Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

буллинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллинг балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тарап жатқан мәселе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымдарында буллинге ұшыраған балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың негіздері

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады[1].

Баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг) [2].

Білім беру ұйымдарында физикалық және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әр мектепте зорлық-зомбылықтың, буллингтің/кибербуллингтің алдын-алу және әрекет ету бойынша мынадай шаралар ұсынылады:

барлық білім алушыларға, олардың ата-аналарына және мектеп қызметкерлеріне, соның ішінде әкімшілікке, мұғалімдерге және қызметкерлерге бағытталған жалпы мектептік тәсіл. Жүйелі алдын-алу жеке тұлғалардың немесе топтардың мінез-құлқына ғана назар аудармайды, бүкіл мектептің мәдениетін өзгертуді талап етеді.

білім алушылар арасында оң қарым-қатынасты дамыту;

педагог тарапынан білім алушыға қолдау білдіретін қарым қатынас;

білім алушылардың ата-аналары үшін үлгілі ата-ана болуды насихаттау.

Әлеуметтік педагог баланың жан-жақты психологиялық дамуы үшін жағдай жасау, тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыру, баланың жеке басының дамуының бұзылу себептерін анықтау, профилактикалық іс-шаралар өткізу, насихаттау жұмысы арқылы педагогтар мен балалардың жоғары психологиялық, құқықтық біліктілігін қамтамасыз ету арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» Заңдарының негізінде баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау мектепте мынадай бағыттар бойынша қалыптастырылады:

балалардың құқықтары мен заңды мүдделері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

ата-аналар, оқушылар, мектеп мұғалімдері үшін кеңестер, тренингтер, диагностикалық жұмыстар;

сапалы білім беру және балаларды дұрыс тәрбиелеу үшін әлеуметтік жағдайлар жасау;

әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу;

балалардың бос уақытын ұйымдастыру − тиісті ведомстволармен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, қорғаншылық және қамқоршылық комитеті, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия) тығыз байланысты қолдау[1].

Білім алушылардың арасында буллингтің алдын алу жоғарыда көрсетілген әлеуметтік педагог жұмысының бір бағыты болып саналады.

Сонымен қатар буллингтің алдын алу немесе осы мәселелер бойынша жұмысты мына лауазымдық міндеттерге сүйене отырып атқарады:

  • жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

  • әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

  • білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

  • жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

  • әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

  • білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

  • педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді[3].

Білім алушылардың арасында буллинг бойынша жұмысты ұйымдастыруда мына нормативтік құжаттарды басшылыққа аламыз:

  1. «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 331 б.

  2. Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы.

  3. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы.

  4. Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы.

  5. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы.

Буллинг бойынша қызметті білім беру ұйымының әкімшілігі, оның ішінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологі және әлеуметтік педагог жүзеге асырады. Буллинг әрі қарай конфликтке ұласқан жағдайда мектептің медиация қызметі және мектептің педагогикалық әдеп кеңесі араласады.

Білім беру ұйымының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектеп психологі мен әлеуметтік педагогтің қызмет бағыттарын ескере отырып, буллингтің алдын алу бойынша жылдық жоспар түзеді.


Жоспарда төмендегідей іс-шаралар қамтылуы қажет:

1) тоқсанына кемінде 1 (бір) рет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, баланың заңды өкілдерінің жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мәселелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделеріне қайшы келмейтін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (әңгімелер, құқықтық жалпыға бірдей оқыту, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары, сабақтан тыс іс-шаралар және басқалар) жүргізу арқылы хабардар болуын арттыру;

2) оқыту семинарларына (вебинарларға), семинар-тренингтерге, шеберлік сыныптарына, коучингтерге, конференцияларға, форумдарға, панельдік пікірталастарға қатысу арқылы педагогтердің оқу-тәрбие жұмысындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру;

3) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, баланың заңды өкілдерін баланы жәбірлеуге (буллингке) жол берілмейтіндігі туралы (жазбаша және (немесе) ауызша түрінде) хабардар ету;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілеріне ол анықталған жағдайда дереу ден қою;

5) "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 4-қосымшадағы нысанға сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) педагог-психологтің консультациясын есепке алу журналына тіркей отырып, педагог-психологтармен, әлеуметтік педагогтармен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін сақтау, оларды оқыту, тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз болу үшін ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан тәрбие процесі мен білім беру ортасының жағдайларына мониторинг жүргізу;

7) білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мен болдырмау мәселесін ата-аналар комитетін тарта отырып, білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының отырыстарында қарау.

Буллинг қатысушыларымен жұмысты үйлестіруде әлеуметтік педагог қызметі күрделі. Буллингтің басты себебі – буллинг қатысушыларының әлеуметтік мәртебесінде болуы бек мүмкін. Сол себепті, буллинг фактісі тіркелген жағдай білім алушымен:

  • Жеке кеңес жүргізу;

  • Үй-тұрмыс жағдайын тексеру;

  • Сабаққа деген қызығушылығы мен достары арасындаға беделін анықтау (мектеп психологі);

  • Ата-анасы, психолог және пін мұғалімдері, сынып жетекшісімен бірлесе отырып оқушының әлеуметтікт тұлғасын қалыптастыру және т.б. әлеуметтік-психологиялық шараларды жүргізу қажет.

Буллинг қатысушылар тек оқушылар емес, мұғалімдер және ата-аналар да болуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

Егер ата-ана тарапынан мұғалімге немесе өзге білім алушыларға жәбір көрсетілетін болса мектептің медиациялық қызметі, педагогикалық-психологиялық қолдау қызметі және ата-аналар комитетінің араласуы арқылы қолдау көрсетіледі.

Егер ата-анаға немесе оқушыға мұғалім тарапынан жәбір көрсетілсе «Педагогикалық әдеп нормалары туралы» нормативитік құжатты басшылыққа ала отырып қолдау көрсетіледі.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Білім беру ұйымының психологиялық қызметін құрудың мақсаты – білім алушыларды табысты оқыту, дамыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру, кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды қалыптастыру үшін білім беру ортасына қолайлы жағдай жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдауды жүйелі ұйымдастыру[1].

  2. «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 331 б.

  3. Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы.

  4. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12