400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Былғары қолғап шеберлері 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Былғары қолғап шеберлері туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.

Мектеп: №1Федоров жоббм

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нуриденова А.Ж.

Сынып: 6б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Былғары қолғап шеберлері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Мәтінді оқу арқылы ақпараттарды анықтауға, түсіндіруге үйрету.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен негізгі ақпаратты табады;

Мәтіннен қосымша ақпаратты табады;

Мәтіннен детальді ақпаратты тауып, түсіндіреді


Тілдік дағдылар

Былғары қолғап, шаршы алаң, кәсіпқой бокс

Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

Пәнаралық байланыс

Спорт, тарих, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда дене шынықтыру пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, спорт жұлдызы туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут





1-тапсырма

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мынадай сұрақтар қояды:

  • Қандай боксшыларды танисыздар?

  • Геннадий Головкин туралы не білесіздер?

  • Оның қандай жетістіктері бар?


Слайд




Сабақтың ортасы





10 минут











































10 минут

















10 минут









2-тапсырма


  • Мәтінді мұқият оқыңыздар.

  • Мәтіннің қысқаша мазмұнын жұпта талқылаңыздар.


Халықаралық кластағы спорт шебері

НВО телеарнасының мәлімдеуі бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық 36 жасар Флойд Мейвезер бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 29 жасар Андре Уорд, 30 жасар Тимоти Брэдли және аргентиналық 38 жасар Серхио Мартинес бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады. Бұған дейін Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады.

Ал енді спорттағы мақтанышымыз туралы нақтырақ айтсақ, Головкин Геннадий Геннадийұлы 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі , ҚР спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.



3-тапсырма.

Мәтінді қайта оқыңыздар. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.


Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат












4-тапсырма

Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды тауып, мәтінмен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.

Әлемдік үздік боксшыларды кім бастап тұр?

Генаның Кертис Стивенспен өткізген кезесуі қайда болды?

Головкин қайда дүниеге келген?

Оның қандай жетістіктері бар?

Ол кәсіпқой боксқа қашан келді?

Спортшы WBA, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын неше рет қорғады?

Боксшының білім алу жолы қандай?

Ол қайда нұсқаушы-спортсмен?

Қандай орденмен марапатталған?



Дескриптор:

  • Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;

  • Қосымша ақпараттарды ажыратады;

  • Сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды табады, түсіндіреді.


Геннадий Головкин туралы мәлімет


http://qa.bilim-all.kz/16/%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%B9-%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B8%D0%BD-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D2%9B%D1%8B%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%88%D0%B0-%D0%BC%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80-%D0%BC%D0%B0







Сабақтың соңы

5 минут






Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.


«Менің түйгенім»

«1 тезис, 1 дәлел» келтіру арқылы бүгінгі сабақтан түйгенін айтып, ой қорытады.

Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.

Түрлі түсті қағаздар




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
5068
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі