400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Буллингке жол жоқ арт терапиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтің алдын алуға байланысты арт терапиялық жаттығулар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Буллингке жол жоқ!” арт-терапия әдісі


Мақсаты: Буллингтің (кемсіту, қорлау, мазақтау) не екенін түсіндіру. Оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамыту. Бір-біріне деген сенімділік пен құрметті нығайту. Өзін-өзі қорғау мен басқаларға қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.


Қажетті құралдар:

• А3 қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, маркерлер.

• Стикерлер, желім, қайшы.

1. Кіріспе: “Жылы шеңбер”

Мақсаты: Балаларды тренингке психологиялық тұрғыда дайындау.


Жаттығу: “Жақсы сөз – жанға қуат”

• Әр оқушы қасындағы досына бір жылы сөз немесе комплимент айтады.

• Психолог буллингтің қарама-қарсы ұғымы — мейірімділік екенін атап өтеді.


2. “Буллинг деген не?”

Мақсаты: Буллингтің мәнін түсіндіру және оның түрлерін ажырату.

Талқылау:

• Буллингтің түрлері:

1. Физикалық: ұру, итеру, заттарын тартып алу.

2. Вербалды: мазақтау, қорлау, балағаттау.

3. Кибербуллинг: әлеуметтік желіде қорлау, өсек тарату.

Сұрақтар:

• Өмірде буллингке куә болдыңдар ма?

• Өздерің немесе таныстарың буллингке тап болды ма?

3. Арт-терапия бөлімі

Жаттығу : “Буллингтің бет-бейнесі”

Мақсаты: Буллингтің қандай сезімдер тудыратынын бейнелеу.

• Оқушыларға “Буллинг – бұл…” деген сөйлемді аяқтай отырып, сурет салу ұсынылады.

• Әркім өз суретінен қандай сезімдер байқалатынын түсіндіреді.

• Мұғалім немесе психолог суреттерден буллингтің әсерін талқылайды.


Жаттығу : “Жағымды әлемді бірге жасайық”

Мақсаты:Оқушыларға қауіпсіз, мейірімді орта қалыптастырудың жолдарын көрсету.

•Оқушылар үлкен ватманға “Буллингсіз мектеп” тақырыбында ортақ сурет салады.

•Әркім мейірімділік, достық пен қолдауды бейнелейтін элементтер қосады (мысалы, жүректер, күлімсіреген балалар, достасу сәттері).


Қорытынды:

• Қатысушылар өз жұмыстарын таныстырады.

• “Біз қандай мектепті қалаймыз?” деген сұраққа жауап береді.


4. Жағдайдан шығу жолдары

Жаттығу: “Егер сен буллингке тап болсаң”

• Оқушыларға түрлі жағдаяттар ұсынылады, олар шешу жолдарын табады:

1. Сыныпта бір оқушыны үнемі келеке етеді. Сен не істер едің?

2. Әлеуметтік желіде саған немесе досыңа қарсы жаман пікірлер жазылды. Не істейсің?

3. Егер сені мазақтаса, бірақ сен қарсылық білдіре алмасаң, қалай әрекет етесің?


Буллингке қарсы әрекет ету жолдары:

• Қарсы сөз айту, өзін қорғау.

• Сенімді дос, мұғалім немесе ата-анаға айту.

• Жағымсыз ортадан кету.


Қорытынды:

Психолог: “Буллингке жол жоқ!” деген ұстаныммен бірге, бір-бірімізге мейірімді болайық.” Оқушылар өз эмоцияларымен бөліссеңіздер.


Бұл арт-терапия оқушыларға буллингтің зиянын түсінуге және оған қарсы әрекет етуге көмектеседі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
04.11.2025
118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі