Ағылшын тілі
4
«А»
сыныбы
Күні: 15.01.19
Пән мұғалімі: Талдыбекова
Ә.
Тақырыбы
|
Big
Ben
|
Мақсаты
|
Лондонда орналасқан Биг Бен
сағаты туралы жаңа 5 сөз үйренеді, сол сөздерді қолданып, сөйлем
құрай алады.
|
Күтілетін
нәтиже
|
Барлығы: Биг Бен туралы
мәлімет алады.
Көбі: Жаңа сөздерді жаттап
алады.
Кейбірі: Жаңа сөздерді
қатыстырып, сөйлем құрай
алады.
|
7 модульдің
қолданылуы
|
“Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету”, АКТ”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық” Жас
ерекшелігіне сәйкес оқыту.
|
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер
|
Автор орындығы,миға шабуыл,
Ойлан-жұптас-бөліс,
Ойлан,тап.
|
Сабақ
түрі
|
Аралас
|
Сабақ
типі
|
Жаңа білім
беру
|
Қолданылатын
ресурстар
|
Маркерлер, бейнеролик,
стикерлер, плакат.
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Тренинг
2
минут
|
Сыныпты Қазақстан және
Канаданың картасы бейнеленген суреттер арқылы 2 топқа
бөлу
«Ақ
тілек»
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты
сурет арқылы өз топтарын тауып, топ болып
құрылу
|
Сабақ
кезеңдері
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушылардың
іс-әрекеті
|
Білу
Қызығушылық
тарын
ояту
5
минут
|
«Автор
орындығы» әдісі
бойынша
|
Өткен тақырыпты пысықтауға
арналған эссені тыңдайды
|
Эссені мәнерлеп оқып
береді
|
Түсіну
7
минут
|
-
«Миға
шабуыл» әдісі
|
Жаңа тақырыпты таныстыру
мақсатында сұрақтар қойылады
|
Сұрақтарға жауап
береді
|
Қолдану
7
минут
|
-
«Ойлан-жұптас-бөліс»
әдісі
2.«Дыбыстау» әдісі
(Дарынды
оқушылар)
|
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой
қозғау мақсатында оқушыларға сұрақтар
қойылады
Дыбыссыз бейнеролик
көрсетіледі
|
Берілген тапсырма бойынша
әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды, жұп болып пікірлерімен бөліседі,
бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады
Оқушылар бейнероликтегі
іс-әрекетке назар аударып, өздері дыбыстайды және рөлге еніп
көрсетеді
|
Талдау
10
минут
|
1.
«Ойлан,
тап» әдісі
бойынша
-
«Сөзді
тап» әдісі
|
Оқушылар бейнероликті мұқият
көріп, тыңдайды
Қобдишада тақырыпқа сәйкес
жаңа сөздер болады
|
Оқушыларға қағаздар
таратылады, әр сөйлемнің бос орындарын бейнероликті еске түсіріп
толтырады
Оқушылар берілген сөздерді
дыбыстап айтпай, іс – қимылмен жасырады
|
Жинақтау
10
минут
|
«Постер
құрастыру»
(үлгерімі төмен
оқушылар)
|
Әр топқа плакат, маркерлер
таратылады
|
Өз ойларын жинақтап, постер
құрастырады
|
Бағалау
2
минут
|
«Ашық
журнал»
«Екі жұлдыз бір
ұсыныс»
|
Мұғалім әр оқушыны және топты
балл арқылы бағалайды
|
Өзін өзі бағалайды, бірін-бірі
бағалайды
|
Рефлексия
2
минут
|
Үй
тапсырмасы
Стикерлерді
толтыру
|
АҚШ штатындағы бір қаланы
жазуға нұсқау береді
Оқушыларға стикер толтыруға
ұсынады
|
Оқушылар топик
жазады
Ұсынылған стикерді тілек
ағашына жапсырады
|
Рефлексия: «Биг
Бен».
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде
психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушылар ағылшын тілінде өлең
айтты. Сыныптағы оқушылар «Пазл» әдісі бойынша екі топқа бес
оқушыдан бөлінді. 1-топ – «Natural museum», 2-топ – «Tower of
London» тобы болды.
Сабақтың құрылымын Блум
таксономиясына салдым, білімді игеруге бағытталған «Білу» қадамында
«Автор орындығы» әдісі қолданылды. Оқушылар үйге берілген тапсырма
«Сирек кездесетін жануарлар» тақырыбындағы мәтіндерін автор
орындығында орындады, әр топтан екі оқушыдан сұралды. Зерттеуге
алынған оқушылар Жанел мен Балауса эссе арқылы мәліметтерді есте
сақтап, атауларды қайталай алды. Қарсылас топ «Бағдаршам» әдісі
бойынша бағалап отырды.
Білімді игеруге бағытталған
«Түсіну» қадамында «Миға шабуыл» әдісі қолданылды. Жаңа тақырыпты
таныстыру мақсатында сұрақтар қойылып, оқушылар жауап берді.
Қойылған сұрақтарды әр қайсысы жеке оқып, жұптарымен пікірлесіп,
топпен талқылап, мәлімдеп берді. Ой-қозғау мақсатында оқушыларға
қосымша сұрақтар қойылды. Топта Жанелді, Балаусаны жетелеуге
тағайындалған Мерей мен Ақниеттің әсері нәтижесінде ол оқушылар
жауаптарын өз сөздерімен мазмұндап берді.
Білімді игеруге бағытталған
«Қолдану» қадамында «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі қолданылды.
Оқушылар берілген мәтіндерді әр қайсысы жеке оқып, жұптарымен
пікірлесіп, топпен талқылап, мәлімдеп берді. Ой-қозғау мақсатында
оқушыларға ашық сұрақтар қойылды. Оқушылардың жаңа тақырыпты
қолдану мақсатында «Дыбыстау» әдісі жүргізілді. Дыбыссыз ролик
көрсетілді. Оқушылар бейнероликтегі іс-әрекетке назар аударып,
өздері дыбыстайды және рөлге еніп
көрсетеді.
Білімді игеруге бағытталған
«Талдау» қадамында оқушылар үлестірмелі қағаздармен (ресурстар)
жұмыс жасады. «Ойлан, тап» әдісі қолданылды. Оқушылар назарына
бейнеролик ұсынылды. Канада мемлекетінің астанасы жайлы слайд
көрсетілді. Оқушылар бейнероликтегі көрсетілімді есте сақтап,
таратылып берілген мәтіннен қалып қойған сөздерді тауып жазды.
Самат пен Мария Канада туралы жаңа 5 сөзді үйреніп,сол сөздерді
қолданып, сөйлем құрай білді. Келесі тапсырма «Сөзді тап» әдісі
арқылы жүргізілді. Қобдишада тақырыпқа сәйкес жаңа сөздер болды.
Оқушылар берілген сөздерді дыбыстап айтпай, іс-қимылмен
жасырды.
Білімді игеруге бағытталған
«Жинақтау» қадамында топ мүшелері «Natural museum» және «Tower of
London» тақырыптарында постер құрастырды. Нәтижесінде алған
білімдерін тиянақтап, Жанел мен Балауса диалог арқылы постерлерді
қорғады.Мұғалім білімді игеруге бағытталған «Бағалау» қадамында
бағалау мақсатында «Екі жұлдыз, Бір ұсыныс» әдісін қолданды.
Оқушылар өз ойларын,идеялар, пайымдауларын бағалап, бір-бірлеріне
ұсыныстары мен сабақтан алған әсерлерін ағылшын тілінде жеткізді.
Кері байланысқа «ҚҚҚ» әдісі қолданылды. Оқушылар сабақ барысында не
қиын, не қызық және не құнды болғанын ағылшынша
жеткізді.