Буллингтан қорған

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буллингтан қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтен қорғану және қауәпсәздәк ережелері туралы ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: «КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ БЕЛГІЛЕРІ. ҚАЛАЙ ЕРТЕ ТАНУҒА ЖӘНЕ ӨЗІҢІЗДІ ҚОРҒАУҒА КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыру және осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Негізгі міндеттер:

өз көзқарасын білдіру және оны дәлелдеу қабілетін дамыту;

    • адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықтарға тәрбиелеу;

    • оқушыларда өзара құрмет пен өзін-өзі бағалауды тәрбиелеу;

Материалдар мен ресурстар:

проектор, проекциялық экран, дербес компьютер.

Сабақ барысы.

  1. Кіріспе (2 минутқа дейін):

Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы және Интернет желісінің кең таралуы адамдарға өзін-өзі дамыту мен қарым-қатынас үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда желіні пайдаланушылар саны ондаған миллион адамды құрайды, олардың әсерлі бөлігі балалар мен жасөспірімдер. Бірақ Интернет тек мүмкіндіктер көзі ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі бола алады.

2.Негізгі бөлім.

Кибербуллинг - бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту.

Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу үшін қосымшаларда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін.

Бұл қайталанатын эпизодтар, олардың мақсаты - аңдып жүргендерді қорқыту.

Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалардың денсаулығына, мектеп үлгеріміне кері әсерін тигізеді.

3.Қорытынды.

Пайдалы сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo

cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=10






Педагогтің Т.А.Ә.

Динжанова А.Н

Күні:

17.10.2025ж

Сынып: 6-8 «а»

Қатысушылар саны: 8

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Булингтен қорған

Форматы:

  • Интеллектуалды ойын түріндегі тәрбие сағаты

Мақсаттары

Мақсаты:

  • Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру;

  • Оның түрлері мен салдары туралы білім беру;

  • Бір-біріне деген құрмет пен мейірімділікке тәрбиелеу.















Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Кіріспе бөлім (5мин)






























Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. «Миға шабуыл».

Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар! Бүгін біз өте маңызды тақырыпқа арналған тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Бұл — қоғамда жиі кездесетін, бірақ көп жағдайда елеусіз қалатын мәселе — буллинг. Бұл сабақта біз буллинг туралы біліп, өз ойларымызды ортаға саламыз, ал одан кейін ойын түрінде тапсырмалар орындаймыз.

видео көрсету:

  • Буллинг туралы қысқа бейнеролик.

 https://youtu.be/RCA_wFW-mSo

Мұғалім:

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Психолог буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтады. Маманның сөзінше, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады

II. «Сен қалай ойлайсың?» – Ситуациялық талдау (10 минут)

Мұғалім:

Енді сіздерге бірнеше жағдаяттар ұсынылады. Топ болып талқылап, не істер едіңдер, қалай әрекет етер едіңдер — соны айтып беріңдер.

Мысал жағдаяттар:

1. Бір оқушыны сыныптастар сырттай келемеждеп, мазақ қылады. Сен не істер едің?

2. Әлеуметтік желіде бір сыныптасың жайлы жаман пікірлер тарап жатыр. Сен қандай әрекет жасайсың?

III. Интеллектуалды викторина «Буллингке жол жоқ!» (15 минут)

Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап – 1 балл.

? Жалпы білімдік сұрақтар:

1. Буллинг дегеніміз не?

2. Буллингтің қандай түрлерін білесің? (кемінде 3 түрін ата)

3. Кибербуллинг дегеніміз не?

4. Буллинг пен жай әзілді қалай ажыратуға болады?

5. Буллингтің қандай салдары болуы мүмкін?

6. Буллингке көбінесе кімдер ұшырайды?

7. Буллингке ұшыраған адамға қандай көмек көрсетуге болады?

8. Мектепте буллинг болған жағдайда кімге жүгінуге болады?

9. Буллинг заңмен тыйым салынған ба?

10. Қазақстанда балалардың құқығын қорғайтын қандай ұйымдарды білесің?


IV. Рөлдік ойын: «Шешім табайық» (10 минут)

Әр топқа жағдаят беріледі. Сол бойынша қысқа сахналық көрініс көрсету.

Мысал жағдаяттар:

1. Бір оқушының дене сабағында сүрініп кеткен суретін Watsapp тобына жіберіп «Мынаны қараңдаршы» деп күледі.иә жақсы кадр екен мынаны « Ең сәтсіз сәт» деп бәріміз жазайық. Бірақ басқа оқушы тоқтатып: Бұл күлкілі емес. Егер сенің суретінді таратса, өзіңе қалай болар еді?»

2. Сыныпта балаллар сөйлесіп отыр. Есіктен жаңа оқушы кіреді. Балалар әрекеті.


Мақсат: Оқушылар қиын жағдайдан шығу жолдарын сахнада көрсету арқылы шешу.


V. «Тик-ток» – рефлексия (5 минут)

Мұғалім:

Енді барлығымыз осы сабақтан меңгерген, түсінген, түйген мәселемізді осы кері байланыс арқылы бағалайық!

Қорытынды сөз:

Буллинг — ойын емес. Бұл — біреудің өміріне әсер ететін, кейде ауыр салдарға әкелетін әрекет. Біз мейірімділік пен түсіністік арқылы ғана жақсы орта құра аламыз. Бір-бірімізді құрметтейік, қолдайық!



Сұрақтарға жауап беріп,ат салысады.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді


Оқушылар буллингтен қорғану тәсілдерін видеодан көріп, талқылайды.

Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;

Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;

Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмау керекпіз.



Оқушылар буллинг туралы берілген жағдаяттардан шығуға тырысады.






«Буллингке жол жоқ!» 2 бөлімі бойынша оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Оқушы жауабы бағаланады

  2. Вербальды, физикалық, кибербуллинг, әлеуметтік, психологиялық.

  3. Бұл адамды интернет, ұялы телефон немес әлеуметтік желілер арқылы қорлау, мазақтау, қорқыту немесе ұятқа қалдыру.

  4. Буллингте ниет қорлау, мазақ ету, ренжіту немесе өзін жоғары қою. Әзілде- көңілді көтеру, достық қарым – қатынас орнату.

  5. Психологиялық, әлеуметтік, оқу мен жетістікке әсері.

  6. Ұялшақ, тұйық балалар, өзгешелігі барлар, жаңа ортаға келген балалар, үйде қолдау аз алатын балалар, өте мейірімді сенгіш немес момын балалар.

  7. Тыңдау және қолдау, сенімді ересек адамға айту, кибербуллинг болса дәлел жинау, жалғыз қалдырмау, психологиялық көмек.

  8. Сынып жетекшіге немесе мұғалімге, мектеп психологына, мектеп әкімшілігіне, ата- анаға немесе қамқоршыға.

  9. Заң бойынша тәртіп бұзу емес адам құқығын бұзу 2023 жылдан бастап бекітілді. Ьілім туралы заң бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық кодексте.

  10. Балалар құқықтарын қорғау комитеті, ҚР балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, БҰҰ Балалар қоры.



  1. «Онлайн да, офлайн да- бір- бірімізге құрметпен қарайық!»

  2. «Буллинге жол жоқ! Бірлік пен достық- біздің күніміз жарқын етеді!»



Сабақ аяқталған соң, оқушылар «тик ток» әдісіне өз ойларын айтып,пікір алмасады.




Видео

 https://youtu.be/RCA_wFW-mSo















Слайд





















111- Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны

150- «Ана мен бала» сенім желісі.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2025
92
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі