400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

бұрымды қыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұрымды қыз сайысының сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

14


«Бұрымды қыз» сайысының сценарийі


Мақсаты: Оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттап, қайта жаңғырту, салт-дәстүрді сақтау, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарынды да талантты, бұрымды қыздарды таныстыру, қыздардың сахналық мәденитін арттыру



Ойналатын әуендер:

Ақбота Керімбекова «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

Төреғали Төрәлі, Қайрат Нұртас «Қазақ қызы»

Гүлнұр Нұртаева «Қыздарға әсемдік жарасады»

ФАНФАРЫ /ҚАЗАҚША КҮЙ

Сайыстың өту барысы:

Сахна шымылдығы қыздардың қазақша биімен ашылады.

Қазақ биі Орындайтындар: Мектептің «Шабыт» бишілер тобы.


ФАНФАРЫ

Ортаға жүргізушілер шығады

1-жүргізуші: 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе - елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!


2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар! Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!


1-жүргізуші: 

Көптен күткен көктем де келді, ендеше, көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!


2-жүргізуші:

Алғашқы сөз кезегі мектеп басшысы Бекбаева Айнұр Тлегенқызына беріледі.


1-жүргізуші: 

Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.


2-жүргізуші: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Ендеше, аналар мерекесі құтты болсын!


2-жүргізуші: Дәл осы мереке қарсаңында мектебімізде өткелі отырған «Бұрымды қыз» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!


1-жүргізуші:

«Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата-бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары - зор тағылым иесі!


2-жүргізуші:

Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.

1-жүргізуші: 

«Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» - деп Абай атамыз жырлағандай ортаға бүгінгі сайыскерлерімізді, бұрымды аруларымызды шақырамыз!


2-жүргізуші: 

(Ақбота Керімбекованың орындауында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні орындалады, қыздар сахнаға ізет көрсетіп, ортаға шығады).


Екі жүргізуші сайыскерлерді кезекпе-кезек атап шақырады:

  1. Жақия Асылым

  2. Сұраған Арайлым

  3. Туреханова Айнур

  4. Ерболатқызы Меруерт

  5. Сержан Мөлдір

  6. Батырбекова Дильназ

  7. Аушаманова Наргиз

  8. Пшембай Назерке

  9. Дюсембенова Камила

  10. Мейірхан Әсел

  11. Қуанышбай Ділназ

  12. Иманбекова Асия

  13. Турусбекова Азалия

  14. Топбай Аниса

(таныстырып болған соң, сахнаны бір айналып өтеді де, сахна сыртына кетеді)


1-жүргізуші: 

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені - осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.


2-жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі - он сегіз жасыменен.


1-жүргізуші:

Әрине, бұндай өлең жолдарының барлығы да бүгінгі біздің бақ сынасар аруларымызға арналғандай.


2-жүргізуші:

Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға.


1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Қазылар алқасының мүшелері - біздің құрметті қонақтарымыз:


Әділқазылар алқасында төрағалық ететін:

  1. Апсаттарова Айжан Әбділқайырқызы - Қазақ Аналар қоғамдық бірлестігінің «Дәстүрге жол» жобасының төрайымы, Павлодар облысының құрметті азаматы

  2. Кузембаева Еркін Төкенқызы – мектебіміздің ардагер ұстазы

Мектебіміздің «Әжелер мектебінің» мүшелері:

  1. Искакова Жибек Игисовна

  2. Бижанова Айсулу Кайролловна

  3. Бекбаева Айнұр Тлегенқызына - мектебіміздің басшысы және


2021-2022 оқу жылының «Бұрымды қыз» сайсының жүлдегері Жанғазы Нұрайым, «Жас Дарын маманданырылған мектеп – лицейінің гуманитарлық бағытының оқушысы;

Қошемет соғып қояйық!


2-жүргізуші: Бүгінгі «Бұрымды қыз» сайысының бас демеушісі - Иванова Венера Альфредовна - мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі! Қошемет соғып қояйық!


1-жүргізуші: Бүгінгі байқауда бұрымды аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І бөлім - «Мен қазақтың қызымын дара туған». Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түседі.

ІІ бөлім - «Шаш өру формуласы». «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды. Сонымен қатар қыздарымыздың шаш ұзындығы өлшенетін болады).

ІІІ бөлім - «Өнерлі өрге жүзер» Бұрымды қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады (Ән айту, би билеу, домбыра тарту т.б. өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі).

ІV бөлім - «Қыз сұлу көрінеді қылығымен, Жарыса төгілген қос бұрымымен». Бұл бөлімде бұрымды қыздарға әртүрлі сән үлгісінде шаш үлгілері жасалады. Шаш үлгілерін қыздардың өз аналары немесе жақын адамдары жасайтын болады.


1-жүргізуші:

Қазақ қызы – инабатты ару қыз,
Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі.
Қазақ қызы - әдепті де әдемі,
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі!


2-жүргізуші: Байқауымыздың бірінші бөлімі - «Мен қазақтың қызымын дара туған». Өздерін таныстыруға бұрымды аруларымызды ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші:

  1. Сержан Мөлдір – 7а сынып оқушысы

  2. Пшембай Назерке – 7ә сынып оқушысы

  3. Мейірхан Әсел – 7б сынып оқушысы

  4. Турусбекова Азалия – 7в сынып оқушысы

  5. Иманбекова Асия – 8а сынып оқушысы

  6. Батырбекова Дильназ – 8ә сынып оқушысы

  7. Топбай Аниса – 8б сынып оқушысы

  8. Аушаманова Наргиз – 8в сынып оқушысы

  9. Қуанышбай Ділназ – 9а сынып оқушысы

  10. Дюсембенова Камила – 9а сынып оқушысы

  11. Ерболатқызы Меруерт – 9б сынып оқушысы

  12. Туреханова Айнур – 9в сынып оқушысы

  13. Жакия Асылым – 10а сынып оқушысы

  14. Сұраған Арайлым – 10б сынып оқушысы


1-жүргізуші:

Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.


2-жүргізуші:

Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе?!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде.


1-жүргізуші:

ІІ бөлім - «Шаш өру формуласы». Мұнда Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі ескеріледі. Қатысушы қыздар өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Сонымен қатар қыздарымыздың шаш ұзындығы өлшенетін болады.


1-жүргізуші: Музыка ойналады/ Төреғали Төрәлі, Қайрат Нұртас «Қазақ қызы» әуені ойналады. Қыздар сахнаны айналып өтеді де, ортаға жартылай шеңбер жасап орналасады.

  1. Сержан Мөлдір – 7а сынып оқушысы

  2. Пшембай Назерке – 7ә сынып оқушысы

  3. Мейірхан Әсел – 7б сынып оқушысы

  4. Турусбекова Азалия – 7в сынып оқушысы

  5. Иманбекова Асия – 8а сынып оқушысы

  6. Батырбекова Дильназ – 8ә сынып оқушысы

  7. Топбай Аниса – 8б сынып оқушысы

  8. Аушаманова Наргиз – 8в сынып оқушысы

  9. Қуанышбай Ділназ – 9а сынып оқушысы

  10. Дюсембенова Камила – 9а сынып оқушысы

  11. Ерболатқызы Меруерт – 9б сынып оқушысы

  12. Туреханова Айнур – 9в сынып оқушысы

  13. Жакия Асылым – 10а сынып оқушысы

  14. Сұраған Арайлым – 10б сынып оқушысы


1-жүргізуші:

Өнері өрге жүзер талаптының,

Таланты талмай ұшар қанаттының.

Әлди әуен әлемі өнер аты

Шарпып өтсін лебімен қанатының.


2-жүргізуші:

Келесі ІІІ бөлім - «Өнерлі өрге жүзер» Бұрымды қыздарымызды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

1 - қатысушы Сержан Мөлдір – 7а сынып оқушысы

2 - қатусышы Пшембай Назерке – 7ә сынып оқушысы

3 - қатысушы Мейірхан Әсел – 7б сынып оқушысы

6 – қатысушы Батырбекова Дильназ – 8ә сынып оқушысы

7 – қатусышы Топбай Аниса – 8б сынып оқушысы

4 – қатусышы Турусбекова Азалия – 7в сынып оқушысы

10 – қатысушы Дюсембенова Камила – 9а сынып оқушысы

11 – қатысушы Ерболатқызы Меруерт – 9б сынып оқушысы

5 – қатусышы Иманбекова Асия – 8а сынып оқушысы

13 – қатысушы Жакия Асылым – 10а сынып оқушысы

14 – қатысушы Сұраған Арайлым – 10б сынып оқушысы

8 – қатусышы Аушаманова Наргиз – 8в сынып оқушысы

9 – қатусышы Қуанышбай Ділназ – 9а сынып оқушысы

12 – қатысушы Туреханова Айнур – 9в сынып оқушысы

1-жүргізуші:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.05.2024
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі