Материалдар / Буллингтен қорған

Буллингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2024
201
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:

Буллингтен қорған

Күні

18.09.2024

Класс жетекші:

Еленова Д.А.

Класс: 11 «Ә» сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

3-САБАҚ:

11- сыныптар:«Қауіпсіз қаржылық оперцияларды жүргізу ережелері. Қаржылық пирамидалардың қауіп»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

Қауіпсіздік мақсаты

қаржылық пирамида белгісін анықтай отыра, қаржылық пирамида қаупінің алдын алу. Қауіпсіз қаржылық операцияларды жүзеге асырудың қағидаларымен таныстыру

Қауіпсіздік міндеті

1) қаржылық пирамиданың анықтамасына тоқталу;

2) қаржылық пирамиданың белгілерімен таныстыру;

3) қаржылық пирамиданың түрлерін ажырата білу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)

Сабақтың барысы

Бекітемін:

Мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

________Дукенова Г.Б.

«____»___ 2024-2025 оқу жылы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

3. Оқушыларды топқа бөлу





Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.






Компьютер

















Сабақ басы (13 мин)












Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшедежұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.

Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.

Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.

Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.

Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз.


Презентация


Ортасы (20 мин)


Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».


Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).


«Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)


Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.


Презентация

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

1. Кіріспе 2 мин Қаржы – бұл әртүрлі қаржылық экономикалық саладағы есептеу бірлігі. Экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар тауар айналымын ұлғайту, қызмет көрсету саласын кеңейту, жаңа өнімдерді игеру, өндіріске заманауи технологияларды енгізу үшін коммерциялық негізде қаражат тартумен айналысады. Қаржылық пирамида дегеніміз (кейде оны инвестициялық пирамида деп те атайды) – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдісі. Яғни, пирамиданың бірінші қатысушыларына табыс, кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды.

2. Негізгі бөлім(6 мин) Табыс деңгейін арттыруға деген ұмтылысты зиянкестер адамдарды алдау үшін жиі пайдаланады. Қаржы пирамидаларының қызметі туралы жаңалықтарда үнемі хабарланғанымен, қазақстандықтар әлі де алданып қалып жатыр. Сондықтан алаяқтық ұйымдарды ресми және тіркелген қаржы компанияларынан ажырата білу маңызды. Қаржы пирамидасы (сонымен қатар инвестициялық пирамида, схемасы – жаңа қатысушылардың қаражатын үнемі тарту арқылы құрылым мүшелеріне кірісті қамтамасыз ету жүйесі. Пирамиданың бірінші қатысушыларына кіріс кейінгі қаражаттың есебінен төленеді. Әдетте қаржы пирамидасының негізін қалаушылар инвесторларға ұзақ уақыт бойы сақталмайтын жоғары кірісті уәде етеді. Бұл ретте пирамиданың барлық қатысушылар алдындағы міндеттемелерін өтеу көрінеу мүмкін емес. Қаржы пирамидасының белгілері туралы әңгіме. Қаржы пирамидасы – бұл құрылтайшылар жаңа салымшылардың ақшасы арқылы салымшылар алдындағы міндеттемелерді жабатын алаяқтық схемалардың бір түрі. Қаржы пирамидалары ұйымдастыру принципімен немесе құрылымымен ерекшеленеді.

https://youtu.be/FKicYDjYTW4?si=ZA-S-auI5fEgrTM-

2 мин

Соңы






Қорытынды Сабақты қорытындылау Карточкалар 1. Жеке ақпаратты қалай дұрыс басқаруға болады? 2. Оны кімге және қандай көлемде беруге болады? Жадынама. Жас шектеулерін сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша кеңестер.

«Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.


.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ