400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Буллинг және кибербуллингке біздің оқу орнында жол бермейміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыртаева Ляззат Избасаровна,, Джумабекова Жанар Жунусовна, Ахметсапа Олжас Мухтарович оқытушыларының ұйымдастыруымен ""Буллинг және кибербуллингке біздің оқу орнында жол бермейміз!"" тақырыбында құқықтық тәрбиеге байланысты іс-шара өтті. Іс- шараның мақсаты: «Буллинг», «Кибербуллинг» сөздерінің мағынасын ашып таныстыру. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

«Жетісу облысының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған агро-техникалық колледжі» МКҚК












«Буллинг және кибербуллингке

біздің оқу орнында жол бермейміз!» атты

тәрбие сағатының

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

















Талдықорған қ.2023

Іс шараның түрі: құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы.

1.Жалпы мәліметтер

Күні: 19 сәуір 2023ж. Курс: II, ІІІ Тобы: Б-31, Э-31, А-31

2. Іс шараның мақсаты: «Буллинг», «Кибербуллинг» сөздерінің мағынасын ашып   таныстыру. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу.


3. Міндеттері:

? Буллинг және кибербуллинг жайында ақпаратпен таныстыру;
?Балалардың өз ойларын еркін айтуға жаттықтыру;
?Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету.

4. Күтілетін нәтижелер: Колледж студенттерін сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
5. Қажетті ресурстар: Интербелсенді тақта, компьютер, бейне жазбалар.

6.Іс шараның барысы:

(Сахнада бірден көрініс көрсетіледі)

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен студенттер!

2-жүргізуші: Көріністен не түсіндіңіздер? Көрініс не жайлы екен? Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

1-жүргізуші: Иә, балалар бүгін біз сіздерге «Буллинг», «Кибербуллинг» сөздерінің мағынасын ашып   таныстырамыз және ол қандай қылмыстың түрі екенін мамандардың көмегімен анықтайтын боламыз.

2-жүргізуші: Олай болса, «Буллинг және кибербуллингке біздің оқу орнында жол бермейміз» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, студенттер бүгінгі тәрбие сағатымыздың берері мол, тәрбиелік мәні зор болмақ.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызға келген қонақтарымызбен таныстырып өтейік.

1-жүргізуші: Аялы алақан ҚҚ (қоғамдық қорының) директоры- Байденов Жансерік Маратұлы.

2-жүргізуші: Әйелдерді қолдау орталығының заңгері Алатау Қарлыгаш Тоқтарқызы

1-жүргізуші: Талдықорған қаласының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Дастан Алтайұлы және колледжіміздің психологі Жания Жанғазықызы

2-жүргізуші: Келесі кезекте экранға назар аударсаңыздар!!!

1-жүргізуші: Ал енді келесі сұрақтарымызға қонақтарымыз маман ретінде жауап берсе? (Экраннан бірнеше буллинг және кибербуллинг жайлы видеолар көрсетіледі)

1.Буллинг және Кибербуллингтен қысым көрген балалардың айрықша белгілерін атап өтсеңіздер?

2.Күресу жолы қандай?

3.Ұстаздарға арналған қандай нұсқаулық айтар едіңіздер?

4.Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары қандай?


2-жүргізуші: Осымен, «Буллинг және кибербуллингке біздің оқу орнында жол бермейміз» атты тәрбие сағатымызды қорыта келе,

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.






1-жүргізуші:

Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба?

 - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров  жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес, бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Бірге: Қош, сау болыңыздар!


Іс-шараға жауапты оқытушы(лар)___________Сыртаева Л.И.

___________Ахметсапа О.М.

____________Джумабекова Ж.Ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
27.04.2023
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі