Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буллингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып оқушыларын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

М.Бекмуратова

Күні: 16.09.2024ж.


Сынып: 7 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Буллингтен қорған

7- сыныптар :«Цифрлық диета» Челленджі: гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту сізге қалай әсер етеді?

Сабақтың мақсаты

«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

Сынып оқушыларын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаттары

гаджеттерден бас тартудың оқушылардың денсаулығы мен әл- ауқатына әсерін зерттеу.


Қауіпсіздік міндеттері

«Цифрлық диета» ұғымын түсіндіріңіз.

Гаджеттерден уақытша бас тартудың ықтимал оң әсерлерін талқылаңыз.

Бір күнге гаджеттерден бас тарту бойынша эксперимент жүргізіп, нәтижелерін талқылаңыз.


Құндылықтар

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Апта дәйек сөзі

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы?

Видеодан кейінгі сұрақтар:

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?


Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.


Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.


Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.


Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.


Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.




Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы


Қауіпсіздік сабағы (10мин)

Қауіпсіздік сабағы (10 мин) : «Цифрлық диета» Челленджі: гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту сізге қалай әсер етеді?

Бейнені қарау:

«Цифрлық диета» дегеніміз не және ол не үшін қажет? Біздің қазіргі әлемде цифрлық технологиялар өміріміздің жарқын бөлігіне айналды. Жаңа технологияларды ақылмен пайдалану маңызды.

«Цифрлық диета» – бұл цифрлық технологияларды қолданудың саналы тәсілі. Цифрлық диета – бұл гаджеттер мен технологияларға тәуелділікті жеңу, тепе-теңдікті сақтау.

Сізге цифрлық диета қажет пе? Мұны қалай анықтауға болады?

Сөйлесу кезінде, маңызды әңгіме, телефонды алуға және қоңырауларды, SMS-ті тексеру.

Гаджеттер болмаған кезде барлығы бір-біріне уақыт бөледі.

Интернет болмаған кезде сіз поштаны тексере алмайсыз ба?

Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

Гаджеттерден уақытша бас тартудың пайдалы жақтары:

гаджеттерден уақытша бас тарту белсенді өмір салтына ықпал етеді;

психикалық денсаулық жақсарады (стресс деңгейі төмендейді);

ұйқы сапасы жақсарады;

тұлғааралық қарым-қатынас орнатылды (достарыңызбен көбірек уақыт өткізуге болады);

өнімділік артып келеді;

шығармашылық дағдылар дамиды (кітап оқу, сурет салу, балама ретінде шығармашылық әрекеттер).

Оқушылар цифрлық диета жайлы түсінеді. Гаджеттерден уақытша бас тартудың пайдалы жақтарын біледі.

https://youtu.be/jWklhxwlxmA?si=3s9JkNCOr7aJQIbk

Сабақтың соңы

Оқушылар түсінген жайлы стикермін белгілейді





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12