жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бүршік жарған ағаш
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.
Өтпелі тақырып: Біз еңбекқор баламыз
Білім беру саласы:Шығармашлық,Жаратылыстану,Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу( дәстүрден тыс сурет салу )
Тақырыбы: «Бүршік жарған ағаш»
Мақсаты: Қоршаған орта туралы білімдерін жетілдіру,ағаштың құрылымы діңі,бұтақтары жапырақтары,көктемгі бүршік жарған ағаштың дәстүрден тыс сурет салу түтікшемен және мақта оралған таяқшамен әдіс тәсілдерін үйрену,түстерді сезіну және араластыра білу дағдыларын жетілдіру.
Сөздік жұмыс: көкжиек
Қолданылатын көрнекі құралдар:Ағаштың (күзгі,қысқы,көктемгі) суреттері слайдпен,бүршік жарған ағаштың суреті,қоңыр,ақ,жасыл гуашь,су,сүлгі,түтікше,мақта оралған таяқша.
Билингвальді компонент: көктем весна spring,бүршік жарған ағаш-почки распускаются ,күз-осень,қыс-зима,жаз-лето.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң !
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Сұрақ-жауап:
-Балалар, қараңдаршы бізде қазір қай мезгіл?
-Ал сендер оны қалай білдіңдер?
Көктемде табиғатта қандай құбылыстар болады екен?
-Көктем мезгілінің неше айы бар ?
-Аттарын атап берейікші?
-Дұрыс айтасыңдар?
-Көктем мезгілі бізге ұнай ма?
-Көктем мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Мерей:Көктем,көктем,көктемде
Жаңбыр жауып өткенде
Нұр жаңбырды тосамыз
Көктемді әнге қосамыз.
Ерасыл: Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді,
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Айбота:Көктем келді, құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп,
Біздің жаққа құс келді,
Былтыр кеткен қаз үйрек.
-Жарайсыңдар балалар , сендер көктем мезгілін жақсы көреді екенсіңдер!
-Ал енді бәріміз орнымызға отырайық!
Ұйымдастырушылық-ізденістік:
Ғажайып сәт: Осы кезде Бағбан ата келеді.
Бағбан ата:Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар амандасады.
Бағбан ата:Менің ауламдағы ағаштарыма күнде су құйып баптасамда өспей тұр неістесем екен?
-Сәлеметсіз бе бағбан ата сіз уайымдамаңыз біздің балаларымыз сізге көмектеседі.Сіз отырып демалыңыз.
-Слайд көрсету ағаштың (күзгі,қысқы,көктемгі) ,бүршік жарған ағаштың суреті.
-Балалар суретке қараңдаршы біз осы уақытқа дейін әр мезгілге байланысты ағаштардың суретін салыптық.(күзгі,қысқы,көктемгі,жазғы)
Билингвальді компонент: көктем- весна- spring,бүршік жарған ағаш-почки распускауется,күз-осень,қыс-зима,жаз-лето.
-Ағаштатар өсіп шығу үшін не істеу керек?
-Дұрыс оны күтіп баптауымыз керек,түбін қопсытып су құйып тұруымыз керек.
-Сендер үйлеріңде үлкендерге көмектесесіңдер ме?
-Жарайсыңдар балалар үлкендерге көмектескен жақсы,еңбекқор болуымыз керек.
-Ендеше біз көктем мезгіліндегі бүршік жарған ағаштың суретін саламыз.
-Балалар біздің сурет салу оқу қызметіміз ерекше болмақ,біз дәстүрден тыс сурет салу әдіс тәсілін қолданамыз.Ол үшін бізге түтікше, мақта оралған таяқша,қылқалам,қоңыр түсті суйық гуашь,ақ және жасыл түсті гуашьты өолданамыз.
-Жұмысымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін сақтайық!
-Бояуды қылқаламды көзімізге апараймыз,бояуды ауызға салмаймыз ол өте зиянды уланып қалумыз мүмкін.
-Бояуларды жағу әдісін түсіндіру.(қимылмен көрсету)
-Алдымызда тұрған қылқаламды алып,қоңыр түсті гуашқа малып қағаздың көкжиек бөлігіне (аспан мен жердің қосылған жері)көк және жасыл түстің ортасына сұйық бояуды тамызамыз.Сұйық гуашты көбірек етіп жағу.
-Енді осы қоңыр түсті гуашты түтікшенің көмегімен төменінен жоғары қарай үрлейміз,сонда ағашымыздың бұтақтары салынады,төменгі жағын қлңыр түсті гуашты алып ағаштың діңін саламыз.
Саусақ жаттығуы
Жел соғады гу гу гу
Жапырақтар қол соғады ду ду
Жаңбыр жауады тырс тырс
Егін шығады ырыс ырыс.
-Енді ағашымызға бүршік жетіспей тұр. Ақ түсті гуашьқа алдымызда тұрған мақта оралған таяқшаны матырып алып бұтақтарға бүршігін саламыз,екінші таяқшаны жасыл түсті гуашқа матырып бүршіктен жарып шықан жапырақтарды саламыз.
-Жарайсыңдар балалар бүршік жарған ағашымызды аяқтадық.
Бағбан ата: Рахмет балалар,сендердің көмектеріңнің арқасында ағаштарым бүршік жара бастады.Нағыз еңбекқор бала екенсіңдер.
-Балалар қазір бізде көктем мезгілі екен.Ендеше бәріміз есімізге түсірейік осы уақытқа дейін қандай жыл мезгілдеріне байланысты ағаштардың суретін салдық.
-Қазір бәріміз есемізге түсіру үшін «Жыл мезгілдерін ажырат» ойынын ойнап жіберейік.Балалар төрт мезгілде де ағаштың жапырақтарының түсі әр түрлі болады.
Ойынның шарты:Балаларға төрт түрлі карточка беріледі,олардың түсі әр түрлі жыл мезгілдерге байланысты пішіндері де әр түрлі (үшбұрыш-сары түсті,шаршы-ақ түсті,дөңгелек-сары түсті,сопқша-әр түрлі түсті).
Бірінші тұрған ағашқа күз мезгіліне байланысты пішіндерді іледі.
Екінші тұрған ағашға қыс мезгіліне байланысты пішіндерді іледі.
Үшінші тұрған ағашға көктем мезгіліне байланысты пішіндерді іледі.
Төртінші тұрған ағашқа жаз мезгіліне байланысты іледі.
Рефлексиялық-түзетушілік.
-Бізге қонаққа кім келді?
-Біз оған не көмек көрсеттік?
- Біз бүгін ненің суретін салдық?
-Бүршік жарған ағаштың суретін қалай салдық?
-Қандай заттарды қолдандық?
-Қандай түсті бояуларды қолдандық?
-Жақсы салынған суреттерді мақтау,мадақтау
-Жарайсыңдар балалар бүгін бәрің оқу қызметіне белесене қатыстыңдар!
-Келген қонақтармен қоштасу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Бүршік жарған ағаштың суретін түтікшемен үрлеу арқылы және мақта оралған таяқшаны пайдаланып дәстүрден тыс сурет салу әдіс тәсілін үйренеді.
Түсінеді: Жыл мезгілдеріне байланысты ағаштарды бір бірінен ажыратуды,ағаштың өсу жолдарын түсінеді.
Қолданады: Түтікшені үрлеу арқылы ағаштардың суретін салуды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген