Буллинг. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық себептерінің алдын алу.

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Буллинг. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық себептерінің алдын алу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллинг туралы ақпараттар. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, білімдерін арттыру. Оқушылар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Анықтамамен бірге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Буллинг. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық себептерінің алдын алу.

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Қоғамда «Буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар:

  • сөзбен қорқыту

  • күшпен қорқыту

  • реляцион түрі

  • кибернетикалық буллинг.

Күш көрсету

Буллингтің күш көрсету арқылы іске асатын түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу және т.б. Әдетте буллинг бірден күш көрсетуден басталмайды. Дегенмен ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету – өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.

Сөз арқылы

Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.

Реляцион

Реляцион буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ, реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Реляцион буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.

Кибербуллинг

Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі кездеседі. Мамандар да кибербуллингтің, әсіресе пандемия кезінде, өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг – интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалады.

Баланың қандай да бір қысымға ұшырағандағы белгілердің тізімі:

  • Мектепке барудан қорқады, мектеп көлігін пайдаланудан бас тартады;

  • оқу үлгерімі төмендейді;

  • алаңдаушылықты сезінеді немесе өз-өзіне күмән келтіреді, ашуланшақ болады;

  • сөйлесуден аулақ болады, басқа балаларға деген агрессияны көсетеді;

  • қорқытады немесе өзің-өзі өлтіруге тырысады, үйден қашады;

  • түнде жылайды немесе таңертең өзін жақсы сезінбейді;

  • заттар бүлінеді, денеде түсініксіз жарақаттар пайда болады;

  • ақшаны «жоғалтады» немесе ұрлайды немесе әдеттегіден көбірек сұрайды;

  • интернетті немесе ұялы телефонды пайдаланудан қорқады, гаджеттерді жасырады;

  • жоғарыда айтылған жайттардың кез келген үшін сылтау ойлап табады.

Буллинг пе, әлде жәй ғана әзіл ме?

Егер сені біреу мазақ қылған жағдайда немесе достарыңмен жанжалдасып қалғанда, саған бәрі де жаман көрініп, барлық адамдар саған қарсы деген ой туындайды. Тіпті «бұл жәй ғана әзіл-қалжың ғой» деп айтқан жағдайда да, сен өзіңді әлі де ыңғайсыз сезінуің мүмкін. Бірақ, бұның барлығы өткінші екенін ұмытпа.

Бала буллинг құрбаны болған жағдайда не істеу керек? 

Егер ата-ана баласы буллинг құрбаны болғанын байқаса, онымен отырып сөйлесу керек. Балалар көп жағдайда ол тақырыпты қозғаудан қашады. Сондықтан жағдайдың мән-жайын анықтау үшін талпыныс жасау керек. Әрине, ата-аналар мәселеге араласуы керек. Яғни, сіздің балаңызды ренжіткен баламен емес, ең алдымен оның ата-анасымен сөйлесу керек. Жағдай дөрекілікке ұласып кетпеуі үшін әңгімелесу стратегиясын құрып, нақты деректер мен дәлелдер келтіру керек. Құқықтық жағынан да мәселені шешу керек. Ол үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында қажет болатын (скрин, аудио, видео файлдар) заттарды баланы ренжіткен адаммен, болмаса оның ата-анасын жауапқа тарту үшін сақтап алу қажет.

Қорытынды:
«Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.



Анықтама

Күні:.

Тақырыбы: Буллинг. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық себептерінің алдын алу.

Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, білімдерін арттыру. Оқушылар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу.

Контигент: 9 сынып оқушылары

Құрал-жабдықтар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, додекаэдр, бес саусақ.
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу жаттығуы
. Жаттығуда оқушылар бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында және оқушылардың адамгершілік қасиетін дамыту мақсатында қолданылды.

Сыныпқа сұрақ: «Буллинг дегенді қалай түсінесіздер?»
2. Шағын-дәріс: Буллинг анықтамасы, булингпен жанжалдын айырмашылығы, буллингтен корғану.

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

3.Қорытынды:
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2023
400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі