«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу»тренинг
Тақырыбы: «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу»тренинг
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы кездесетін буллингтің кибербуллингтің түрлерін, себептерін анықтау.Буллинг, кибербуллинг туралы ақпарат беру және оның алдын алу жұмысын жүргізу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, бояулар, А4,А3 қағаздар, додекаэдр
Мазмұны:
-
«Қар лақтыру» жаттығуы
-
Додекаэдр әдісі- сұрақ жауап
-
Буллинг туралы видеоролик көрсетіледі
-
Слайд арқылы түсіндіріледі
Тренинг барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
-
Тренинг «Қар тілектері»
Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші ортаға шығып, қағаздан дайындалған қарларды шашады. Қатысушылар қолына түскен кардағы жазылған жақсы, жылы тілектерді көршісіне тілейді.
II. Негізгі бөлімі
-
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
-
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
-
оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
-
сол жайында өсек тарату
-
оны елемеу немесе жекелету
-
ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
-
ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
-
қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
-
уайымдау
-
ұйқының бұзылуы
-
тәбеттің болмауы
-
өзі жайлы жаман ойлау
-
өз-өзіне физикалық зақым келтіру
-
өлім туралы ойлау
-
сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
-
ауыру
-
“маған ешкім көмектесе алмайды” деп ойлау
-
өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
-
қорқу
Буллингтің белгілері:
-
Күштің теңсіздігі
-
Агрессия
-
Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы
-
Жәбірленушінің әсершілдігі
Буллингтің түрлері:
-
Физикалық
-
Вербалды
-
Қорқыту
-
Шеттету
-
Бопсалау
-
Мүлікті бүлдіру
-
Кибер буллинг
Буллинг құрбаны:
-
Физикалық кемістік, көзілдірік тағатын, құлағы нашар еститін,
-
Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;
-
Түр әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.
-
Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.
-
Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.
-
Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.
-
Жаңадан келген балалар.
Буллингті айыру белгісі:
-
Мектепке немесе оқу орнына барғысы келмейді;
-
Мектептен немесе оқу орнынан көңіл- күйі түсіп келеді;
-
Себепсіз жылау;
-
Сыныптастары немесе топтағылар туралы ештене айтпайды;
-
Сыныптастарының немесе топтағылардың үйіне, туған күн кештеріне бармайды;
-
Көп ауырады;
-
Ақша көп сұрайды
-
Көп сөйлемейді.
Көмектесу үшін не істеуге болады?
Кибербуллинг — адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету.
Кибербуллинг – баланың соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында интернет арқылы таралатын әлеуметтік жүйелерді пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
Буллинг және кибербуллингтің алдын алу жолдары:
Бірінші – болып жатқан жағдайды мұқият зерттеу.
Екінші – «құпия» жерлерді бақылау.
Үшінші – анонимдік шартын сақтау.
Төртінші– қарым-қатынастағы айырмашылықты түсіндіру.
Бесінші – қолдау тобын құру.
Алтыншы– топқа арналған тренингтер өткізу.
Жетінші– жәбірленушінің өзін-өзі бағалауын арттыру.
Сегізінші – баланы өзін-өзі қорғауға бағыттау.
Тоғызыншы – агрессор балалардың ата-аналарын тарту.
Оныншы – мүмкіндігі шектеулі балаға көмекші табу.
Мамандардан көмек сұраңыз. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді.
Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың маңыздылығы. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзі қол салады.
Жағдаяттар шешу (оқушыларға жағдаяттар жазылған қағаздар таратылады)
Қорытынды «Біз буллинге қарсымыз» жаттығуы орындалады ( оқушылар топпен ортаға шығады)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Буллинг және Кибербуллингтің алдын алу

шағым қалдыра аласыз