400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буллинг

Материал туралы қысқаша түсінік
буллинг алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Буллинг және оның адам өміріне әсері»

Мерзімі: 09.12.2024

Қатысушы: 8 сынып

Қолданылды: топтық жұмыс, «Көпір» жаттығуы

Мақсаты: мектеп жағдайында, сыныпта буллингтің алдын алу, қорқытудың, қыс көрсетудің алдын алу, өз құқығын қорғауға үйреті.


І. Сәлемдесу

Оқушылар өз көршілерімен өздерінің қалаған түрі бойынша амандасады.


ІІ. Пазл тапсырмасы

Оқушыларға суреттердің қиығы беріледі, сол суреттерді дұрыс құрастыра отырып, суретті толықтырып, сол суретті сипаттайды. Маңызын түсіндіреді. Суреттерде буллинг, достық, мейірімділік, қамқорлық мағыналары берілген.


ІІІ. Кіріспе сөз

Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Буллинг және оның адам өміріне әсері» деп аталады. Бүгінгі тақырып буллинг тақырыбында.

  • Буллинг дегеніміз не?

  • Буллингтің адам өміріне әсері қандай?

  • Қандай адамдар буллингке барады?

  • Буллингтің алдын алу үшін не істеу керек?


Дұрыс балалар. Булллинг дегеніміз ағылшын тілінен аударғанда кемсіту, келемеждеу, қорлау деген мағынаны білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, буллинг дегеніміз – адамның өзгеге күш көрсетуі, қорлауы. Буллингтің кез келген түрі балалар қауіпті болып саналады. Буллинг құқықбұзушылыққа жатады.



ІІІ. «Көпір» жаттығуы

Оқушыларға бірін-бірі сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамдағы мәдениет туралы білім бере отырып, тәжірибеде қолдана алуын дамыту мақсатында лента арқылы жасалған көпірді екі бала бірін бірі қолдай отырып өту тапсырмасы беріледі. Ортадағы лентаны оқушылар қарама қарсы тұрып өтулері қажет.

ІV. Топтық жұмыс

Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

І. «Мен досыма қалай көмектесе аламын»

ІІ. «Егер балаға жағымсыз психологиялық қысым көрсетілсе, кімнен көмек сұрауға болады»

ІІІ. «Буллингті болдырмау үшін не істеуге болады?»

ІV. «Буллингке жоқ деп айт»


Қорытынды:

Буллинг қоғамның дерті. Қазіргі заманда буллинг әлемде кең таралып келеді. Дегенмен біз тәуелсіз елде өмір сүреміз. Адам бостандығы басты орында. Әр адам өзінің құқығын қорғай алуы керек. Өзіміздің құқығымыз ең басты біздің байлығымыз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.01.2025
194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі