциклопедиялық анықтамалардан тексер:
а) жаңбырдан кейін; ә) жаңбырдың алдында; б) түнде.
Кемпірқосақ неден пайда болады? Ол неге жоғалып кетеді?
«Бұшақ» өлеңінде ақын жылдың қай мезгілін суреттеген? Дәлелде.
Сергіту сәті.
Орманда
кірпі келеді,
Саңырауқұлақ
тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі
қайың астынан.
Біреуі терек
қасынан.
Қанша олар болмақ
есепте,
Тоқылған салса себетке?
Шығармашылық тапсырма.
Кемпірқосақтың суретін сал. Салған суретіңді қорға.
3. Қорытынды
Сөйлемдерді сәйкестендір.
1.Кеше күн бұлтты 2. Жаңбыр 3.Жаңбырдан кейін кемпірқосақ 4.Кемпірқосақтың жеті түсі бар: 5.Кемпірқосақ өте әдемі |
болады. болды. қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, қөгілдір, көк, күлгін. шықты. жауды. |
Сабақтың тақырыбы: Қ. Толыбаев. Қаңбақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар мәтін арқылы ақын туралы түсініктері кеңейеді; мәтіннің ішкі дүниесін , идеясын ашу арқыл өмірмен байланыстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ұшқыр қиялын өлең жолдарын құрастыру және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы дамиды;
Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыра талдау арқылы сөздің мән-мағынасына, философиялық құдіретіне мән беруге жетелейді; Қосымша ақпараттардың қажеттісін қолдана алады;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Атом-молекулла. Топқа бөлінеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Орамал тастамақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
3. Жаңа сабақ
Ребус шешу.
Қоян, саңырауқұлақ, бақа.
Ребустың жауабы: қаңбақ.
Б
үгін
біздер Құрманбай Толыбаевтың «Қаңбақ»
деген мәтінімен танысамыз.
Құрманбай
Толыбаев – (1926 - 2004) Алматы облысының
Шілік ауданының Шілік ауылында туған.
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика және
филология факультеті бөлімін
бітірген.
Бірнеше жыл аралығында
«Қазақстан пионері» газетінің әдеби
қызметкері болды.
1968 жылы «Балдырған» Республикалық балалар әдебиеті журналының аға редакторы болып жұмыс істеді.
«Жыл бойы» қазақ тілінде балаларға арналған жыл сайынғы әдеби күнтізбеліктің құрастырушысы болды. Жазушының кейбір тақпақтары және ертегілері орыс, қырғыз, өзбек, түркмен, украин, белорусь, грузин, татар тілдеріне аударылған.
Мәтінмен жұмыс.
а) Мәтінді түсініп оқу.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
Топта біріге отырып, талқылау.
Мәтіннен өзіңе түсініксіз сөздерді жазып ал.
1-топ
Теректің қаңбаққа мысқылдай күлуінің себебі не? ( дәлелдеу)
2-топ.
Қаңбақтың Терекке тірелгенге дейінгі жолын айту.
1-топ
Мәтінді сахналап көрсету.
2-топ.
«Бес жолды өлең» жазу.
Сергіту сәті. Видео
Дәптермен жұмыс.
Сәске кезі, терістік, тапжылмай, құлдилады, тосқауыл болу сөздеріне мағыналас сөздер жаз.
4. Қорытынды
Кесте толтыру
Қаңбаққа сипаттама жазу |
Терекке сипаттама жазу |
Мәтін немен аяқталды? |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгілді аңсау. Жәнібек Кәрбозин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар мәтін арқылы ақын туралы түсініктері кеңейеді; мәтіннің ішкі дүниесін , идеясын ашу арқыл өмірмен байланыстыру;
Дамытушылығы: ой-өрісін дамыту, табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: туған өлке табиғатына,табиғат заттарына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: «Көкпар» «Мезгіл үйіндісі» әдісі, топпен жұмыс
Сабақ көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Өзінің есімінің алғашқы әріпіне байланысты әдемі сөз айту.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларды «Шаршыларды тап» әдісі арқылы 2-топқа бөлу. Шаршылардың түсі жасыл, көк. Жаңа сабақты қорыту барысында бұл түстердің нені білдіретінін анықтау.
1-бөлім: Ширату «Көзбен көр, сөзбен өр!»
2.
Жаңа сабақ
Суретті көрсету арқылы
жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.
«Төрт
мезгілді аңсау»
Автормен таныстыру
Жәнібек
Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр
күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Дегерес ауылында туған.1953 жылы Әл–Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық
университетінің филология факультетін
бітірген. «Кербақбай»,«Қолғанат»,
«Қарбек пен қарақшы» т.б.балаларға
арналған пьесалар жазды. Оның балаларға
арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам»,
«Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?»,
«Біздің ауыл балалары» сияқты өлең,
жинақтары бар.
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
1-топ.
Өлеңдегі ақынның көңіл-күйін сипатта.
2-топ.
Қай сөздер ақынның көңіл күйін анығырақ әсірелеп тұр?
1. Топтастыру әдісі
Ойымызды топтастырайықшы. Екі топқа жыл мезгілдерін бөліп беру
Жыл мезгілдері 4-ке бөлінеді
Қыс,
көктем, жаз, күз.
Қыс
айлары:
желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Көктем
айлары:
наурыз, сәуір, мамыр.
Жаз
айлары:маусым,
шілде, тамыз.
Күз
айлары:
қыркүйек, қазан, қараша.
Сергіту сәті. Видео
1-топ
«Бес
жолды өлең»
Қар
1.
Зат есім.Кім?не?
Ақ,
қалың
2.Сын
есім.Қандай?
Жауады, жатады,
ериді
3.Етістік.
Не істеді?
Көктемде қар еріп
кетеді
4.Синоним
Су
5.Сезіну
2-топ Эссе жазу.
1-топ Мақалды жалғастыру:
1.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
2. Жел
дауылды шақырады,
Бұлт жауынды
шақырады.
3. Әр нәрсе өз уақытында
қызықты
4. Қыстың көзі-қырау
2-топ
Жұмбақты шешіңдер:
1.
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса
жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су
болып сайға ағады (қар)
2.
Торғын көкте қара құс,
Ағылып ұшып
барады.
Қағып екі қанатын,
Күннің
көзін жабады (бұлт)
3.Күн күледі,жер түледі (көктем)
Қорытынды.
Мақал-мәтел
Әр нәрсе өз уақытында қызықты.
Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу. Әр жыл мезгіліне шығарма жазу.
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: С. Шомақов. Есектің мұңы. (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Есектің мұңы» мәтінімен танысу. Мәтіннің мазмұнын ашу, түсіну. Автор туралы білу.
Дамытушылық: Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Адал, кішіпейіл, ақылды, мейірімді болуға, елін, жерін, табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: СТО, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, мақалдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылар қол ұстасып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Жасырынған сөздер беру арқылы топқа бөлу. (бұршақ, күн, найзағай, кемпірқосақ, нөсер.)
Қызығушылығын ояту. Оқушылардан жан-жануарларға байланысты әңгімелер туралы сұралады.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Бұршақ», «Кемпірқосақ» өлеңін оқыту, мазмұнын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың мазмұнын ашу.
-Мәтінді бес бөлікке бөлу. Әр топқа әр бөлікті оқыту, талдау.
1-топ. Мәтіннен Есекке жанашырлық сезімін тудыратын сәттерін тауып оқы.
2-топ. Ат неліктен Есекті адамға жібеді?
1-топ. Ат пен Есекті сипатта. Ұнаған кейіпкерді ата. Себебін түсіндір.
2-топ. Есектің жақсы қасиеттеріне бес жолды өлең құрастыр.
Әр топқа жеке тапсырма. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша қорғайды, пікір алмасады.
1-топ. Берілген сөздерден мақалдар құрастыр.
2-топ. Ертегі құрастыр.
1-топ. Мәтінге сурет сал.
2-топ.Өлең құрастыр.
Сергіту сәті.
Түрлі жануарлар мен құстардың қимылын көрсету.
Дәптермен жұмыс.
Есектің арманына жетуіне қандай жағдай жасар едің?
4. Қорытынды.
Әр топ сабақтың негізгі түйінін шешеді.
«Қалпақ» ойыны арқылы қорыту. Есекті ақтаушы, даттаушы болып сөз сайыстырады.
5. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқу, әңгімелеу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген